-->

ЭКСПО-2017

Асқар Мамин мен Әсет Исекешев «Абу-Даби» Плаза» көпсалалық кешенінің құрылысымен танысты

c

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Астана әкімі Әсет Исекешев «Абу-Даби Плаза» көпсалалық кешенінің құрылысымен танысты. Нысанды аралау кезінде лауазымды тұлғаларға құрылысшылар орындалып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар, бірнеше нысанның аяқталу мерзімі туралы айтылды. Дәлірек айтқанда, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында он төрт қабатты қонақ үй кешені және сауда орталығы тапсырылмақ. Ал жыл соңына дейін тағы 3 ғимарат пайдалануға беріледі деп күтілуде. Читать далее »

Елорданы 2020 жылға дейін дамытудың басты бағыттары

????????????????????????????????????

Осы аптада Астана әкімі Әсет Исекешев қалалық биліктің былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындысын шығарып, елорданы 2020 жылға дейін дамытудың басты бағыттарына тоқталды. Бас қаланың болашақтағы жоспары Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып әзірленгенін айта кеткен жөн. 2016 жыл мемлекеттік бюджетке 1 трлн 64 млрд теңге көлемінде рекордты түсім түскенімен ерек­шеленді. Бұл өткен жылмен салыс­тырғанда 25%-ға артық. Астана экономикасы қарқынды даму жолына шықты. Бұған тө­мендегі маңызды көрсеткіштер дәлел: тұрғын үй құрылысының көлемі, шағын және орта бизнес субъектілерінің өсу қарқыны жағынан Астана көшбасшы орынды алып отыр. Елордада жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі тіркеліп, қала инвестицияларды ... Читать далее »

Астана әкімі Германия елшісімен кездесті

c-1

Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев Германия Федеративті Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэльмен кездесті. Кездесу барысында елорда басшысы ГФР елшісіне өткен жылдың желтоқсанында Берлин қаласында болған терактіге байланысты көңіл айтты. «Астаналықтар берлиндік достарының қайғысына ортақтасады, біз терроризмнің кез-келген құбылыстарына ымырасыз түрде қарсы тұруды әрқашан қолдаймыз», – деді Әсет Исекешев. Астана әкімі атап көрсеткендей, Қазақстан мен Германияны дәстүрлі достық жылы қатынастар байланыстырады. ГФР республиканың алдынғы қатарлы сауда әріптестерінің қатарына кіреді, ал Берлин Астананың бауырлас қаласы және әріптесі болып табылады. Қазақстан мен Германия елордаларының арасында түрлі салаларда өзара қызығушылыққа негізделген мазмұнды ... Читать далее »

«Аялаған Астана» Балалар байқауына өтінімдер қабылдау басталды

ayaastana

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жыл сайын өтетін «Аялаған Астана-2017» балалар байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Биылғы конкурс «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналады. Өтінімдер 15 ақпанға дейін ayalagan.astana2017@mail.ru электронды пош­тасы арқылы қабылданады. Читать далее »

Визалық режимді оңтайландыру – «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында туристерді тартудың бір тәсілі

«ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында туристерді көптеп тартудың бір тәсілі – визалық режимді оңтайландыру. Бүгінде кейбір елдер үшін елімізде визалық тәртіп қарастырылмаған. Түркі­менстаннан басқа, ТМД азаматтары үшін есігіміз айқара ашық. Сондай-ақ, Моңғолия, Түркия, Аргентина, Сербия азаматтарынан да виза талап етілмейді. Ашығын айту керек, көптеген елдермен виза алудың жеңілдетілген тәртібі бар. Бұл Қазақстан елшілігіне келіп, виза алу үшін жай ғана сауалнама толтырады дегенді білдіреді. Ол үшін рұқсат, шақыру, туристік ваучерлер, қонақ үйлерге тапсырыс беру секілді қосымша құжаттардың қажеті жоқ. Егер виза алудың жеңілдетілген тәртібі орнатылмаған болса, онда визалық қолдау дегенге жүгінуге болады. Кез ... Читать далее »

АСТАНА – БОЛАШАҚТЫҢ ҚУАТЫ

organizatsiya-konkursov-k-ekspo-2017-800x445

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Астана EXPO-2017 – болашақтың қуаты» атты мазмұнды кітап көрмесі ашылды. Айтулы дүние алдағы жазда бас қаламызда дүбірлеп өтетін халықаралық шараға арналды. Көрменің ашылуында белгілі ғалым, қаламгер Тұрсын Жұртбай, филология ғылымдарының докторы, профессор Рахымжан Тұрысбек, ақын Бахытжан Тобаяқов және «EXPO-2017» көрмесінің билет операторының ресми өкілі Виталий Лю сөз алып, еліміздің тарихындағы маңызы зор оқиға туралы парасатты ой өрбітті. Көрме «ЭКСПО тарихы», «Астана ЭКСПО-2017», «Қазақстан», «Болашақтың қуаты» атты төрт бөлімнен құралып, сөрелерге 400-ден аса кітап қойылды. Олардың бәрі де дүниежүзілік шараның шежіресінен сыр шертеді. Шара барысында кітап­хана қызметкері ... Читать далее »

«ЭКСПО-2017» – ЕЛ МЕРЕЙІ

555

Ел мерейін асқақтататын «ЭКСПО-2017» көрмесіне 161 күн қалды. «Болашақ энергиясы» атауымен өтетін халықаралық жиын экологиялық таза, қауіпсіз және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың өзектілігіне мән береді. Үздік тәжірибе алаңдары Бұйырса, еліміздің бас қаласы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналатын күн алыс емес. Бүгінде халықаралық павильондардың құрылысы толығымен аяқталып, көрме қатысушыларына табыстау рәсімі басталды. Коммерциялық павильондар мен Қоғамдық коммуникациялар орталығының да құрылысы пайдалануға берілді. Аталмыш орталықта Бірыңғай қызмет көрсету орталығы, Аккредиттеу орталығы және Медиа-орталық орын теппек. 23 желтоқсан күні екі бірдей орта­лықтың тұсаукесері болды. «Бір терезе» қағидасы ... Читать далее »

ЭКСПО – ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ЖОБА

img_1093

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің Ұйымдастыру кеңсесінде көрмені ұйым­дастыру және өткізу мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің төртінші отырысы өтті. Бас­қосуда биыл өткен жиындар қорытындыланып, алдағы уақытта қарастырылатын 10 негізгі ұсыныс мақұлданды. Қоғамдық кеңес мүшелері мен сарапшылар бас қосқан алқалы жиында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» ак­ционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов сөз сөйлеп, 2016 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. – Бүгін Қоғамдық кеңестің төртінші отырысына жиналып отырмыз. Алғашқы басқосу жылдың басында, 26 қаңтарда болды. Ол кезде шешімін таппаған мәселелер жетерлік еді: құрылысы аяқталмаған нысандар, қатысуға ниет білдіруші елдердің кемдігі және тағы басқа. Содан бері ... Читать далее »

ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ АШЫЛДЫ

05

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуел­сiздiктiң 25 жылдығы» монументін ашты. ЭКСПО-2017 көрмесi аумағында орнатылған монументтің 25 қыры Тәуелсіздіктің 25 жылын, ел тарихындағы 25 маңызды оқи­ғаны білдіреді. Сондай-ақ Президент «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі нысандарды аралап, кеңес өткізді. – Бүгiн, 16 желтоқсан – Тәуелсiздiк күнi. Осыдан 25 жыл бұрын бiз Қазақстанды тәуелсiз ел деп жа­рияладық. Бүгiнгi кездесуіміздің себебі – Астанамызда тағы бiр монумент ашайын деп отырмыз. Астананы Ақмолаға көшiрген кезде ең алдымен қа­ланың ортасы деп ескi қаладағы алаңды игердiк. Одан кейiн сол жағалауда, тақыр жерде жаңа қала салғанымызда «Бәй­терек» орнаттық. Ол әлi күнге дейiн ... Читать далее »

Әсет Исекешев: Мұқият пысықталсын

c

Әр апта сайын Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері жөніндегі штабтың отырыстары өтеді. Бүгінгі күнге дейін елордада аталған маңызды оқиғаға қызу дайындық жүруде.  Отырыс шеңберінде көліктік қамтамасыз ету, жол қозғалысын ұйымдастыру, азық-түлік жеткізу, мәдени-бұқаралық шаралар күнтізбесі сияқты мәселелер талқыланды. Штаб көрме барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударып отыр. Сол себепті әр апта сайын жиынға қаланың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғалар шақырылады. Көрме қонақтарына жайлы жағдай жасау тақырыбы да қозғалды. Оларды елордада орналастыру және қала ішімен жүруіне қатысты бағыттар әзірленді. Сонымен бірге, ... Читать далее »