Суббота, 19 Август 2017
-->

Қоғам

«РЕЗЕҢКЕ ПӘТЕР» ИЕЛЕРІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Жақында өткен «ЭКСПО-2017»  халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жөніндегі арнайы кеңесте Елбасының қатаң ескертуінен кейін тиісті органдар Астана қаласындағы «резеңке пәтерлерді» анықтап, нақты шаралар қолдана бастады. Осы мәселені біздің газетіміз үстіміздегі жылғы 25 сәуір күнгі нөмірінде қозғаған болатын. Жүйелі жүргізілген рейдтердің нәтижесінде заңсыздыққа жол берген 200-ден аса пәтер иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіркеусіз жүрген 100000-нан аса азамат есепке алынған еді. Бұл жұмыс одан әрі қарқынды жалғасуда. Өткен аптада Астана қаласының прокуратурасы қала әкімдігімен және құқық қорғау органы қызметкерлерімен бірлесе отырып, тұрғын үйлер мен уақытша баспаналарды аралаған еді. Нәтижесінде 30-дан 2500-ге дейін ... Читать далее »

ЖАҚСЫ СӨЗ ЖАН СЕМІРТЕДІ

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай Астана қалалық №11 емханада «Жүректен жүрекке» атты шара өтті. Аталған емхананың бас дәрігері Жаңалық Сағындықовтың айтуынша, емханада 7 мыңнан астам бала тіркелген. Оның 89-ы мүмкіндігі шектеулі балалар болып саналады. Олардың 57,3 пайызы жүйке жүйесі ауруына шалдыққан. Сондай-ақ, дамудың туабітті кемістігі 12,3 пайыз болса, қант диабеті ауруына 9 пайыз бала душар болған.– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Балалар біздің қоғамның ең әлсіз, әрі қорғаусыз бөлігі, сондықтан олардың құқығын әркезде де қорғалып, сақталуы керек. Біздің жерде дүниеге келген кез келген бала – қазақстандық. Мемлекет ... Читать далее »

ДОСТЫҚ ДӘНЕКЕРІ

Кеше Астанада «Достық – бірлік нышаны» атты жастар арасында этнос­аралық келісімді нығайтуға бағытталған фестиваль өтті. Шараны Астана қаласы  Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қолдауымен қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды. – Қазақстанда қаншама этнос­тар бір шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп отыр. Бұл бір ғанибет емес пе?! Халқымыздың осы бірлігі мен тұрақтылығын сақтауымыз керек. Елбасы қазір алдымызға дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойып отыр. Сол үшін жастар күні-түні дамыл таппауы қажет. Себебі жастарымыз қандай болса, болашағымыз да сондай болатыны айдан анық. Бүгіндері керексіз, жағымсыз әдеттерді тастап, бойымызға қажет ... Читать далее »

Анатолий КО, «Патологоанатомиялық бюро» МҚК директоры: ӨЛІЛЕР МЕКЕНІНЕ ДЕ ЖАЙЛЫЛЫҚ КЕРЕК

«Өзекті жанға бір өлім» екені белгілі. Ертеден келе жатқан дәстүрдің бірі де сол, қайтыс болған адамды ақтық сапарға арулап шығарып салады. Соңғы кездері медицинада кеңінен қолданылатын қаза болған адамның тәнін тексеруге қарсылық танытатындар көп. Орын алған өлімнің себебін анықтау үшін жүргізілетін зерттеу кімге тиімді? Астанада қанша мәйітхана бар және олар немен айналысады? Осы және өзге де сұрақтарға «Патологоанатомия­лық бюро» МҚК директоры Анатолий Ко жауап берген еді.  – Анатолий Яковлевич, өзіңіз білесіз патологоанатомиялық бюро мен сот сараптамасын жиі шатастыратындар көп. Олардың айырмашылығы қандай? – Бұған дейін патологоанатомиялық бюро мен сот сараптамасының ... Читать далее »

Баспалдаққа шыға алмай мүгедек тұр…

Астана қалалық мәслихатының Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымына қолжетімділігі қаралды. Аталмыш мәселе туралы қалалық Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Нұрғожина баяндама жасады. Оның айтуынша, 2012-2016 жылдар аралығында елордада 365 нысанға паспорт берілді. Ал өткен жылы әлеуметтік нысандар және көлік инфрақұрылымы мүмкіндігі шектеулі жандарға 55,9 пайызға қолжетімді болды. Биылғы ақпан айында Астана әкімдігі қалалық прокуратурамен бірігіп, мүгедектерге әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымының қолжетімділігіне қатысты жол картасын әзірледі. Бұған қала басқармалары жауапты болып тағайындалды. Яғни, дене шынықтыру ... Читать далее »

АЙКҮНІМ ҮШІН ӘН САЛДЫ

Ақ қан ауруына шалдыққан астаналық балдырған Айкүнім Сайлау 4 жаста ғана. Қазір ол Түркияның Ыстамбұл қаласында ем қабылдап жатыр. Ем-шара қомақты қаржы – 210 мың долларды қажет етеді. Ал ата-анасының қалтасы көтермейді. Осыған дейін өмірі қыл үстінде тұрған баланың еміне ақша жинау мақсатында «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық жәрмеңкесі, спорттық шаралар ұйымдастырылды. Алайда емге жететін сома жиналмай қалды. Сосын өткен сейсенбі күні «Астана» концерт залында «Айкүнім, сен үшін» қайырымдылық концертін өткізуге тура келді. @HELP_AIKUNYM – Инстаграмдағы парақшасы «Айкүнім 3,5 жасынан бастап ауырды. Бастапқыда қандай ауру екені анықталмады. Биылғы қаңтарда ғана диагноз ... Читать далее »

ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДАР ТАПШЫ

Астана әкімдігі Жастар сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Мәні зор шараға білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, ішкі істер органы және құрылыс фирмалары, қызмет көрсету саласы, ірі компаниялар мен банктер секілді 60-қа жуық жұмыс беруші мекемелер өздерінің 1500-ден астам жұмыс орындарын ұсынды. Таңертең басталған жәрмеңкеге адамдар көптеп келді. Әркім өзі қалаған жұмыс беру­ші­лермен әңгімелесіп жатты. Түйіндемелерін қалдырды. Өткен жолы Қостанайдан жоғары оқу орнын бітіріп келген туысқан қарындасым өз мамандығымен банкке жұ­мысқа орналасу үшін көп жүріп еді. Сөйтсем, бүгінгі күнде банктерге де мамандар жетіспейді екен. Біз оны жұмыс беруші «Нұр Банк» ... Читать далее »

РАХМАНОВТАЙ АҒАЙЛАР АЗАЙЫП БАРАДЫ

Дәл қазір Ләйла Сұлтанқызының қатысуымен «Үйлену той орталығында» «Бақытты әйел» атты мас­тер-кластың өтетіндігі туралы жарнама жақсы жүріп жатыр екен. Осыған дейін де «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты тренингтердің өткенін естіген едім. Сонда қалай? Әйел өзінің бақытын, ата-ана баласын қалай тәрбиелеу керектігін тренингтерге барып білетін болған ба? Қазақ қашаннан бері отбасылық мәселені көппен бірге талдауға көшкен? Статистикаға сенсек, еліміздегі әрбір төртінші отбасы ажырасады екен. Ажырасудың соңы көбіне бала тәрбиесі мен жауапкершілігінің тек әйелдің өзінде қалуымен аяқталады. Бұл нені білдіреді? Осындайда есімізге еріксіз «Қымбатты, Милләтжан, бір үйге бір ер-азамат керек қой» деп мұртын ... Читать далее »

БІРДЕ-БІР ШАҒЫМ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Прокуратура органдарының негізгі жұмысы – қылмыспен күрес,оның алдын алу. Әлем көз тігіп отырған Астанадай ірі мегаполисте бұл асқан жауапкершілікті, қажырлы күш-жігерді, білікті ұйымдастырушылықты қажет ететіні белгілі. Елордада өтетін «Экспо – 2017» мамандандырылған көрмесі қарсаңында біздің тілшіміз қала про-куроры Болат Дембаевпен осы төңіректе келелі әңгіме өрбіткен болатын. – Болат Бекназарұлы, қазір қаланың өмірінде бұрынғы қай кезден де қарбалас, үлкен жұмыстар атқарылуда. Енді осы елдің ерекше ықыласына бөленген шаһардағы құқықтық тәртіптің жағдайы қалай? – Дұрыс айтасыз, біздің алдымызда орасан ауқымды міндеттер тұр. Сондықтан заңдылық пен құқықты қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте, оны ... Читать далее »

КӨШ КӨЛІКТІ БОЛМАЙ ТҰР. КҮНГЕЙДЕН ТЕРІСКЕЙГЕ БАҒЫТ АЛҒАН ЖҰРТТЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Бұл көш қыстауға немесе жайлауға Бет түзеген көш емес. Шет елден атажұртқа ат Басын Бұрған ағайынның да әңгімесі емес. Бұл – кәдімгі оңтүстігімізден солтүстігімізге Бет алуға тиіс ішкі көштің мәселесі. Ресейге қоныс аударып жатқандардың артуына байла- нысты солтүстіктің тұрғындары соңғы жылдары азайып барады. 2050 жылға қарай мұндағы ха- лық саны тағы 1 миллионға қысқаруы мүмкін. Оңтүстікте керісінше. Өсім қарқыны өте күшті. Бұл бағытпен кете берсе, алдағы 20 жылда адам саны бұл өңірде 5 миллионға жетуі мүм- кін. Осы себепті оңтүстік облы- стардың тұрғындарын солтүстік аумақтарға ерікті негізде қоны- стандыруға арналған ... Читать далее »