Четверг, 17 Август 2017
-->

Кезексөз

Ән неге үзілді?

Қайбір күні қызық түс көріп ояндым. Ұйқыдан тұрғанда, бойымды белгісіз бір қуаныш кернеп тұрды. Өз түсіме өзім таңғалдым. «Шіркін-ай, өңімде де осы нәрседен қорытынды шығарсақ қой» деп қоямын. …Үлкен бір концерт залында отыр екенбіз. Қарақұрым халық. Залда ине шаншар жер жоқ. Бәріміз дабырласып, әлдебір қызықты күтудеміз. Сахнаға керіле басып әдемі келіншек шықты. Үкілі сәукелесін анық көрдім. Отырған жұрт үздігіп ән күтіп отыр. Бір кезде даңғырлаған музыка басталды. Әнші аузына микрофонын жақындатып, шырқай жөнелді. Тыңдап отырмыз, даусы жасандылау шығатын секілді ме, қалай өзі? Бір сәт тоқтай қалып, ден қойып тыңдағаным сол ... Читать далее »

АҚШ-тық апайым «қазақша түс көреді»…

2005 жыл. Мектебімізге АҚШ-тан мұғалім келетін болды. «Америкадан келеді» дегенді ести сала асыға күттік. Қып-қысқа көйлек киіп, бет-аузын бояп алған көк көз апайды елестетіп қоямыз өзімізше. Голливуд киноларынан көргеніміз ғой. Бір күні сабағымызға жиырма бестердегі жас қыз кіріп келді. Тобыққа түсетін ұзын белдемше, үстіне сарғыш бешпет киіп алыпты. Онысының жеңін қайта-қайта тартқыштай береді. «Салэмэтсиндэр мэ, балалар! Бугиннэн бастап сэндэргэ агылшын тилин мэн уйрэтемин» деп, күлімсірей қарады бізге. Біз Терезамен осылай таныстық. Тереза Пармер АҚШ-тың Индиана штатынан келген екен. Алғашында қазақшаға тілі сынбай, сәл қиналып жүрді. «Мен сендерге ағылшын тілін үйретемін, ... Читать далее »

ӘКЕМ – АСҚАР ТАУЫМ

Біздің ауыл ойлы-қырлы жерде орналасқан еді. Мектеп – ойда, ал үйіміз – қырда. Ес білгелі жатын бөлмедегі терезеге телміріп, жұмыстан келетін әкемді қарайлап жүретінмін. Жоғарыға көтеріліп келе жатқан ер кісінің аппақ шашы көріне бастаған кезде алып-ұшып, алдынан қарсы алуға жүгіремін. Ол көтеріп алып, үйге дейін қолынан түсірмей алып келетін. Кейде кішкентай сіңлімді күшпен жетектеп, бірге жүгіретінбіз. Әкем болса, екеуімізді екі қолына көтеріп алатын! Кейін мектепке кірсем де, сол әдетімді тастаған жоқпын. Көтергізбей-ақ, жай ғана қасында үйде болған жаңалықтарды баяндап, әңгіме-дүкен құрып келетінбіз. Сосын көрші үйдегі кісілерден «Үп-үлкен боп алып, әкеңе ... Читать далее »

Құндылықтар құлдырауы

Бірде сөзге жүйрік, ойға кемел қаламгер ағамыз қызық әңгіме айтты. Өзі тұратын көп қабатты үйдің іргесінде жеміс-жидек сататын шағын дүңгіршек бар екен. Оның иесі – өз ісіне мығым, сөзге лыпып тұрған қазақтың жігіті. Әлгі дүңгіршектен күнара келіп, бір орыс кейуана көкөніс алады. Кейде, қалың сөмке көтере келіп, әлгі саудагерге ескі кітаптарды тегін беріп кетеді екен. Ол кітаптарды анау алып қалғанмен, соншалықты шаруасы да болмайды. Ашып та қарамайды. Әйтеуір, саудасы жүрсе, соған көңілі тоқ. Алайда, тегін келген кітапты бір қажетке жарар деп алып қала береді. Сондай бір оқиға үстінде қаламгер ағамыз ... Читать далее »

БАБЫМЕН АСЫЛМАСА – БІЗГЕ СЫН

Жақында Лондон қаласындағы Гиннес рекордтар кітабының штаб-пәтерінен келген супервайзер «Елдің ең басты ұлттық тағамын дайындау» бойынша дүниежүзілік рекордты тіркеді. Астана тойына арналып көтерілген қазанға 736,5 кг тартатын үш жылқының еті асылды. Үлкен асты дайындауға қырыққа жуық аспаз білек сыбана кірісті, қамырын жайып, тұздығын жасады. Соңы ұлан-асыр мерекеге ұласқан уақиғаның ортасында болып, біздер де бас тағамнан дәм татқан едік. Жалпы, дайындау тәсілі бір болғанымен қазаны бар әр үйдің бикесі етті әрқалай асады. Қарапайым көрінгенмен, ет асудың да ерекшеліктері бар. Кейде алдымызға бір қайнауы кем келгенде, «қайран қор болған ас» деп ойлайсыз. ... Читать далее »

АЙДЫННЫҢ АРМАН САПАРЫ

Бұйыртса, алдағы қыркүйек айында үшінші қазақ баласы ғарышқа самғайды. Өзінің жұлдызды сәтін он шақты жыл күткен Айдын Айымбетов Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың жолын жалғайды. Тағы бір қазақ ұланының ғарыштан көрінуін барша қандастарымыз көптен тіледі деп айтсақ, асырып айтқандай болмаспыз. Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетовтің Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындайтын Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында жалпы ғарыштық дайындықтан өткені туралы хабар бұлай армандауға толық негіз беретін. Көкейімізде «үшінші қазақ баласын ғарыштан қашан көреміз?» деген сұрақ қана тұрды. Осы сұрақты 2013 жылдың желтоқсанында Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан «Қазғарыш» агенттігі төрағасының ... Читать далее »

Қазақтың тойы қайда барады?

Өткен жексенбі күні бір жама­ғайынымыз аққудың көгілдіріндей әлпештеп, аялап өсіріп отырған қызын ұзатты. Алғашқы тойы болғасын ба, ағамыз да ештеңеден тартынып қалмады. Елордадағы сәні мен сәулеті келіскен мейрамхананы жалға алып, барлық ұлттық бояуымен әрлеп, дүркіретіп өткізді. Аста-төк дастарқан, риясыз пейіл, ақеділ көңіл… ернеуінен асып, сапырылып жатты. Бір шақта той басталардан сәл ғана бұрын артынып-тартынып, барлық асай-мүсейлерін құшақтап, тойдың асабасы мен әншілері де жетті. Оларға ілесіп фотоға түсірушілер келді. Әйтеуір, құдалыққа келгендей бір қора адам. Асабамыз – жүзіктің көзінен өтер пысық өрімдей жігіт. Таңдайы да тақылдап тұр. Әп-сәтте жұртшылықты иіріп, үйіріп ... Читать далее »

КЕСАПАТ, КИІКТЕРГЕ ҚАЙДАН КЕЛДІҢ?!.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, қазіргі жаппай қырылған киіктердің саны 127 мыңға жеткен. Осы жан жабырқатар жағдай туралы ОКҚ баспасөз мәслихатында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков: – Орын алған оқиғаның түрлі себептері қарастырылып жатыр. Соның ішінде топырақтан, судан, шөптен улану қаупі де бар. Енді біз киіктердің барлық жүріп өткен жерлерін тексереміз. Олардың өріс жолдары бойынша арнаулы экспедиция жасақтап жіберуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, осы апатты жағдай қалай басталып еді… 11 мамыр күні Торғай даласында, дәлірек айтқанда, Аманкелді ауданының Үрпек ауылына қарасты Жолоба қонысында 117 бас киіктің белгісіз себеппен өлгені ... Читать далее »

ҰБТ: СЫНАҚҚА БЕС КҮН ҚАЛДЫ

Мектеп бітірушілердің білімдері сыналатын ҰБТ-ның басталуына дәл бес күн қалды. Осыған байланысты Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы №12 филиалының жетекшісі Әсия Бекенова сауалдарымызға жауап берді. – Биылғы ҰБТ өткізу ережелерінде өзгерістер бар ма? – Аздаған өзгеріс бар. Енді ҰБТ нәтижелері құпия ақпараттар қатарына енеді. Талапкерлердің жинаған балдары жарияланатын тізімде сынақ тапсырушылардың аты-жөндері ЖСН нөміріне ауысатын болды. – Жалпы шарттарын бір түсіндіріп өтсеңіз… – Сынаққа әдеттегідей 3,5 сағат, яғни, 210 минут беріледі. ҰБТ 125 балдық шкаламен бағаланады. Әрбір пән 25 сұрақтан тұрады. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін балдардың ең төменгі ... Читать далее »

ОТАНЫМЫЗДА ОҚЫҒАНДАРДЫҢ БІЛІМІ ОЛҚЫ МА?

Білім қуған кімге қызықсыз? Бәріміздің де оқығымыз, әрі қарай жетіліп, алға жылжығымыз келеді. Әрине, тіршілік мойын бұрғызса. Алайда, осы ай басындағы кейбір әңгі­мелерден кейін оқысаң, тек шетелде оқу керек деген ой мазалай бастаған сықылды. Көп­шілігімізді. Оған себеп те жоқ емес. Сәуір айының басында Қазақстан Респуб­ли­касының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Динара Жаненова журналистермен кездескен еді. Сол жолғы мәлімдемесінде ол мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік қызметкерлерге магистратура дәрежесін немесе шетелдегі білімді міндеттеу жүктелетінін айтқан. Сөзбе-сөз келтірсек: «Қазір мемлекеттік қызметкерлер шетелдік әріптестерімен, шетелдік мемлекеттік органдармен көп ... Читать далее »