-->

Кезексөз

БІЗГЕ ДЕ БІРЕГЕЙ БРЕНДТЕР КЕРЕК

кумба1

«Forbes» журналы әлемдегі ең бай әрі танымал брендтердің тізімін жариялады. Көш басында Apple тұр. Бұл брендтің құны 104,3 миллиард АҚШ долларын құрапты. Ал екінші орында – Microsoft бренды. Оның құны 56,7 миллиард АҚШ долларына жеткен. Төрт жыл қатарынан өз рейтингін тұрақты сақтап келе жатқан брендтің жылдық табысы 4 пайызға өсіп отырған. Содан кейінгі орынды Кока-кола иеленген. Айтайын дегенім бұл емес. Өзгелердің бренды оза шауып, рейтингтің алдын бермей тұрғанда, өзімізде мұндай брендтер неге жоқ деген ой туындайды екен. Біз кімнен кембіз? Мейлі, «Apple» компаниясындай атымыз асқақтап кетпесе де қолымызда барды ұқсатып, ... Читать далее »

СОҒЫМНЫҢ СЫБАҒАСЫНА ҮЛГЕРСЕ БОЛДЫ ҒОЙ…

Жылда мереке қарсаңында көптеген студент достарымыз үйлеріне қайтуға билет іздеп әлекке түседі. Жыл сайын қайталанатын көрініс қой деп көбісінің төзімі бұған төселіп те кеткен. Жаңа жылды пойызда, автобуста, ұшақта тіпті болмаса, вокзалдың өзінде-ақ қарсы алатын тұрғындарымыздың легі қаншама. Эльдар Рязановтың киносында ғана емес, күнделікті күйбең тіршіліктің буымен көп жағдайда он екіні амалсыз жол үстінде қарсы алуға тура келеді. Бірі жолсапарға келіп кешігіп жатады, енді бірі ауа-райының қолайсыздығынан рейстен қалып жатса, тағы бірі ғашығын қимай, енді бірі асылына асығып, дәл сол күні отбасының жылы шырайында шаттыққа бөленгісі-ақ келеді. Ал, емтиханның әлегімен ... Читать далее »

ЖАҢА ЖЫЛДА ЖАНАРЫҢЫЗҒА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

8568

Басқаны қайдам, біздегі Жаңа жыл мерекесін қытайлар асыға күтетін шығар-ау. Осы мейрамда қыр астындағы көршілеріміз пиротехникалық өнімдерден миллиардтаған пайда түсіреді екен. Жалпы қытайлар жарылғыш, жалтылдағыш, от шашқыш ойындарға құмар келеді. Пиротехникалық өнімдерін сан құбылтып шығарып жатқанының өзі соны аңғартса керек. Небір атылғыш заттарды ойлап тапқан шығыстағы көршіміз жақында иттің тұмсығында жарылатын торсылдақты «қолданысқа енгізді». Бүгінге дейін қанша иттің езуі тілініп, мұрны бұзылғанын қытайлардың өздері ғана білетін шығар. Айтпағымыз, бұл – емес. Жаңа жыл жақындаған сайын бенгал оттары,  петарда, зымыран, вулкан секілді алуан түрлі пиротехникалық шартылдақтардың саудасы қыза түседі. Әсіресе, базарларда ... Читать далее »

САУАТСЫЗДЫҚТЫҢ «САРЫТОРҒАЙЫ»

photo_46659

Елорданың қоғамдық автобустарында бас қаланың картасы әдемі берілген. Олардың жүріп өтетін бағыты мен аялдамалары туралы­ ақпарат жеткілікті. Бір әттеген-айы… Автобус картасына «Медициналық орталықтың басқармалардың клинико Ақтаудың кешені ҚР Президентінің қал-жағдайларымен» деген атау қып-қызыл бояумен жазылған. Тақырып түрінде жазылған сөйлем қып-қызыл қате. Бұл карта тек автобустарда ғана емес, аялдамаларға да ілінгенін ескерсек, сауатсыздық дертіне әбден етіміз үйренді. Тек бұл ғана емес, көптеген қоғамдық орындарда да жарнама маңдайшасындағы жазулардың мемлекеттік тілдегі нұсқасында қате өріп жүреді. Себебі неде? Кез келген мекеме немесе кәсіпорын қандай да бір визуалдық өнімге тапсырыс бергенде «Қазақстан Республикасының тілдер ... Читать далее »

КӨРШІҢІЗ БАЙЫП ЖАТСА, ҚУАНЫҢЫЗ

Мектеп оқулығынан таныс Ыбырай Алтын­сариннің Бай баласы мен кедей баласы туралы әңгімесінің мазмұны бүгінгі өмірде мүлде өзгерген. Қазір баю үшін аса бір ақылды болудың қажеті жоқ. Бұлай деуіміздің себебі, тіпті мектепте дұрыс оқымаған, толық орта білімі жоқ адамдардың да түрлі жолдармен дәулет жинап, зәулім үй салып, қос-қостан қымбат машина мініп, «шалқып» жүргенін көз көреді. Мәселе онда емес, ебін тауып екі асайтындар қай кезде де болған. Әңгіме олар кімнің есебінен және қалай байыды? Қалай мемлекет қазынасына қол салды дегенге тіреледі. Біз «Қазақмыстың» иесі Владимир Кимді немесе алюминидің қожасы – Патох Шодиевті, ... Читать далее »

ЖАСТАР ӘСКЕРГЕ ДАЙЫН БА?

IMG_9011

Бұрын кәмелетке жасы толған бозбала әскерге барғысы келетін. Және оны мәртебе көретін. Ал, бүгінде жастар азаматтық борышын өтеуден қаймығатын болды. Әйтеуір, соқталдай-соқталдай жігіттеріміз әскерге барудан қашып, медициналық комиссиядан өтпеудің түрлі амалдарын қарастырады. Қазір әскерге бармағанына ешкім намыстанбайтын болды да. Оған себеп, кейінгі кездері телеарналарда ашық көрсетіліп жатқан әскердегі әлеуметтік жағдайлар болса керек. Бұл оқиға жас жеткіншектер мен олардың ата-ана, туған-туыстарын шошытары анық. Әскерге барудан жалтарудың ең бірінші себебі осы бейнероликтерде сияқты. Ұрып-соғып жатқан сарбаз жайлы бейнематериалдар интернет пен ұялы телефондарда да толып жүр. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі де аз емес. ... Читать далее »

«ҚАРАШАСЫ ҚАНДАЙ, ХАНЫ ДА СОНДАЙ»

кумба

  Осыдан жиырма екі жыл бұрын, 1 желтоқсанда Қазақ елі бүкілхалықтық сайлау өткізіп, өзі-өз болып, тұңғыш Президентін сайлады. Былтырдан бері бұл айтулы күнді қазақстандықтар мемлекеттік мереке ретінде тойлай бастады. Бұл – Елбасына деген құрметтен, оның еңбегін бағалауға деген ізгі ниеттен туындаған болатын. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу-даму тарихынан бастап, бүгінге дейінгі жеткен жетістіктері Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Елбасының елі үшін жасаған еңбектері баршылық. Соның ішінде мен үшін орны ерекше екі еңбегін атап өтер едім. Соның біріншісі – шартарапқа тарыдай шашыраған қазақтарды ұйыстырып, Атамекеніне алып келуі ... Читать далее »

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, мемлекет және қоғам қайраткері

– «Нұр Отан» партия­сының саяси доктринасы қазақ зия­лыларының көптен күт­кен стратегиялық бағдарла­масы деуге болады. Себебі, онда ұлттың тағ­дырына, болмысына, тағылымына қатыс­ты игіліктер қамтылды. Елбасының «Қазақ­стан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемле­кеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған қазақ тілінің өмірдің барлық саласында үс­тем­дік етуі, Қазақ мемлекеті аталады деген ойлары көшбасшы партияның стратегия­сында көрініс таппақ. Міне, бағдары ғасырға жететін тағдырлы, жал-құйрығын түйген тұлпардай жаңа құжат дүниеге келді. Бұл – болашаққа бастайтын құжат. Читать далее »

“ЭКСПО-2017” халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысында сөйлеген сөзі

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті: «Мен бірінші күннен көрмені өткізуде ысырапқа жол берілмеуін айтып келемін. Осы орайда, салынған барлық инфрақұрылымның көрмеден кейін де пайдаға асуы маңызды мәселе болып қала бермек. Көрме еліміздің әр азаматына қолжетімді болып, оны аралап шығуларына мүмкіндік жасалуға тиіс» Читать далее »

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

Әлемнің көптеген мемлекеттері арасынан біздің еліміз көрмені өткізу құқығын жеңіп алды. Кешен Астанадағы және бүкіл Қазақстандағы ауқымды нысандардың біріне айналады. Осыған байланысты түрлі жобаларды қарастыру керек. Біз конкурсқа қатысқан қазақстандық және шетелдік барлық архитекторларға, үздік жобаларды таңдап алатын комиссия мүшелеріне алғыс айтамыз. Көрме өткеннен кейін құрылыстарды, соның ішінде тұрғын үйлерді, қызмет кеңселерін сауда ғимараттарын, ғылыми зертханаларды пайдалануды қамтамасыз ету қажет. Читать далее »