Четверг, 21 Сентябрь 2017
-->

Кезексөз

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Тәуелсіздігімізді қорғап, оны қастерлеуден асқан мәртебе жоқ. Тату еліміздегі тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету өздеріңізге тікелей байланысты. Сіздер өз борыштарыңызды аса біліктілікпен атқарып келесіздер. Қазақстанның тұрақтылығы мен халқымыздың амандығын сенімді сарбаздар күзетіп тұр. Елге қорған болу үшін қажымас қайрат, жігерлі рух қажет. Осының бәрі де сіздердің бойларыңыздан табылады деп ойлаймын. Қарулы Күштер, құқық қорғау органдары және арнайы қызметтің тиісті бөлімдерінде қызмет ете жүріп, сіздер осынау жоғары атаққа лайықты болдыңыздар. Сіздер патриотизм мен тиісті шеберлік көрсете отырып, өз қызметтеріңіз арқылы Отанға одан әрі адалдық таныта бересіздер деп сенемін. (Кеше ... Читать далее »

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

Наурыз ықылым заманнан, неше ғасырдан бері елдің жадында қалған. Тәуелсіздігімізбен бірге қайта оралған тамаша мереке болып саналады. Бүгінгі күнді біздің бабаларымыз Ұлыстың ұлы күні, алысты жақындатып, жақынмен қауышып, болашаққа ұмтылатын кез деп санаған. Әлем үшін үлкен бір мезгіл болып саналатын 21 жылдың ішінде адам таңғаларлық қыруар дүниелер атқарылды. Бұрын-соңды болмаған қазақ мемлекеті құрылды. Қазақ бүкіл дүниеге танылды, мемлекетіміздің терезесі ұлы елдермен тең болды. Қай жағынан алып қарасақ та, дүниежүзінде Қазақстанға деген құрмет ұлғайды. Экономикамыз өсіп, халықтың әл-ауқаты жақсарды. Біз 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын қабылдадық. Біздің мақсатымыз – әлемнің жетекші 30 елінің қатарына кіру. Біз алдымызға өте батыл мақсаттар қойдық. ... Читать далее »

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

– ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қазірден бастап дайындалу қажет. Мемлекеттік компания құрып, оның басшысын бекіту керек. Биыл біз жобалаудың барлық мәселесін аяқтап, құрылыс жұмыстарын бастауға тиіспіз. ЭКСПО-2017 көрмесін үшінші ин­дус­трия­ландыру революция­сына өту орталығына айналдыру маңызды. Ол баламалы эко­номика, тиісті жоғары техно­логиялық материалдар жасау, жаңартылған энергия көз­дерін құру, мамандар даяр­лау және өзге мәселелерді қамтиды.    Отправить статью как PDF    Читать далее »

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті: – «ЭКСПО» көрмелерінде әлем­нің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік тех­нологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шы­ғуы бекерден-бекер емес. Біріншіден, елор­да­мыз­дың әлемдік деңгейдегі шараны лайық­ты өткізе алатын орталық ретінде қалып­тасқаны баршаға белгілі болды. Екін­шіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мем­лекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі. Үшіншіден, біздің «Бола­шақтың энергиясы» атты өзекті тақы­рыпты ұсынуымыз жеңіске жетуіміз­ге көмектесті. Ең ... Читать далее »

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті: – Осы жылдар ішінде өңірдің экономи­касына мол мемлекеттік инвестиция тар­тылды. Бүгінде ол қарқынды дамуда жә­не еліміз үшін маңызды рөл атқарады. Өңір­дің болашақ дамуының стратегиясын әзірлеп, атқарылған жұмыстарға тал­дау жасайтын уақыт келді. Біз тек қана өнім өндіріп, оны қайта өңдеп және сырт­қы на­рық­қа экспорттап қана қоймай, инфра­құ­ры­лымды одан әрі жаңғырту жө­нінде не іс­теуіміз керек екенін анықтауға тиіс­піз. Білікті мамандарды даярлау және жұ­мыс­қа орна­ластыру – маңызды мәселе. Инфра­құры­лым­дық жоспарда Каспий өңірінде туризм­ді дамыту және экологияны сақтау мәсе­­лесін қарастыру қажет. Біздің өңірде қалыптасқан жағдайды жете қарастыру керек. Өзара ... Читать далее »

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті:

«Біріншіден, кезінде әлем картасында Қазақстан атты мемлекет болмады. Қазір бұндай мемлекет бар. Жаңа мемлекет құрылып, шекара бекемделді. Экономика нарықтық тұғырға тұрғызылды. Сондай-ақ ең басты жетістік – 21 жылдың ішінде мүлдем жаңа ұрпақ өсті. Атап айтқанда, білімді әрі сауатты адамдар тәрбиеленді. Қазақстан индустриялы мемлекет болуын армандаймын. Атап айтқанда, мұнай мен газдан және басқа да кен орындарынан тәуелсіз болуын қалаймын. Мен осының барлығын іске асырып, оның қалай жұмыс істейтінін көргім келеді». (Ресейдің ≪Бірінші арнасындағы≫ ≪Воскресное время≫ бағдарламасына берген сұхбаттан)    Отправить статью как PDF    Читать далее »

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті

«Бір кездерде Азия әлемнің кіндігі болған. Білім мен ғылым, әдебиет барлығы Азиядан тарады. Ал бірінші технологиялық революция басталған кезде өнім бойынша Шығыс Батыс-тан артта қалды. Бірақ та кейінгі 10 жылдықтың ішінде Қытайдың, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Малайзияның, Сингапурдың, Үндістанның өсіп-дамуы арқасында қазіргі дағдарыстан шығуға мүмкіншілік болды. Егер де сондай дамыған экономика болмаса, дүниежүзіне дағдарыстан шығу қиынға түсер еді. Алайда әлі де Азия Батыстың алдына түсіп кетеді деп айтуға болмайды. Себебі, оның алдындағы өскен, өркендеген технология соларда жатыр. Кім біледі, мынадай дағдарыстан кейін тағы да бір аттап, жаңа дәрежеге көтерілетін боламыз, мүмкін ... Читать далее »

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті: Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Болжанған жаһандық дағдарыс қаупі шындыққа айналып келе жатқанын көріп отырсыздар. Сарапшылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкін. Біздің міндетіміз – экономиканы осы сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру болып табылады. Біз 2015 жылға қарай табысы жоғары елдердің қатарына қосылуды көздеп отырған елміз. Бірлігімізді сақтап, осылай еңбек ететін болсақ, ол мақсатқа да жететін боламыз.    Отправить статью как PDF    Читать далее »

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: — Бүгінде жүріп өткен жолымызға қарап отырып, Қазақстанның тәуелсіз дамуындағы 20 жылда АҚШ-пен және басқа елдермен ынтымақтастығымызда әлем қауымдастығының сенімді де құрметті әріптесі бола білгенімізді мақтанышпен айта аламыз. Қазақстан мен Америка әріптестігінің негізгі идеясы жаппай қырып-жою қаруын таратпау және қысқарту. Осындай маңызды саладағы ынтымақтастығымыз осы уақыт ішінде сенім мен нәтижелі өзара ықпалдастықтың ең жоғары деңгейіне дейін көтерілді. Сеулдегі таяуда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі комиссия АҚШ және Ресей президенттерімен бірлесіп, біз Семей полигонындағы негізгі жұмыстардың аяқталғанын жарияладық. Ал, ондаған мемлекет басшыларымен ядролық қауіпсіздіктің жаһандық жүйесін нығайту жөніндегі алдағы іс-шараларды белгіледік.      Отправить статью как PDF    Читать далее »

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:— Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынас тары бұл – посткеңестік кеңістіктегі үлгі. Нәтижесі де бар – Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік. Елдеріміз арасында екіжақты ықпалдастықтың шешілмеген сұрақтары жоқ. Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті: — Нұ рсұлтан Әбішұлы, сіз посткеңестік кеңістікте интеграциялық үрдістерді тереңдету жөнінде бастама көтергендердің бірі болып табыласыз. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың, Кеден одағының және болашақтағы Еуразиялық одақтың авторларының бірісіз деп сенемін. Іс жүзінде авторлық сізге тиесілі.        Отправить статью как PDF    Читать далее »