-->

Қоғам

Қауіпсіз сапар кепілі

Ертең – көлік қызметкерлері күні. Сәулеті мен дәулеті өркендей түскен елордамызда көлік саласының алар орны айрықша. Бүгінгі таңда Астанада көлік кешенін дамытуда бірқатар іргелі жобалар жүзеге асырылуда. Жақында «Алай – Astra» және «КеңМарт – Astra» деп аталған қала іргесінде тұратын жолаушыларға қызмет көрсететін екі автобекет ашылды. Бұл бір жағынан үлкен көшелер желісіне түсетін жүктемені және «Астана» темір жол вокзалы мен «Сапаржай» автобекеті маңындағы кептелісті азайтады. Биыл қоғамдық көлік жүретін «Bus Lane» жолағының 12 учаскесі қосылды. Қаладағы оның жалпы саны – 24, ал ұзындығы 79 км құрайды. Жаңартылған қоғамдық көліктердің қатары ... Толығырақ оқу →

БАЛДЫРҒАНДАР ҚАЙ ТІЛДЕ БЫЛДЫРЛАЙДЫ?

Алыстан мысал іздемеймін. Кішкентай төрт жасар қызым бар. Қаладағы мемлекеттік қазақ балабақшасына барады. Әуелде тілі былдырлап қазақша шықты. Тәп-тәуір сөйлейтін. Қалай балабақшаға бердік, орысша былдырлайтын болды. Қазақы отбасымыз. Балабақшадағы тәрбиешісі де қазақы кісі. Ауылдан келген. Тәрбиелі жан. Өзі жас, алғыр, ізденімпаз. Ата-ана ретінде көңіліміз толады. Мақтаныш тұтамыз. Содан сұраймын ғой… – Балабақшада балғындар бір-бірімен өзге тілде сөйлеседі ме деп? Ол айтады: «Иә, аға, осы балапандардың орысша шүлдірлегендерінен шаршадым. Балғындардың дені солай сөйлейді. Мен қазақша өлеңдер үйретемін, ән айтқызамын. Соны үйге барғанда ешкім қадағаламайды. Өйткені жас ата-ана баласын қазақша балабақшаға бергенмен, ... Толығырақ оқу →

ЕСТІМЕЙТІН АДАМДЫ ЕБІ ЖОҚ ДЕП ОЙЛАМА

Астанадағы қазақ саңыраулар қоғамына бас сұққанымызда, ондағылар бізге аңтарыла қарады. «Жазуға келгенімізді» айттық. «Қыркүйек әлі келген жоқ қой» деді. «Саңыраулар күні» ғана керекпіз бе деп ойласақ» дегендей сыңай танытты. Қоңырқай тіршілігімен күн кешіп жатқан қарапайым жандардың жанарында «Былайғы күнде бізді де іздейтін жан баласы бар екен ау» деген жазу тұрды… …Иә, біз оларды соңғы рет қашан, қай кезде іздеп барып едік? Даланың дүбірін, тіршілік иесінің күбірін ести алмаса да, мүлгіген тыныштықты жүрекпен сезіне білетін мұндай жандарды қоғам қажет етіп отыр ма? Қайда барса да, қаптаған мәселеге тап болып жүретін олар ... Толығырақ оқу →

ҚЫТАЙ ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ЖАҢАША КҮРЕСЕДІ?

Әлбетте, Қытай үшін жемқорларды анықтап, оларды аяусыз жазалау дәл бүгінгі күннің жаңалығы емес. Ерте кездері ұрлық үстінде ұсталған адамның қолын кесу жазасы кеңінен қолданылған бұл елде соңғы ғасырда жемқорлық пен парақорлықтың жолын түп-тамырымен кесу мақсатында жасалатын шара барынша шегіне жетті. Мұнда 2000 жылдан бері ғана жемқорлық сипатындағы қылмыстары әшкереленген 10 мыңға жуық шенеунік атылды, тағы 120 мың шамалас лауазым иесі 10-20 жыл аралығында бас бостандығынан айрылу жазасына кесілді. Қазіргі заманғы Қытай өзгелердің техника саласындағы жетістіктерін сол қалпында айнытпай жасап шығара беретін алып көшіргіш машинаға ұқсайды. Бірақ қытайлықтарға енді әлемге қағазды, ... Толығырақ оқу →

САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА ТӨЛЕМДЕР ТҮСЕ БАСТАДЫ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз не? МӘМС жүйесіне қалай қатысуға болады? Жаңа жүйенің басты қағидаттары қандай? Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары бойынша кеңейтілген жиналыс өтті. Халыққа арналған міндетті медициналық сақтандыру туралы әрбір адам білуге тиіс сауалдарды ортаға салған жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, аудан әкімдері, қалалық ведомство басшылары, медициналық мекемелер мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты. – Қазақстанда 1 шілдеден бастап ресми түрде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Алғаш болып әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер мен жеке ... Толығырақ оқу →

«ЕЛАРНА» ЕЛДІҢ АРНАСЫ БОЛА МА?

Осыдан төрт ай бұрын отандық киноға арналған «Еларна» атты тұңғыш телеарна ашылды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Әбдіраштың пікірінше, бұл арна басымдықты қазақ тіліне беру керек. Осы ойын кинорежиссер «Еуразия» XIII халықаралық кинофес­тивалі аясында өткен аталмыш телеарнаның тұсаукесерінде жеткізді. «Еларна» – қазақтың сөзі. Бұл елдің арнасы деген мағы­наны білдіреді. Сондықтан арна басшылығы қазақ тілі­нің мәртебесі мен абыройын көтеруге еңбектенуі тиіс. Бұл жал­пы қазақтың ісі болғаннан кейін телеарналар да бұ­дан тыс қалмауы керек. Мә­се­лен, «Балапан» телеарна­сы 100 пайыз қазақ тілінде тара­лып жатқанына өзімнің көңілім толады. Бірақ әзірге орыс тілін басқа елдермен қарым-қатынас ... Толығырақ оқу →

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖОСПАРЫНЫҢ ЖАЙ-ЖАПСАРЫ

Кеше Астана қалалық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Онда елордалық Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алулар басқармасы өткізген конкурстардың ақпараттық айқындылығын қамтамасыз ету мәселесі ортаға салынды. Бұл мәселе жөнінде аталмыш басқарма басшысының орынбасары Данияр Якупов баяндама жасады. Оның айтуынша, жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес Астананың коммуналдық меншік қорына кіретін 20 мекеме жекешелендіруге жатады. Олардың 12-сі биыл жекешелендірілуі тиіс. Атап айтсақ, «Астана-Тазарту» ЖШС, «Астана-Миллениум KZ» ЖШС және «Акмола-Дирмен» ЖШС саудаға шығарылды. «Көркем – құйма комбинаты» кәсіпорнын тендер арқылы сату ұйғарылды. «Астана» спорттың ... Толығырақ оқу →

ҚАТЕР ҚАЙДАН КЕЛЕДІ?

Жыл басынан бері елорда аумағында орын алған 38 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан 58 адам зардап шегіп, оның ішінде 9 адам көз жұмған. Қала аумағында 387 мәрте от тұтанып, өрт шыққан. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 12 пайызға көбейіп, одан келген материалдық шығын 64 миллион 387 теңгені құрап отыр. Өрт сөндірушілер бір адамды құтқара алмаса да, 408 миллион теңгені құрайтын мүлік-мүкәммалды сақтап қала алды. Тілсіз жау көбіне тұрғын үй секторларынан шығып, 96 жағдайда көлік өртеніпті. Жаздың құрғақ әрі ыстық болуы да өрт сөндірушілерге қолайсыздық туғызып отыр. Осы кезеңге дейін ... Толығырақ оқу →

КӨНЕ ТАРАЗДАН ЖЕТКЕН КЕРУЕН

Арқа төсіндегі ажарлы Астананың әр күні мерекеге айналды. Кеше осындай думанды күндердің көркін Тараздан келген этнографиялық керуен қыздырды. Жамбыл өңірінің өнер саласында өзіндік өрнегімен танылып жүрген таланттардан құралған топ та Астанаға арнайы сәлемін ала келді. Кезінде Ұлы Жiбек жолын жалғаған талайғы Тараздың орта ғасырлардағы тарихын таныстыруды діттеген керуен осыдан екі ай бұрын бас қалаға қарай ат басын бұрған еді. Енді Төле бидей данышпанын, Бауыржандай батырын, Кенендей дүлдүл ақынын, Шерхандай наркес­кен жазушыны, Шонадай шоқ тілді ұлдарын дүниеге әкелген тұғырлы мекеннің талантты өнерпаздары елорданың бес күнін ерекше әсерге бөлеп, ән мен күйден, ... Толығырақ оқу →

ТАРИХ – ТАРАЗЫ

Адам әдетте жақсыдан да, жаманнан да ғибрат алады. Кейде кісінің бұл өмірдегі дәм-тұзы таусылған топырақты өлімі де белгілі бір дәрежеде өзгеге өнеге болып жатады. «Тірілер біздің көзімізді жабады, өлілер біздің көзімізді ашады» деген қанатты сөз де осындайда айтылса керек. Германияны 1982-1998 жылдар аралығында тура 16 жыл басқарған елдің бұрынғы канцлері Гельмут Кольдің жақында 87 жасқа толған кезінде орын алған қазасы да солай жұртқа тағылымды сабақ беріп кететіндей сипаттар санатынан болды. Расында да өмірі өзгеше өрнектелген өршіл тұлғаның өлімінің өзінен алуға болатын өнеге аз емес еді. Біз Гельмут Коль туралы бұдан ... Толығырақ оқу →