-->

Елбасы тапсырып еді…

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына жолдауы Құрметті қазақстандықтар!  Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қар­саңында сөз арнап отырмын. Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезе­ңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды. 2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз. Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр. Оған 57 мемлекеттен ... Толығырақ оқу →

Елорданы 2020 жылға дейін дамытудың басты бағыттары

Осы аптада Астана әкімі Әсет Исекешев қалалық биліктің былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындысын шығарып, елорданы 2020 жылға дейін дамытудың басты бағыттарына тоқталды. Бас қаланың болашақтағы жоспары Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып әзірленгенін айта кеткен жөн. 2016 жыл мемлекеттік бюджетке 1 трлн 64 млрд теңге көлемінде рекордты түсім түскенімен ерек­шеленді. Бұл өткен жылмен салыс­тырғанда 25%-ға артық. Астана экономикасы қарқынды даму жолына шықты. Бұған тө­мендегі маңызды көрсеткіштер дәлел: тұрғын үй құрылысының көлемі, шағын және орта бизнес субъектілерінің өсу қарқыны жағынан Астана көшбасшы орынды алып отыр. Елордада жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі тіркеліп, қала инвестицияларды ... Толығырақ оқу →

Сот жүйесі оңтайлана түсті

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасында сот жүйесін оңтайландыру,  істі қарау уақытын жеңілдету, халыққа қолжетімділігін арттыру жөнінде айтылғаны белгілі.  Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы А.Сансызбаеваның айтуынша, бүгінгі таңда сот жүйесінің алдына қойылған бұл міндеттер заңнамалық тұрғыда толығымен орындалған. Атап айтқанда, бағдарламада көзделгендей, биылғы жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының соттарында үш сатылы сот жүйесі жұмыс істей бастады. Жаңа модель халықаралық стандарттарға да сай келеді, бұл өз құрылымы бойынша халыққа әлдеқайда ыңғайлы және сот төрелігінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. ... Толығырақ оқу →

БАС ҚАЛАНЫҢ БАҒДАРЫ

Астана – еліміздің алтын қазығы. Он сегіз жыл ішінде елорданың еншісіне бұйырған атақ-марапат жетіп артылады. Бүгінде бас қала  Қазақстанның жаңа инновациялық  экономикасының іргесін қалап,  өнеркәсіп саласында көш бастап келеді. Бас айналдырар жылдамдықпен өсіп келе жатқан қаланың болашағы – жарқын, алар асуы – алда. Кіріс көбейді, табыс артты Елорданың экономикалық әл-ауқаты жыл сайын еселенуде. 2015 жылы өнеркәсіп көлемі 343 млрд теңгені құрады. Бүгінде Астана өнеркәсібі рес­публика бойынша өндірістің өсу қарқыны деңгейінде 3-орынға тұрақтаған. Өңдеу өнеркәсібінде 282,5 млрд теңгенің өнімін өндірген. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда, 12 млрд теңгеге артқанын білдіреді. Нақты ... Толығырақ оқу →

Елбасы Индустриалды паркте болды

Елбасы 30 маусым күні Астанадағы көлік-логистикалық орталығында, Үй құрылысы комбинатында және «Тұлпар тальго» зауытында болды. Астана көлік-логистикасы – индустриалдық бағдарлама аясында салынған бірегей орталық. Бұл Орталық Азияны былай қойғанда, Кавказ бен Сібір аумағындағы ең ірі көлік-логистикалық хаб болып саналады. Мұнда кедендік тауарлар екі-үш сағат көлемінде рәсімделеді. Бұрын оған үш тәулік уақыт кетеді екен. Сондай-ақ, бұл орталықта халықаралық және республикалық жүк тасымалына қызмет көрсету, тауарлар сақтайтын қойма және басқа қызметтер де көрсетіледі. Бұдан соң Елбасы «GLB» ЖШС-ның үй құрылысы комбинаты жұмысымен танысты. «Шар құрылыс» компаниясы базасында бой көтерген инновациялық кәсіпорын Астананың ... Толығырақ оқу →

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: ЖАСЫЛ АЙМАҚ ОРМАНЫ – ЕЛОРДАНЫҢ ҚОРҒАНЫ

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының жасыл аймағын аралады. Аталмыш шара аясында Президент «Жасыл аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты «Ақ қайың» орман тұқымбағының арборетумы мен ағаш тұқымының плантациясы жұмыстарымен танысты. Жыл сайын осы орманға арнайы соғып, жағдайын бақылауды дәстүрге айналдырған Елбасы бұл жолы да өсімтал мекеннің оң өзгерістерін жоғары бағалады. Жел мен шаңнан мықты қалқан – Біз 1998 жылы елорданы дүние жүзіне жарияладық. Содан бері 18 жыл өтті. Бұл уақытта жеткіншектер кәмелетке толып, азамат атанады. Әйткенмен, әлі де өрімдей жас. Бас шаһарымыз да тура сол секілді. Астана ауыстырылған алғашқы ... Толығырақ оқу →

ӨЗ ӨНДІРІСІМІЗДІ ӨРІСТЕТУ ӨНЕГЕСІ

«Қазақстанда жасалған». Бұл – тауардың жапсырма қағазында жазылған таңба. Біреу білмес, біреу сенбес. Бірақ, отандық өнімнің өңі кіріп, өрісі кеңейе түскен кез келіп жетті. Мәселен, жақында ғана «Аstana Mall» сауда орталығында «Қазақстанда жасалған» көрме-жәрмеңкесi өтті. ҚР Тұңғыш Президентi күнiне орайластырған шарада 50-ге жуық кәсіпорын өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеге келгендер үйге қажетті бұйымдардан бастап, жұмысқа киетін костюм-шалбарға дейін отандық тауарларды сатып алды. Ұйымдастырушы – «NADLoC» Жергiлiктi қамтуды дамытудың ұлттық агенттiгi. Бұл қарқынның қашан және қалай қарыштағанын еске түсірейік. Осы жылдың ақпан айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы «Қазақстанда жасалған» акциясын ұйымдастыруды ұсынған еді. ... Толығырақ оқу →