Воскресенье, 20 Август 2017
-->

Қоғам

Мемлекеттік тілді тегін оқытады

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы қазақ тілін тегін оқуға шақырады. Елорда тұрғындары мен қала қонақтары мемлекеттік тілді  үйренуге арналған тегін сабақ­тарға қатыса алады.  Тыңдаушыларды қабылдау  әлі де жалғасуда. Өтініштер  сәуір айының жиырмасына  дейін қабылданады. Курсқа  8 (7172) 55-67-26, 8 (7172) 55-67-21 және 8747-146-5371 телефон нөмірлері арқылы да жазыла аласыздар. Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы қазақ тілін тегін оқуға шақырады. Елорда тұрғындары мен қала қонақтары мемлекеттік тілді  үйренуге арналған тегін сабақ­тарға қатыса алады.  Тыңдаушыларды қабылдау  әлі де жалғасуда. Өтініштер  сәуір айының жиырмасына  дейін қабылданады. Курсқа  8 (7172) 55-67-26, 8 (7172) 55-67-21 ... Читать далее »

ДОСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Астанада «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне арналған Қазақстан халқы дос­тығының қалалық фестивалі өтеді. Бүгін «Жастар» театр­ында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз!» атты ХVIII қалалық фес­тиваль  шымылдығын ашты. Жыл сайын өтетін дәс­түрлі шараға Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы және қалалық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы қолдау білдірді.  Фестивальдің гала концерті 15 сәуір күні «Жастар» театрында өтетін болады. Читать далее »

СТУДЕНТТЕР ҮЙІ САЛЫНДЫ

Кеше С.Сейфуллин атындағы  Қазақ агротеxникалық университетінің жаңа жатақxанасы пайдалануға берілді.  Студенттер үйінде жастар орталығы, кітапxана, дәрігерлік бөлме, асxана, спорт залы бар. Сондай-ақ, тоғыз қабатты жатақ­ханада шаxмат, тоғызқұмалақ  ойнайтын жер мен кір жуатын бөлме қарастырылған. Студенттерге арнайы салынған үй 592 орынға есептелген.  Салтанатты шараға жиналған қауымды университет ректоры Ақылбек Күрішбаев құттықтады. – Былтыр біз жас мамандарға, магистранттар мен докторанттарға Есіл өзенінің сол жағалауында үш 120 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға берген болатынбыз. Осылайша, барлық оқытушыларды жатақxанамен қамтамасыз  еттік. Бүгін Студенттер үйінің ашы­луына куәгер болып отырмыз. Расымен де, білім мекемесінің студенттері соңғы 40 ... Читать далее »

ҚАЛА ТІРШІЛІГІ ҚАЛЫПТЫ

Қар еріп, күн жылынғалы қала тіршілігіне қатысты барлық мәселелер штаб жиналысында қаралады.  Астана әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен өткен кезекті жиында қаланың экология­лық тазалығына мән берілді. Су басу қаупі сейілді Қала билігі соңғы бір ай бойы су тасқындарына қарсы шараларды барынша күшейтті. Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп кешенді жоспар әзірленді. Ол бойынша 37 учаске анықталып, арнаулы ша­ралар қолға алынды. Тұрғындардың өтініші бойынша қаланың жеке секторларында еріген қар суын сорғыту жұмыстары күнделікті жүргізілуде.«Астана Тазалық» мекемесінің хабарлауынша,  өткен тәулікте елордада 120 тонна қар жиналған. Қаланың үш ауданы бо­йынша су сорғыту жұмыстарына 104 мамандандырылған техника ... Читать далее »

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Білім мен сана серпілісі Елбасының мақалада ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы толғамдары халықтың ел болып заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірге қадам басуға жетелейді. Қазіргі дамып келе жатқан қоғамның өмір сүру қағидасының жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. Елбасымыз бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өткен: Бәсекелік қабілет, прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық  дамуы, Сананың ашықтығы. Сонымен қатар таяу  жылдардағы міндеттерімізге де тоқталған. Біз бұл  мәселелерге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, орындалуын міндетті санап, бір жеңнен қол шығарып білек ... Читать далее »

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

КІРІСПЕ Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. ... Читать далее »

ЛОМБАРД КӨЛЕҢКЕЛІ БИЗНЕС ПЕ?

Кездейсоқ қаржыдан қысылсаңыз, бірден «кімнен қарыз сұрасам екен?» деген ойға келесіз. Қымбатшылық қос бүйірден қысып бара жатқан мына заманда жатың түгіл, етбауыр  жақының да сұраған ақшаңды қолыңа ұстата салуы екіталай. Не істеу керек? Бір-ақ амал бар – алтын, күміс, гауһар сияқты әшекей бұйымдарыңыз болса, ломбардқа өткізіп, уақытша туындаған қиындықтан құтыла аласыз. Астана қаласында бүгінде 140-тан аса ломбард бар екен. Ломбард – көнеден келе жатқан қаржы бизнесі. Көптеген елдерде банктерге балама ретінде жұмысын жандандырып, халықтың көңілінен шығып жүргенін де мойындамасқа болмайды. Мәселен, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Швеция, Жапония сияқты дамыған мемлекеттерде жас ... Читать далее »

Мырзагелді КЕМЕЛ, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі: Ақиқатты тану – өзіңді тану

Елордамызда түрлі салаларда еңбек етіп жүрген, қоғамның аяқ алысын жіті бақылап отыратын өрелі азаматтарымыз көп-ақ. Солардың бірі – Еуразия ұлттық университетінің профессоры, белгілі қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел ағамызбен сұхбаттасқан едік. – Ұлт тәрбиесі теледидарға, интернетке көшкен заман болды ғой. Жақында ғана Мырзатай Жолдасбеков көгілдір экрандағы келеңсіздіктерді сынға алды. Біздіңше, оны сынға алып қана қоймай, сол тығырықтан шығатын жолды да көрсету керек. Әлде бізде ондай адамдар жоқ па? – Кезінде «Нұр Астана» деген әп-әдемі газет болды. Сонда «Телесағыз» деген мақалам шыққан. Мына бестомдық кітаптарымды шәкірттерім шығарды, соның 5-томында бар. Сол мақала ... Читать далее »

ТҰҢҒЫШТЫҢ БИІК ТҰҒЫРЫ

Ертең, яғни 12 сәуір күні – Халықаралық космонавтика және авиация күні. Дәл осы күні адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Гагарин «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарышқа аттанған болатын. Міне, содан бері ғарышқа жүздеген адам ұшып, әртүрлі жаңалық ашты. солардың ішінде Тоқтар Әубә­кір­овтің есімі еліміз үшін ерекше. Себебі оның аты ұлт тарихында қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер ретінде алтын әріптермен жазылып қалады. Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде «Ғарыш – келешектің кемел жолы» атты Тоқтар Әубәкіровпен кездесу кеші өтті. Кездесуге ұстаздар қауымы, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкерді мектеп ұжымы ... Читать далее »

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДЫ ҰЛЫҚТАЙТЫН КЕЗ КЕЛДІ

Бірде елордаға шетелде оқитын досым келді. Алыстан келген меймандарға (жанында бір шетелдік курстасы бар) дастархан жаймақ болып, ұлттық мейрамхана іздеп сабылдым. Таппадым. Еріксізден өзбектің «Узбечкасына» бардық. Шетелдік мейман: «Бұл жерде қазақтың ұлттық тағамы бар ма?» деп сұрап еді, қатты ұялдым. Себебі дастарханға өзбектің палауы, самсасы, шәйін әкелді. Міне, мәселе. Қазақстанның төр қаласында ұлттық дәмхана кем. Бұл – өз ұлттық тағамымызды дұрыс ұлықтай алмағанымыздың дәлелі. АҚШ-қа барғанда жапон мейрамханасынан дәм таттық. Иіліп тұрып қарсы алған ұлты жапон даяшы әуелі «саке» деген ұлттық сусынын құрметпен ұсынды. Сәлден соң дастарханға әртүрлі түске боялған ... Читать далее »