Среда, 28 Июнь 2017
-->

Денсаулық

ҚАН ТАПСЫРУ – ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛАУ

Қан орталығы – бұл көпшіліктің қан тапсыруға арналған орын деп қана қабылдап, ауызекі тілде атап жүрген атауы. Ал шын мәнінде Астанадағы бұл мекеменің негізгі атауы – Республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы. Аталмыш орталық – бүгінгі таңда еліміз бойын­ша денсаулық сақтау саласындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі. Сонау 1965 жылы бұрынғы Ақмола, кейіннен Целиноград облысы болып өзгертілген өңірдегі қан құю бекеті болып іргетасы қаланған мекеме 2011 жылдан бері трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы болып, республика бойын­ша қан қызметі жұмысын жүйелі түрде үйлестіріп келеді.  Жалпы, Астана мен Алма­тыдағы республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталықтарымен қатар, осы мекемелер қара­мағында ... Читать далее »

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚТАН АРЫЛАДЫ

Астана қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында денсаулық сақтау саласын жаңғыр­ту бойынша бірқатар тапсырмаларды іске асыруға ерекше назар аударды. Денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру, дәрі-дәрмек бағасын реттеу мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша кең көлемді ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу мәселесі дөңгелек үстелде кеңінен айтылды. Статистикаға сенсек, Қазақстан дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші бойынша әлемде алдыңғы орындарда тұр. Дегенмен бірқатар депутаттар Астана қаласында бұл салада әлі де бірқатар маман тапшылығы бар екенін алға тартты. Бұған қаланың күн сайын өсіп отырған демографиялық ахуалы мен жан-жақтан көшіп келушілердің әсері де бар. Мамандықтар ... Читать далее »

МАМАНДЫҚҚА, ҚЫЗМЕТКЕ АДАЛДЫҚ

ЕРЕКШЕ КӘСІБИ МЕРЕКЕ – МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЕРЕКШЕ АЛҒЫС СӨЗДЕРІН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ, БОСАНУШЫЛАРҒА, АУЫР ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БОСАНАТЫН ӘЙЕЛДЕРГЕ, АЗ САЛМАҚПЕН ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕРГЕ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН, БАР ӨМІРІН АУЫР ЖӘНЕ ИГІ ІСКЕ АРНАҒАН ЖАНДАРҒА АРНАЛАДЫ. БҰЛ – ҚАЛАМЫЗДЫҢ ТАРИХЫ МОЛ, ЕСКІ БОСАНДЫРУ МЕКЕМЕСІ №2 ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ.  1998 жылдан бастап іске қосылған №2 перинаталдық орталық бұрын елордамыздың жалғыз перинаталдық орталығы болды. Медициналық техникамен жабдықталуды, медициналық персоналмен толықтырылуды, нәрестелерді күтудің екінші кезеңінің болуын есепке ала отыра, қалалық босандыру мекемелері құрылымында перинаталдық қызмет көрсетудің үшінші деңгейі тағайындалды. №2 перинаталдық ... Читать далее »

ҚАУІПТІ ДЕРТТІҢ ҚАТЕРІ

Мамыр айының үшінші жексенбісі халықаралық ЖИТС құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген болатын. Осыған байланысты Астана қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында басқосу өтті. Бүгінде әлем елдерін ғасыр дерті саналатын ЖИТС дерті алаңдатып отыр. Сондай-ақ соңғы кезде елімізде аталған ауру түрімен ауыратын азаматтардың қатары артып бара жатыр. Мәселен, соңғы 20 жылда Астанада АИТВ инфекциясын жұқтырған 1293 адам анықталған. Ал дәл қазіргі таңда ЖИТС орталығында 321 адам ем-дом алып жатыр. Аталған орталықтың бас дәрігері Сәбит Абраимовтың айтуынша, оның 60 пайызы соңғы бес жылда қауіпті дертке душар болған. – ... Читать далее »

ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

200-ден астам астаналық қан қысымын тегін өлшеу шарасына қатысты. Өткен демалыс күндері «Mega Silk Way» сауда орталығында «Жоғары қан қысымынан қорған» акциясы өтті. Шарада Астана қаласы Салауат­ ты өмір салтын қалыптастыру ор­ талығы, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы, республикалық ин­ сульт проблемалары бойынша үй­ лестіру орталығымен бірігіп, жоғары артериалды қан қысымының пайда болуы және оның салдары қандай болатынын тұрғындарға түсіндірді. Бұл жоғары қан қысымы мен одан туындайтын аурулардың алдын алу, адам баласының өз денсаулығын бақылауға машықтануды үйрету мақсатында ұйымдастырылды. Дәл сол күні қала тұрғындары мен қонақтары тегін тексерістен өтуге мүмкіндік алды. ... Читать далее »

МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы елорда әкімдігінің қолдауымен міндетті медициналық сақтандыру қорының шарттарын түсіндіру бойынша жаппай шара өткізіп жатыр. Аталған орталық елордадағы ірі базарларда болып, 1000-ға жуық азаматтан сауалнама жинаған. Жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы Дидар Садықовтың айтуынша, халықты қор туралы ақпаратпен жаппай құлағдар ету үшін шараға ІІД ЖПҚ учаскелік инспекторлары тартылған. Сондай-ақ ол акцияға мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік жұмыскерлер, ПИК-тер қолдау танытып жатқанын мәлімдеді. – Біздің басты мақсатымыз – қарапайым халыққа міндетті медициналық сақтандыру қорының артықшылықтары туралы толық ақпарат беру. Сонымен қатар жұмыскерлердің әлеуметтік статусын анықтау да біз үшін маңызды ... Читать далее »

ЕГДЕ АДАМДАРҒА ЕРЕКШЕ ҚЫЗМЕТ

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорда тұрғындарымен есептік кездесу өткізу барысында қалалық Денсаулық сақтау басқармасына елордадағы №4 емханада  геронтологиялық орталық ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Кеше осы орталық салтанатты жағдайда ашылды. Салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының майдангерлері, Ауғанстан соғысының ардагерлері, Чернобыль апатын жоюға қатысушылар шақырылды. Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов пен Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов жиналған қауымды Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен құттықтап, емхана ұжымына алғыс­тарын жеткізді. – Астана қаласы бойынша өмір сүру жасы жылдан-жылға ұлғайып келеді. Бұл – әлеуметтік ... Читать далее »

ДЕМІКПЕНІ ДЕР КЕЗІНДЕ ЕМДЕҢІЗ

№1 қалалық ауруханасында Дүниежүзілік бронх демік­песі күніне арналған «Сіз демікпені қадағалай аласыз ба?» деген тақырыпта шеберлік сыныбы өтті. Жиында пульмонолог дәрігерлер елордада аталған ауру түрімен ауыратын науқастарға ақыл-кеңестерін айтты. Бүгінде жер шарындағы халықтың 15 пайызы бронх демік­песімен ауыратыны белгілі болып отыр. Сондай-ақ, Астанада аталған аурудың түрімен ауыратын науқастардың саны өсіп келе жатыр. Пульмонология бөлімінің меңгерушісі Салтанат Қалмұрзаеваның айтуынша, №1 қалалық ауруханасы соңғы 4 жылдан бері осыған байланыс­ты семинар өткізіп келеді. – Негізінен, демікпе ауруы аллергиядан пайда болып жатады. Соңғы кездері аталған аурумен үлкендер ғана емес, сонымен қатар, жастар да ауыра ... Читать далее »

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ АРТАДЫ

Астана қаласы мәслихатының депутаты, №5 қалалық емхананың бас дәрігері Алтыншаш Табулдина №8 қалалық емхана ұжымымен жүздесіп, Елбасының биылғы халқымызға арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылады. Мәслихат депутаты алды­мен дәрігерлерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтап, әріптестеріне ізгі тілегін білдірді. Одан кейін  Мемлекет басшысының Жол­дауындағы негізгі басымдық­тарға тоқталды. – Еліміз 25 жылда көп жетіс­тіктерге қол жеткізді. Енді алдымызда үлкен асу тұр. Ол – Елбасы Жолдауында айтылған 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылу. Біз осы бағытпен ілгері жүре беруіміз қажет. Маңыз­ды құжатта әлеуметтік салаға ... Читать далее »

ЕСІРТКІМЕН ӘЛЕМ БОЛЫП КҮРЕСУ КЕРЕК

Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде «Есірткісіз әлем» атты халықаралық акция ұйымдастыры­луда. Ал Астанада өткен шарада есірткінің зардаптары туралы жастар флешмоб көрсетті. Аталған акцияға Мәжіліс депутаттары мен Орталық Азия үшін БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы және бірқатар мемлекеттердің сыртқы сая­си ведомстволарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, шараға еліміздің өнер және спорт жұлдыздары арнайы шақырылды. Себебі ұйымдас­тырушылар жастар танымал азаматтарға қарап бой түзеп, жаман әдеттен аулақ болады деген сенімде. Ал ШЫҰ бас хатшысы Рашид Алимовтың айтуынша, есірткімен бірнеше мемлекет бірігіп күресу керек. Өйткені ол бір ғана мемлекеттің есірткіні жоюға шамасы жете ... Читать далее »