Четверг, 29 Июнь 2017
-->

Кезексөз

ҰРПАҚ ҮШІН ҰБТ ҰТЫМДЫ МА?

Он жыл. Орта мектепті тәмамдағанымызға бақандай он жыл өтіпті. Ойымыздағы әркелкі дүниелермен әлек болып жүріп, осынша уақыттың қалайша зымырай шыққанын байқамаппыз. Сол кезде бірінші сыныпқа барған баланың бой түзеп, айнаға қарайлайтын шағы – бұл. Несін айтамыз, соңғы қоңыраудың сыңғыры мен алғашқы ҰБТ кезіндегі аумалы-төкпелі көңілдің күйі де жадымызда. Бәрі есімде. Жоғары оқу орнына бару үшін мектеп бітіруші түлектердің алдына ұлттық бірыңғай тесттен өту талаптары қойылған кезде әлеумет әп дегеннен-ақ жікке бөлінген. Қолдағандар мен қарсы болғандар қоғамның әр түкпірінен қылтиып шыға келді. Жаңаны жақтаушылар бұрынғы жүйенің жұмысы көптігін алға тартса, ескіні ... Читать далее »

ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Елорданың әсемдiгi тек сәндi ғимараттарымен, сәулеттi сарайларымен ғана өлшенбесе керек. Астананың ажары оның тазалығына да тiкелей байланысты. Өйткенi, тазалық – мәдениет-тiлiктiң басты белгiсi. «Адам жанының тазалығы тәнiнiң тазалығынан бастау алатыны секiлдi қаламыз таза болса, көңiлiмiз де таза жүредi» деген қала басшысының сөзі жадымызда жатталып қалыпты. Елордалықтардың сүйiктi қаласына өз сезiмiн бiлдiрудiң бiр жолы – сенбілік өткізу екенін ескерген Иманғали Тасмағамбетов оның тәрбиелiк астарына үлкен мән беріп келеді. Бұл ретте Астана өзге қалаларға үлгі көрсетуде. Кейінгі кезде көктем және күз айларында тазалық акциясын жариялау жылдағы қалыптасқан дәстүрге айналды. Биыл да Астанада ... Читать далее »

АРЫҚТАУ КЕРЕК, АРУЛАР!..

Күлкі күні қыздарын: «мен сені сүймеймін» деп те алдаған жігіттер болыпты. Мұндай қалжыңды арулар жағы әсте көтере алмайды. Неге дейсіз ғой? Психологтардың айтуынша, көктемде әйелзаты күйзеліске ұшырағыш келеді. Тіпті, кейбіреулер көктем келгенде агрессияға беріліп кетсе, кейбіреулер тым мейірлене түседі. Тылсым табиғат әркімге әрқилы әсер етеді. Бұл мезгілде еріксіз еске түсіп, ойға оралған сайын көңілге кірбің орнататын тағы бір мәселе бар. Ол – арықтау. Нәзік жандылар бір рет бұл ойды миына қондырып алса, одан арыла алмайды. Өйткені, «Арықтау сезімі» деген – психологиялық ауру» дейді дәрігерлер. Біздер жыл он екі ай арықтау ... Читать далее »

ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ ТҮЙТКІЛІ НЕДЕ?

«Трансплантация» деп бір адамның ағзасын, нақтырақ айтқанда, бауыр, жүрек, өкпе, бүйрек, сүйек майын немесе денесінің бір бөлігінің тіндерін келесі бір адамға салуды айтады. Медицинада мүшесін берген адамды донор дейді де, алушыны, яғни науқасты реципиент деп атайды. Жалпы, Қазақстанда ағза ауыстыру оталары отыз жылдан бері жасалып келеді. Оның ішінде бір бүйрегін, бауырының шамалы бір бөлігін беріп, өзгеге ғұмыр сыйлаған жандар арамызда жүр. Сол сияқты сырқаттарға аса қажет органдарды қайтыс болған адамдардан да алуға болады. Алайда, осы донор жетіспеушілігі отандық трансплантология саласын өрге бастырмай отыр. Елімізде жыл сайын 50 адам донорлық ағзаға ... Читать далее »

…КҮЛКІ ҚЫМБАТ!

Адам баласы қашанда күлкінің таусылмауын тілейді. Өйткені юмор бар жерде өмір бар. Күлкі – күллі жаманшылық атаулыға, әртүрлі дертке қарсы қолданылатын қуатты қару. Күлкінің мақсаты – адамдарға бақыт сыйлау, адамды тәрбиелеу. Мысыр халқының ежелгі аңызы бойынша Құдайдың күлкісі әлемнің жаратылуына ықпал еткен көрінеді. Күлкі адам баласын ұлтына, жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына қарай бөліп, алаламайды. Кім де болсын кез келген уақытта қалауынша күліп, көңілін жасартады һәм өмірін ұзартады. Ел басына төнген қиын күндерде күлкі еңкіш тартқан еңселерді көтеруге, әлсіреген рухты күшейтуге көмектескен. Деректерге жүгінер болсақ, күлкі күнін тойлау алғаш Франциядан бастау ... Читать далее »

ҚАЗАҚ ҚАРАПАЙЫМ МАМАНДЫҚТЫ МЕНСІНБЕЙ МЕ?

…Аяқ астынан сыртқы есігіміздің құлыбы істен шықты. Қолынан келетін адамға құлып салғызбақшы болып, мамандарға хабарластық. Кілең өзге ұлт өкілдері екен. Сенесіз бе, бір қазақ азаматын таппадық. Ақыры, орекеңнің бір баласына салдыртуға мәжбүр болдық. Асай-мүсейімен жетіп келген ол жарты сағаттық жұмысына 45 мыңды қағып алды. Әлгі құлып жөндегіш қу күніне кемі 5-6 тапсырыс алады екен. Құлыптардың ерекшеліктеріне байланыс­ты еңбегіне алатын ақысы 40 мыңнан 60 мыңға дейін баратын көрінеді. «Кейбіреулер екі құлып жасатады. Сол кезде бағамыз да екі еселенеді. Астанада құрылыс нысандары көп. Сондықтан, табысымыз да жаман емес» дейді ол. Бұлардың күнделікті ... Читать далее »

ТЕЛЕФОН-ТЕРРОРИСТ

«Бомба қойылды!». «Әуежайда жарылғыш зат бар!». «Вокзал жарылады!». Тілдік қорымызда «телефон-террорист» деген ұғым пайда болды. Әдетте, мұндай хабарламалар азаматтардың өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп тудыру үшін емес, мекемелердің, кәсіпорындардың және қоғамдық көліктердің жұмысын уақытша тоқтату, адамдарға қорқыныш сезімін ұялату мақсатында жасалады. Алайда, бас-аяғы бес секундтық осы тәрізді бір телефон-хабарламаның өзі мемлекеттік бюджетке шамамен 500 мың теңге шығын келтіреді екен. Өйткені, ақпараттың ақ-қарасын анықтау үшін бүкіл құзырлы мекемелер, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының арнау­лы қызметтері, төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің құтқару бөлімшелері, жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмылады. Бақылауға алынған нысанның өндірістік қызметі ... Читать далее »

ӘЗ НАУРЫЗҒА ӘЗІРЛІК

Наурыз тойы – бұл адамзаттың ғана емес, бүкіл табиғаттың мерекесі. Ұлыстың Ұлы күнін дана халқымыз ырыс пен ынтымақтың нышанына балаған. Сондықтан, оны асыға күткен. Кейбір деректерге қарағанда, жаһанда бұл мейрамды 300 миллион адам атап өтеді екен. Биыл да жалпақ жұрт жаңа жылды жақсылап тұрып қарсы алмақ. Әсіресе, үлкен мерекеге Арқа төсіндегі жұрттың дайындығы қызу. Биыл астаналықтар мейрамға ерекше ықылас танытуда. Бұл күні өтетін бұқаралық серуендер мен концерттерге қаланың көркем безендірілген көрнекіліктері де ерекше көрік қосып тұрары анық. Бүгінде қаладағы оқу орындары, қоғамдық ойын-сауық орталықтары мен маңызды мекемелердің ғимараттары ұлттық нақыштағы ... Читать далее »

АЛАШҚА АНАНДИ НЕ БЕРЕДІ?

Күллі әлем шығыс Еуропаға көз тігіп отырған кез. Бір туған халықтардың басы бөрік сыртында жарылып, бүкіл ел бүлінген заман. Украинадағы жағдай ушыққан мезгілде жаһандық деңгейдегі өзге жаңалықтардың көлеңкеде қалып қойғаны жасырын емес. Кеше Америка киноөнер академиясы 24 номинация бойынша үздік деп танылғандарға 86-шы рет «Оскар» сыйлығын табыстады. «Екінші сорттағы» жаңалықтардың ең бастысы осы сияқты. Әнеугүні әңгімелеп қойған «Уол-Стриттан» ешкім топ жарып, төрге озбады. Таяуда ғана Ди Каприоның қайырымдылық жасаған болып жан-жаққа ақша шашқаны да киножүлде алуына ықпал ете алмады. Шіркінің әлі сол жалаңаш күйінде… Шыны керек, бізге салар болса, жоғарыда ... Читать далее »

КЕЗЕКСІЗ ЕМХАНАНЫҢ КІЛТІ НЕДЕ?

Астананың медициналық ұйымдарына 1200-дей дәрігер жетіспейді. Әсіресе, мемлекеттік емханаларда маман тапшы. Алғашқы медициналық жәрдем көрсететін мекемелердегі кезектің көптігі де алдымен осыған байланысты болса керек. Елорда емханасында 10 жылдан артық жұмыс істейтін дәрігер құрбым аяқ астынан бүлініп, жұмыстан кететінін айтты. «Не болды? Үйреніп қалған жерің емес пе? Жұмыс істей берсеңші» дегеннен артық айтарға сөз таппадым. Расымен, не деймін? Жалақың жақсы ғой дейін десем, айлығы шайлығына жетпей жүретінін жақсы білемін. Мардымсыз айлығына қарай жұмысы жеңіл болса, бір жөн. Керісінше, басы артық жұмысы көп. Қашан көрсең қағаздарға бірдеңелерді жазады да жатады. Оның жазуының ... Читать далее »