-->

Қоғам

Негізгі мақсат – бәсекелестікті дамыту

ERM_8576

Астана экономикалық форумы – Еуразиялық кеңістікте  жыл сайын өтетін үлкен халықаралық жиын. Елордада әр жылы әлемдік экономикалық қоғамдастықтың өкілдері, қазіргі және бұрынғы мемлекет басшылары, Нобель сыйлығының лауреаттары, әлемдегі ғылыми саланың органдары мен бизнесмендері осы айтулы жиында бас қосады. Биылғы 25 мамырда өтетін  ІХ Астана экономикалық форумы аясында бәсекелестік мәселелеріне арналған «Бәсекелестікті ілгерлету: жаңа «ойын ережелері» атты сессия өткізу жоспарланған.  Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес инс­ти­туционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарында монополияға қарсы қызметтің жұмыс тұжырымдамасын өзгерту және ЭЫДҰ (Эконо­ми­калық ынтымақтастық жəне даму ұйымы) стандарттарына сәйкес келтіру көзделгені ... Читать далее »

ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ

Елімізде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi тиімді пайдалануды бақылау жұмысы күшейтіліп, жүйелі жолға түсті. Бұлай деп кеше өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Агрохимиялық қызмет бойынша республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы Ерболат Базылжанов мәлімдеді. Таяуда агрохимиялық қызметтің материалдық-тех­никалық базасы нығайтылады. Қазірдің өзінде аталмыш қызметтің көрсеткіштері көңіл көншітерлік. Мәселен, агрохимиялық зерттеу көлемі 1,5 млн гектардан 3,5 млн гектарға дейін өскен. Соның ішінде егістіктегі көңнің, жеңіл гидролизденетін азоттың, жылжымалы фосфор мен ауыс­палы калийдің көрсеткіштері топырақты агрохимиялық зерттеу нәтижесінде анықталатын көрінеді. Бұл жұмыс суарылмайтын жердегі егістікте жеті жылда бір рет және суармалы жерде ... Читать далее »

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Астана қаласының әкімдігі Республикалық ақпараттық-насихат тобымен бірлесіп «Зайырлы қоғам ішінде діннің рөлі мен орны» атты тақырыбында түсіндіру жұмыстарын өткізді. Бес күнге жоспарланған іс-шара барысында білікті дінтанушылар, ғалымдар, психологтар, теологтар және арнайы мамандандырылған қызметкерлер «Абу-Даби Плаза» құрылыс алаңында, Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігінің пәтер иелері кооперативінде және «Назарбаев университеті» мен Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кездесулер өткізді. Осы мерзімде дін саласының білікті мамандары оқушы студент жастармен, жұмысшылармен, зейнеткерлермен, құқық қорғау және мемлекеттік қызмет органдарының өкілдерімен кездесті. – Шараның мақсаты ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптарын түсіндіру, жаһандану ... Читать далее »

ШЕТІН ТАҚЫРЫП ШЕТ ҚАЛМАСЫН

Астана қаласының Есіл ауданы әкімдігінде Дін істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті. Онда журналистердің діни тақырыптағы материалдарды беруде ойға алар қағидалары талқыланды. Жиын барысында сөз алған Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті мүшесі Смағұл Бақытбек қоғамдық пікір қалыптастыруда төртінші билік өкілдерінің рөлі үлкен екеніне тоқталды. Сондай-ақ, қазіргі қоғамның көңіл қынжылтар мәселелерін айтты. «Мұрны мұржа, аузы ошақ, бұрымы кесілген, кіндігі тесілген қарагөздерімізді шама-шарқымыз келгенше тәрбиеге салайық. Өзімізге өзіміз жанымыз ашымаса, сырттан біреу келіп көсегемізді көгертпейді. Діни ағымдардың жетегінде кетіп жатқан жастарымызға да бауырмалдық ниетпен қол ұшын ... Читать далее »

ТІЛ ТҰТАСТЫҒЫ – ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ

Қалалық Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Жастар театрының сахнасында «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты концерт өтті. Сазды кеш Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылды. Мерекелік шара бағдарламасы азаттықты ұлықтап, ұлтаралық ынтымақты нығайтуға, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге негізделген. Тамара Асар «Бейбіт күн жасасын!» деп ән шырқаса, Ибрагим Ескендір «Аманатты» орындады. Сондай-ақ, белгілі әнші Ардақ Балажанова өнер көрсетіп, күйші Анар Мұздаханова «Тәуелсіздік» атты төл туындысын тарту етті. Сахнада айқын көрініс тапқан тағы бір тақырып – өнердегі шекараның жоқтығы. Қазақ, неміс, корей өнерпаздары бірігіп ән салды. Шахаризат Сейдахмет, Эльдана ... Читать далее »

Қай ел демалысқа қауіпсіз?

avatar_359_99

Енді бір санаулы уақыттан соң жадыраған жаз айлары басталады. Яғни, демалатын, алысқа сапар шегетін уақыт келеді деген сөз. Астананың көпшілік адамдары оған қазірден-ақ қамданып, алдын ала тур-жолдамаларды сатып алуға кірісіп  жатыр. Осылай жедел қамданып жатқан туристерге мына бір ақпаратты оқып алған артық болмас еді. Кеше ғана Біріккен ұлттар ұйымының Қоршаған ортаны зерттеу және қауіпсіздігін анықтау университетінің мамандары 2016 жылы табиғи апаттар орын алуы мүмкін аймақтарды анықтап, жария етті. Биыл ең қауіпті аймақ ретінде Меланезиядағы Вануату Республикасы танылған. Өйткені, мұнда бірер күн бұрын магнитудасы 6,9 балл болатын жер сілкінісі тіркелген екен. ... Читать далее »

ҚАРТТАР – ҚАЗЫНАМЫЗ

«Нұр Отан» партиясының өкілдері «Ардагерлерді ардақтайық» атты сауапты жобаны қолға алды. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қарт адамдарды құрметтеу, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында құрылған бұл жоба аясында партияның Астана қалалық филиалы да тәлімді іс-шаралар ұйымдастыруда. Жақында «Нұр Отан» партиясының Есіл аудандық филиалы Ұлттық ұланның елордалық базасында 800-ден аса адамның басын қосқан ауқымды іс-шара өткізді. Оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы, 5573 әскери бөлімінің жеке құрамы, әскери-патриоттық клубтар, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, Есіл ауданындағы мектептердің жоғары сынып оқушылары және №6 кәсіптік-техникалық колледж бен Инновациялық технология колледжінің студенттері ... Читать далее »

ОЙЫНХАНА ОТЫҢДЫ ӨШІРЕДІ

Ойда жоқта ескі танысыммен кезігіп қалдым. Бұрындары емен-жарқын жүретін Жалғас енді томаға-тұйық қалыпқа түсіпті. Түрі де – уайымнан әбден жүдеген кісінің кейпі. Аз-кем әңгімеден соң, «Журналиссің ғой. Букмекерлік кеңселер туралы жазшы. Қанша адамның өмірін құртты осы бәлекет. Керек мәліметтердің бәрін түгелдей айтып берейін» деп қолқа салды. Сөзіне сенсем, өзі де осы ойыннан оңбай опық жеп, енді ғана ес жиған секілді. «ОЛИМП» ОҢДЫРМАЙДЫ Құмархана ошақтарын Астананың біраз бұрыштарында көзім шалған. Ресми деректерге сүйенсек, мұнда 11 түрлі букмекерлік кеңсенің 152 нүктесі жұмыс істейді екен. Араларындағы атақтысы – «Олимп». Тек елорданың өзінде бұл ... Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР САЙЫСЫ

aKXu-6VEx7Y

Елордада мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада жалғасуда. Астана қаласы Дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұйымдастырған жарыстар Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығы  аясында өткізіліп жатыр. «Жеті қазына» кешенінде өткен бильярд турниріне қатысушар көп болды. Әр басқарманың атынан сынға түскен әуесқой спортшылар алдымен топ-топқа бөлініп ойнады. Ал топтық бәсекеден іріктеліп шыққандар спартакиада жүлдесін сарапқа салды. Жарыс барысында ұйымшылдығы мен шеберлігін дәлелдеген Ішкі саясат басқармасы, Құрылыс басқармасы, Ішкі істер департаменті, Статистика департаменті, Әділет басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті және Тұрғын үй инспекциясы басқармасының спортшылары ширек финалға өтті. Ал шешуші ойындарда жолы болған командалар жүлделі ... Читать далее »

КЕНГУРУДАН НЕ ҮЙРЕНДІК?

low-start-383x306

Жүгірер алдында барлық желаяқтар қолдарымен жер тіреп, тізесіне салмақ сала отырады. Сөйтсек, бұл әдіс адамның аз уақыт ішінде тезірек жылдамдық алып кетуіне әсер етеді екен. Жүгірістегі мұндай қалып ең алғаш рет 1887 жылы АҚШ-та өткен студенттер арасындағы жарыста пайда болыпты. Сайысқа қатысушы Чарльз Шерилдің бір тізесімен жерге қарай еңкейіп отырғанын көрген төреші жанына келіп: – Жігітім, орныңнан тұр! – деп бұйырады. Оның бұл отырысын көрген көрермендер де төрешіге болысып, әлгі студентке айқайлай бастайды. Бірақ ол кездері жүгірушінің стартта қалай тұратыны туралы арнайы ереже болмаған-ды. Шерилдің жаттықтырушысы келіп, төрешіден рұқсат сұраған ... Читать далее »