-->

Қоғам

Астана әкімдігінде мемлекеттік қызметке байланысты әдеп кеңесі өтті

kbb_8888

Астана әкімдігінде мемлекеттік қызметке байланысты әдеп кеңесі өтті. Оған елорда әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев қатысты. Жиында мемлекеттік қызмет­кер­лердің этикасы мен осы бағытта қабылданған шешімдердің уақытылы орындалуы және оның жүзеге асырылу барысы сөз болды. Өз кезегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев осы саладағы атқарылған жұмыстар мен түйткілді мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, 2016 жылы елімізде мемлекеттік қызметтің этикасына байланысты 158 отырыс өтіп, онда мыңнан аса сұрақ талқыланған. ... Читать далее »

ЭКСПО – 2017 көрмесіне қаланың дайындығы пысықталды

expo_international-pavilion-2

Астанада өтетін көрме кезінде туристерге қызмет көрсету сапасы қандай болуы тиіс? Көлік-логистика мәселесі мен азық-түлікпен қамтамасыз ету қалай шешімін табады? Келушілер назарына қандай мәдени іс-шаралар ұсынылады? Осы және басқа да қызмет көрсету саласына қатысты түйткілдер елорда әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен өткен жиында талқыланды. Оған кәсіпкерлер, қонақүй және мейрамхана иелері, туристік компаниялар мен банк өкілдері қатысты. Ең алдымен қала әкімі халықаралық деңгейдегі көрмені абыроймен өткізу үшін қызмет көрсету сапасының жоғары болу қажеттігіне баса назар аударды. – Ең басты мәселе – келушілердің саны. Өйткені елімізде өтетін көрмені тама­шалауға 5 миллион адам келеді ... Читать далее »

Сайлау БАЙЗАҚОВ, халықаралық басқару академиясының академигі: ӨЛШЕМІ БАР ЭКОНОМИКА ҒАНА РЕТТЕУГЕ КӨНЕДІ

erm_0853

Саналы ғұмырын ел экономикасын дамыту мен оны терең зерттеуге арнап келе жатқан көрнекті ғалым Сайлау Байзақовтың туған халқы үшін атқарған еңбегі зор. Биыл ардақты азамат сеңгірлі сексенге толады. Сонда да қажырлы қайратынан таймай, ел игілігінің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Таяуда ағамызбен жүз­десіп, өмір жолынан ой тартып, экономикалық тақырыпта әңгіме өрбіткен едік. ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫН ИННОВАЦИЯЛАУДЫ ҮШ ТҮРЛІ БАҒЫТТА ЖҮРГІЗГЕН ДҰРЫС – Өткен жылы тәуелсіз­дік­тің ширек ғасыр тойын атап өттік. Әрине, 25 жыл деген аз мерзім емес, біраз қиыншылықтар да болды. Бүгінгі күнмен сараптап қарағанда ел экономикасы қандай табыстарға қол жеткізді, ... Читать далее »

Астана қалалық мәслихатында балабақша мәселесі талқыланды

whatsapp-image-2017-01-25-at-18-57

Мәслихаттың Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында елорданың мектепке дейінгі білім беру жүйесінің бүгінгі ахуалы мен түйінді мәселелерінің шешу жолдары талқыланды. Кәсіпкерлер 44 балабақша ашты Қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 261 мектепке дейінгі мекемелерде 48 154 бала тәрбиеленуде. Елордадағы осы саладағы түрлі мекемелерді таратып айтсақ, 95 мемлекеттік балабақшада – 27 193 бала, ведомстволық екі мекемеде – 383 бала, жүзден астам жеке иеліктегі балабақшада 14 854 сәби және елуге тарта шағын орталықтарына 5724 бала барып жүр. Балаларды мектепке дейінгі тәрбие ме­­ке­­мелеріне қамту ойдағыдай ... Читать далее »

Ардақты әже Сәкен Жүсіпованың игі істері

9

Сарыарқа аудандық Ардагерлер кеңесіне жиі барып тұрамын. Қашан барсам да, кабинет толы адамдар. Кезекші столында отырған Сәкен Жүсіпова әртүрлі сұрақтарымен келген зейнеткерлердің бұйымтайларын тыңдап, өзі шеше алмаған мәселелер болса, бастыққа немесе оның орынбасарына жіберіп, бәйек болып жатады. Адамдармен сөйлескенде жылы шыраймен, биязы дауысымен түсіндірген оның әрбір сөзі көңіліңе бір жылылық ұялатады. Осы кісі кезінде мұғалім болған шығар деймін ішімнен. Жақынырақ танысқым келді. Бірақ сол жолы жолым түспеді, кезек күтіп отырған адамдар бар болатын. Бірде 9 мамыр – Ұлы Жеңістің мерекесіне орай Астана қалалық әкімдігінің алдында мәдени шара өтті. Майдангерлердің құрметіне ... Читать далее »

Астананың туристік бренді қалыптасты ма?

s49gskmd6u8h7z6a7cdjrnv4bwdd25

ЭКСПО көрмесі өтетін күндер жақындаған сайын, келген қонақтарға ұсынатын базарлықтарымыздан бастап, ұлтымыздың дәстүрі мен салты, мәде­ние­­тімен қауыштырып, ұмытылмас естелік қал­дырғымыз келетіні – заңды нәрсе. Сондықтан да көптеген елдердің экономикасының көш басында туризм саласы тұрады. Ондай елдердің туристік белгісін де алыстан танимыз. Мысалы, АҚШ жалауы ең көп таралған «туристік бренд» деп айтуға болады. Айыр жолақтың үстіне түскен көп жұлдызды көргенде, мұхиттың ар жағындағы мемлекет көз алдыңызға келеді. Бұл – америкалық бренд. Ал дәл жалаудай әсері болмаса да, ақ бас бүркіт те сол елдің символы. Одан бөлек, Азаттық мүсіні, қырқаның бөктеріндегі «Hollywood» ... Читать далее »

Сарыарқа ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша есебі

dsc_0118

Ағымдағы жылдың 30 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында Сарыарқа ауданында 7 есеп беру кездесуі өтеді. Тұрғындардың кездесуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін әкімнің ресми сайтында, сондай-ақ баспа құралдары және әлеуметтік желі­­лерде есеп беру кездесулерінің кестесі жарияланды. Арман Тұрлыбек, Сарыарқа ауданының әкімі Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірі 2016 жылы жарқын іс-шараларға толы болды. Оның бастысы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты өткен мерекелік іс-шаралар легі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында еліміз үлкен табыстарға қол жеткізді. Қысқа уақыт аралығында еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гума­нитарлық салаларында ауқымды жұмыстар атқарылды. Сарыарқа ауданы әкімі ... Читать далее »

Отандық және импорттық өнімдердің сапасы қандай?

44

Отандық және импорттық өнімдердің сапасы қандай? Қалалық емдеу мекемелеріндегі диагностикалық өлшем құралдары талапқа сай ма? Дүкен сөрелеріндегі тауарлардың ішкі-сыртқы сәйкестігі туралы не білеміз? Осы мәселелер жөнінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Сауықбек Қапаевпен тілдескен едік. – Сауықбек Әріпұлы, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті жүргізген был­тырғы тексерудің нәтижелері қандай? – 2016 жылы департамент 103 тексеріс жүргізді. Оның ішінде іріктеу бойынша, жос­пардан тыс, комитет тапсырмасы негізінде және азамат­тардың өтініштері аясында қолға алынды. Нәтижесінде 55 бұзу­шылық анықталды. Жалпы сомасы 484 480 тең­гені құрайтын өнімдердің ... Читать далее »

Астанадағы көлік кешенін жаңғырту инновациялық әдістерді қолдана отырып, іске асырылады

zah_3201

Елорда әлеуетінің артуы тұрғындардың жайлы өмірін қамтамасыз ету бағытындағы өркенді өзгерістерге негізделген. Маңызды меже – қала инфрақұрылымдарын дамыту. Шаһар басшысы Әсет Исекешев қаланың келешектегі келбетін бедерлейтін «20 нақты бастаманы» белгілеп берді. Бұл бағдарлама Астананың 20 жылдығына орайластырылып отыр. Осының ішінде инновациялық әдістерді қолдана отырып, қоғамдық көлік кешенін жаңғырту жағына баса көңіл бөлінген. Көлік кешенін басқарудың жаңа үлгісі Қала тіршілігін жандандыратын «20 нақты бастама» бағдарламасында «Жолың жөнді болса, жүрісің өнеді» дегендей, алдымен жолдардың сапасы мен қолайлығы басшылыққа алынбақ. Аталған бастаманың 14-қадамы «Жол жүру уа­қытын қысқарту және ықшам­дылығын арттыру» деп аталады. Бұл ... Читать далее »

Есіл ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша есебі

dsc_0083

Ермағанбет Бөлекпаев, Есіл ауданының әкімі Халықпен жұмыс жасау Өткен жылы Есіл ауданында 870 адамның қатысуымен халық алдында 5 есеп беру кездесуі өткізілді. Жалпы тұрғындардан 113 ескертулер мен ұсыныстар келіп түсті, оның ішінде жолдарды жөндеу және олардың құрылысы, инженерлік жүйелер, жолау­шыларды тасымалдау, ауданды абаттандыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету және т.б мәселелер. Кездесулердің қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Осы іс-шаралар жоспары аясында 93 сұраққа түсініктеме беріліп, шешімі табылды. Қазіргі таңда қаржы шығындарын талап ететін 20 сұрақ бақылауға алынды. Атап айтқанда, тұрғындардың өтініші бойынша «Газмашаппаратура» зауытының аумағындағы «Строитель» саяжай қоғамында ... Читать далее »