-->

Кезексөз

ӘКЕМ – АСҚАР ТАУЫМ

stihi-pro-papu-i-dochku_2

Біздің ауыл ойлы-қырлы жерде орналасқан еді. Мектеп – ойда, ал үйіміз – қырда. Ес білгелі жатын бөлмедегі терезеге телміріп, жұмыстан келетін әкемді қарайлап жүретінмін. Жоғарыға көтеріліп келе жатқан ер кісінің аппақ шашы көріне бастаған кезде алып-ұшып, алдынан қарсы алуға жүгіремін. Ол көтеріп алып, үйге дейін қолынан түсірмей алып келетін. Кейде кішкентай сіңлімді күшпен жетектеп, бірге жүгіретінбіз. Әкем болса, екеуімізді екі қолына көтеріп алатын! Кейін мектепке кірсем де, сол әдетімді тастаған жоқпын. Көтергізбей-ақ, жай ғана қасында үйде болған жаңалықтарды баяндап, әңгіме-дүкен құрып келетінбіз. Сосын көрші үйдегі кісілерден «Үп-үлкен боп алып, әкеңе ... Читать далее »

Құндылықтар құлдырауы

құлдырау

Бірде сөзге жүйрік, ойға кемел қаламгер ағамыз қызық әңгіме айтты. Өзі тұратын көп қабатты үйдің іргесінде жеміс-жидек сататын шағын дүңгіршек бар екен. Оның иесі – өз ісіне мығым, сөзге лыпып тұрған қазақтың жігіті. Әлгі дүңгіршектен күнара келіп, бір орыс кейуана көкөніс алады. Кейде, қалың сөмке көтере келіп, әлгі саудагерге ескі кітаптарды тегін беріп кетеді екен. Ол кітаптарды анау алып қалғанмен, соншалықты шаруасы да болмайды. Ашып та қарамайды. Әйтеуір, саудасы жүрсе, соған көңілі тоқ. Алайда, тегін келген кітапты бір қажетке жарар деп алып қала береді. Сондай бір оқиға үстінде қаламгер ағамыз ... Читать далее »

БАБЫМЕН АСЫЛМАСА – БІЗГЕ СЫН

ERA_3438

Жақында Лондон қаласындағы Гиннес рекордтар кітабының штаб-пәтерінен келген супервайзер «Елдің ең басты ұлттық тағамын дайындау» бойынша дүниежүзілік рекордты тіркеді. Астана тойына арналып көтерілген қазанға 736,5 кг тартатын үш жылқының еті асылды. Үлкен асты дайындауға қырыққа жуық аспаз білек сыбана кірісті, қамырын жайып, тұздығын жасады. Соңы ұлан-асыр мерекеге ұласқан уақиғаның ортасында болып, біздер де бас тағамнан дәм татқан едік. Жалпы, дайындау тәсілі бір болғанымен қазаны бар әр үйдің бикесі етті әрқалай асады. Қарапайым көрінгенмен, ет асудың да ерекшеліктері бар. Кейде алдымызға бір қайнауы кем келгенде, «қайран қор болған ас» деп ойлайсыз. ... Читать далее »

АЙДЫННЫҢ АРМАН САПАРЫ

a5885384ebd4bf50f20d240b620

Бұйыртса, алдағы қыркүйек айында үшінші қазақ баласы ғарышқа самғайды. Өзінің жұлдызды сәтін он шақты жыл күткен Айдын Айымбетов Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың жолын жалғайды. Тағы бір қазақ ұланының ғарыштан көрінуін барша қандастарымыз көптен тіледі деп айтсақ, асырып айтқандай болмаспыз. Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетовтің Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындайтын Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында жалпы ғарыштық дайындықтан өткені туралы хабар бұлай армандауға толық негіз беретін. Көкейімізде «үшінші қазақ баласын ғарыштан қашан көреміз?» деген сұрақ қана тұрды. Осы сұрақты 2013 жылдың желтоқсанында Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан «Қазғарыш» агенттігі төрағасының ... Читать далее »

Қазақтың тойы қайда барады?

photo-529

Өткен жексенбі күні бір жама­ғайынымыз аққудың көгілдіріндей әлпештеп, аялап өсіріп отырған қызын ұзатты. Алғашқы тойы болғасын ба, ағамыз да ештеңеден тартынып қалмады. Елордадағы сәні мен сәулеті келіскен мейрамхананы жалға алып, барлық ұлттық бояуымен әрлеп, дүркіретіп өткізді. Аста-төк дастарқан, риясыз пейіл, ақеділ көңіл… ернеуінен асып, сапырылып жатты. Бір шақта той басталардан сәл ғана бұрын артынып-тартынып, барлық асай-мүсейлерін құшақтап, тойдың асабасы мен әншілері де жетті. Оларға ілесіп фотоға түсірушілер келді. Әйтеуір, құдалыққа келгендей бір қора адам. Асабамыз – жүзіктің көзінен өтер пысық өрімдей жігіт. Таңдайы да тақылдап тұр. Әп-сәтте жұртшылықты иіріп, үйіріп ... Читать далее »

КЕСАПАТ, КИІКТЕРГЕ ҚАЙДАН КЕЛДІҢ?!.

27.05.2015-Kiuk

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, қазіргі жаппай қырылған киіктердің саны 127 мыңға жеткен. Осы жан жабырқатар жағдай туралы ОКҚ баспасөз мәслихатында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков: – Орын алған оқиғаның түрлі себептері қарастырылып жатыр. Соның ішінде топырақтан, судан, шөптен улану қаупі де бар. Енді біз киіктердің барлық жүріп өткен жерлерін тексереміз. Олардың өріс жолдары бойынша арнаулы экспедиция жасақтап жіберуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, осы апатты жағдай қалай басталып еді… 11 мамыр күні Торғай даласында, дәлірек айтқанда, Аманкелді ауданының Үрпек ауылына қарасты Жолоба қонысында 117 бас киіктің белгісіз себеппен өлгені ... Читать далее »

ҰБТ: СЫНАҚҚА БЕС КҮН ҚАЛДЫ

8dd4061e7f836f85a28574dceae3cf20

Мектеп бітірушілердің білімдері сыналатын ҰБТ-ның басталуына дәл бес күн қалды. Осыған байланысты Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы №12 филиалының жетекшісі Әсия Бекенова сауалдарымызға жауап берді. – Биылғы ҰБТ өткізу ережелерінде өзгерістер бар ма? – Аздаған өзгеріс бар. Енді ҰБТ нәтижелері құпия ақпараттар қатарына енеді. Талапкерлердің жинаған балдары жарияланатын тізімде сынақ тапсырушылардың аты-жөндері ЖСН нөміріне ауысатын болды. – Жалпы шарттарын бір түсіндіріп өтсеңіз… – Сынаққа әдеттегідей 3,5 сағат, яғни, 210 минут беріледі. ҰБТ 125 балдық шкаламен бағаланады. Әрбір пән 25 сұрақтан тұрады. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін балдардың ең төменгі ... Читать далее »

ОТАНЫМЫЗДА ОҚЫҒАНДАРДЫҢ БІЛІМІ ОЛҚЫ МА?

Білім қуған кімге қызықсыз? Бәріміздің де оқығымыз, әрі қарай жетіліп, алға жылжығымыз келеді. Әрине, тіршілік мойын бұрғызса. Алайда, осы ай басындағы кейбір әңгі­мелерден кейін оқысаң, тек шетелде оқу керек деген ой мазалай бастаған сықылды. Көп­шілігімізді. Оған себеп те жоқ емес. Сәуір айының басында Қазақстан Респуб­ли­касының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Динара Жаненова журналистермен кездескен еді. Сол жолғы мәлімдемесінде ол мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік қызметкерлерге магистратура дәрежесін немесе шетелдегі білімді міндеттеу жүктелетінін айтқан. Сөзбе-сөз келтірсек: «Қазір мемлекеттік қызметкерлер шетелдік әріптестерімен, шетелдік мемлекеттік органдармен көп ... Читать далее »

ТАҒЫЛЫМ АЛАРЛЫҚ ТАРИХ

«Күңіреніп күн түбіне жортқан» түркінің түгел кезі тарих парағына алтын әріптермен жазылып, ғасырлар қойнауына сіңді. Небір алағайлы, бұлағайлы шақ басына келген сол жұрттың бұтағы басына үй тігіп, бауырына қазан асты. Одан бері де бес жарым ғасыр өтті. Биылғы жылдың еншісіндегі елеулі, үлкен шарамыз сол – қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту.  Құдайы көршілеріміз «қазақта бұрын мемлекет болмаған» деп «ағынан жарылып» жатқанда, 2014 жылдың қара күзінде «келесі жылы Керей мен Жәнібек құрған қазақ хан­дығының 550 жылдығын атап өту туралы шешім қабылданды. Алаш жұртының рухын асқақтатты. Сол кезден бір-екі ай бұрын ғана ... Читать далее »

АСТАНА МЕН АММАН – БАУЫРЛАС ҚАЛАЛАР

Без имени-1

Бірнеше күн бұрын «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешені нысандарының бір бөлігі Хусейн бен Талал көшесінде орналасады деген хабар таратылды. Қабанбай батыр­ даңғылымен қиылысатын бұл көше әуежайға бара жатқан жолда. Жақын күндері аталмыш көшенің ресми түрде ашылуы да жоспарлануда. Осыдан заңды сұрақ туындайды – Хусейн бен Талал деген кім еді, Астанада оның атына көше беру мәселесі қайдан шыққан? Расымен, ойландыратын жағдай. Ілгеріде бір досымызбен Таха Хусейн көшесінің тұсында жүріп, «Бұл кім еді?» деген сұрақты бір-бірімізге қойдық. Ақыры, екеуміз де білмейтін болып шықтық. Интернетті ақтарып, ол Мысыр елінің белгілі жазушысы, әдебиеттанушысы және тарихшысы ... Читать далее »