Суббота, 19 Август 2017
-->

Қоғам

МҰҒАЛІМНІҢ БАЛАСЫ

Әңгімелегелі отырған кейіпкеріміз ­туралы мақала тақырыбын осылай деп алуымның себебі бар. Неге десеңіз, ол кісінің әкесі Қазымбет Дәрімбайұлы ел басына аса ауыр зұлмат әкелген өткен ғасырдың 30-ыншы жылдары, заман тауқыметі ерте есейткен бозбала шағында, Түркістандағы мұғалімдер курсын бітіріп, ел арасында сауатсыздықты жою науқанына араласа бастаған-ды. Сөйтіп қазіргі Асық ата ауылындағы мектептің іргетасын өз қолымен қалаған. Балаларды оқыту алдымен бір-біріне жалғас­тыра салынған үш киіз үйде басталып, оның соңы асарлатып мектеп үйін салуға ұласады. Міне, осы істің ұйым­дастырушысы да, құры­лысшысы да Қазымбет Дәрім­байұлының өзі болатын. Одан кейінгі уақыт соғыс жылдарына тап келіп, ... Читать далее »

РУХЫ МЫҚТЫ ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІ ДЕ БИІК

Әйгілі «Өркениеттер қақтығысы» теориясының авторы Самуэль Хантингтон «Өркениеттер тайталасында кімнің мәдениеті, иммунитеті басым болса, соның мерейі үстем болады» деп сәуегейлік танытады. Аумалы-төкпелі тарих толқынында жер жүзін жайлаған талай мемлекеттер құрдымға кетіп, өткеннің еншісінде қалғанын жақсы білеміз. Бүгінде ел боламын деген қауым әлемдік мәдениетті, адамзаттың озық жетістіктерін игеруге ұлттық сана иммунитетімен жол табады. Арнольд Тойнбише айтсақ, «шақыру» мен оған «жауап беруден» тұратын өркениет өзгерісінде замана көшінен қалмай, уақыт талабының үдесінен шыға білген елдің ғана мерейі үстем болмақ. Ғалымдар соңғы уақытта жаһандану үрдістерінің жаңаша қарқын алуын, ғылым мен білімнің дамуын, лаңкестік, ғаламдық ... Читать далее »

Тобыл-торғай тартуы

Бүгін Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме аясында Қостанай облысының мәдени күндері басталады. Тобыл-Торғай өңірінің мәдениеті 9 тамызға дейін елорда төрінде салтанат құрады. Бұл күндері суретшілер, мүсіншілер, қолөнер шеберлері, әнші, әртістер, өнерпаздар, спортшылар өнер көрсетеді. Өңірдің мәдени бағдарламасына толығырақ тоқталсақ, 5 тамызда кешке «ЭКСПО» қалашығындағы амфитеатрында облыс күндерінің ашылу салтанаты және өңірдің үздік шығармашылық ұжымдарының гала-концерті өтеді. 6 тамызда тустен кейін «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде «Шырқар әнім туған өлкем – Қостанай!» концертінде халық әндерін орындаушылардың және Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармониясы шығармашылық ұжымдарының өнерін, ал «Қолөнершілер» секторында 20 қолөнер шеберінің «Туған жер ... Читать далее »

Күні-түні бір тынбай…

Бала кезімізде алып адам – Степа ағай туралы өлең оқыған едік. Өзенге батып бара жатқан оқушыны құтқаратын, өрт лап ете қалған жағдайда жедел көмекке келетін бас кейіпкер бейнесі біздің жадымызда бойымен ғана емес, осындай ізгі қасиеттерімен жатталып қалды. Бүгінгі төтенше жағдай қызметкерлерін осы Степа ағайға теңеуге болады. Күні-түні тыным таппайтын олардың қызметінің жауапкершілік жүгі ауыр. Себебі, әр қауіпті оқиғаның арғы жағында адам өмірі тұрады. ҮШ СУ АЙДЫНЫНДА ҒАНА ШОМЫЛУҒА БОЛАДЫ Суға шомылу маусымы басталғалы бері қаланың су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында құтқарушылар ауқымды жұмыс ... Читать далее »

Қалтарыстағы қазақ тілі

Кез келген қаланың бет-бейнесiн дәмхана, мейрамхана, шағын мекемелердiң атаулары ашады. Қызылды-жасылды жарнамалық баннерлердiң де бұл тұрғыдан салмақ-бәсi басым. Көп жағдайда қожайын – кәсiп иелерi елдiк құндылықтарды құнттамай жатады. ҚР Тілдер туралы заңының 21-бабында жарнама алдымен мемлекеттік тілде, содан кейін орыс тілінде жазылады деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Ал көшеде ілінген көп жарнамалар қазақ тілінде жазылмайды. Мұны бiз арнайы рейд кезiнде анық байқадық. Жарнама мәтіні ұлт тілімен, ұлттық мәдениетпен байланысты қалыптасатын жағдайда ғана, өзінің негізгі мақсатын атқара алады деуге болады. Мемлекеттік тілді менсінбей тұрған мұндай атаулар қашанғы «жараның бетiн тырнай береді?». ... Читать далее »

Ақмарал апаның арманы

Есікті жүзі қазақы мейі­рімге тұнған апай ашты. Біздің іздеп келген кісіміз осы болды. Есімі – Ақмарал Идаятқызы Қамбарова. Жетпістің жотасына шыққан. Қартайдым деп қарап отырған жоқ. Сергек. Дүниедегі барлық жаңалықтан хабардар. Кеңес дәуірінде «Құрметті теміржолшы» белгісін алған қазақ қыз­дары көп болмады. Санаулы ғана болған. Сол сиректердің бірі. Барлық ғұмырын темір жол саласына арнаған. Ақмарал апамыздың әкесі Көкшетаудың іргесіндегі шағын разъезде жолшы болып еңбек етіпті. Кішкене ғана төрт-бес үй. Онда тек теміржолшылардың отбасылары қоныс тепкен. Қыс болса олар теміржолды қалың қардан аршиды, жаз мезгілінде арам шөптер мен қоқыстан тазалайды. Бала болса ... Читать далее »

Қауіпсіз сапар кепілі

Ертең – көлік қызметкерлері күні. Сәулеті мен дәулеті өркендей түскен елордамызда көлік саласының алар орны айрықша. Бүгінгі таңда Астанада көлік кешенін дамытуда бірқатар іргелі жобалар жүзеге асырылуда. Жақында «Алай – Astra» және «КеңМарт – Astra» деп аталған қала іргесінде тұратын жолаушыларға қызмет көрсететін екі автобекет ашылды. Бұл бір жағынан үлкен көшелер желісіне түсетін жүктемені және «Астана» темір жол вокзалы мен «Сапаржай» автобекеті маңындағы кептелісті азайтады. Биыл қоғамдық көлік жүретін «Bus Lane» жолағының 12 учаскесі қосылды. Қаладағы оның жалпы саны – 24, ал ұзындығы 79 км құрайды. Жаңартылған қоғамдық көліктердің қатары ... Читать далее »

ЕСТІМЕЙТІН АДАМДЫ ЕБІ ЖОҚ ДЕП ОЙЛАМА

Астанадағы қазақ саңыраулар қоғамына бас сұққанымызда, ондағылар бізге аңтарыла қарады. «Жазуға келгенімізді» айттық. «Қыркүйек әлі келген жоқ қой» деді. «Саңыраулар күні» ғана керекпіз бе деп ойласақ» дегендей сыңай танытты. Қоңырқай тіршілігімен күн кешіп жатқан қарапайым жандардың жанарында «Былайғы күнде бізді де іздейтін жан баласы бар екен ау» деген жазу тұрды… …Иә, біз оларды соңғы рет қашан, қай кезде іздеп барып едік? Даланың дүбірін, тіршілік иесінің күбірін ести алмаса да, мүлгіген тыныштықты жүрекпен сезіне білетін мұндай жандарды қоғам қажет етіп отыр ма? Қайда барса да, қаптаған мәселеге тап болып жүретін олар ... Читать далее »

ҚЫТАЙ ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ЖАҢАША КҮРЕСЕДІ?

Әлбетте, Қытай үшін жемқорларды анықтап, оларды аяусыз жазалау дәл бүгінгі күннің жаңалығы емес. Ерте кездері ұрлық үстінде ұсталған адамның қолын кесу жазасы кеңінен қолданылған бұл елде соңғы ғасырда жемқорлық пен парақорлықтың жолын түп-тамырымен кесу мақсатында жасалатын шара барынша шегіне жетті. Мұнда 2000 жылдан бері ғана жемқорлық сипатындағы қылмыстары әшкереленген 10 мыңға жуық шенеунік атылды, тағы 120 мың шамалас лауазым иесі 10-20 жыл аралығында бас бостандығынан айрылу жазасына кесілді. Қазіргі заманғы Қытай өзгелердің техника саласындағы жетістіктерін сол қалпында айнытпай жасап шығара беретін алып көшіргіш машинаға ұқсайды. Бірақ қытайлықтарға енді әлемге қағазды, ... Читать далее »

САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА ТӨЛЕМДЕР ТҮСЕ БАСТАДЫ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз не? МӘМС жүйесіне қалай қатысуға болады? Жаңа жүйенің басты қағидаттары қандай? Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары бойынша кеңейтілген жиналыс өтті. Халыққа арналған міндетті медициналық сақтандыру туралы әрбір адам білуге тиіс сауалдарды ортаға салған жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, аудан әкімдері, қалалық ведомство басшылары, медициналық мекемелер мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты. – Қазақстанда 1 шілдеден бастап ресми түрде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Алғаш болып әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер мен жеке ... Читать далее »