-->

Кезексөз

АҚШ-ТЫҢ АУҒАНДАҒЫ ЖАҢА САЯСАТЫ ҚАНДАЙ?

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп бұдан үш аптадан артық уақыт бұрын өзінің Ауғанстанға қатысты жаңа стратегиясын жариялады. Бірақ арада біршама күндер өтіп кеткеніне қарамастан, ауған жерімен тікелей шектесетіндіктен, мұнда өзгерген әрбір қадамның екпінін сезініп отыратын Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің басшылары әлі бұған қатысты ләм-мим деп пікір білдірген жоқ. Ал АҚШ кейінгі 16 жылдың беделінде бұл аймақтағы ахуалды ретке келтіруде шешуші рөл атқарып келеді. Сарапшылардың айтуларынша, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының мұндай енжарлықтары Құрама Штаттар президентінің Ауғанстанға қатысты саясатын соңғы сәтте күрт өзгертіп жіберуіне бірден-бір себепші болған. Сөйтіп, мұның алдында бұл ... Толығырақ оқу →

МЬЯНМАДАҒЫ ҚЫРҒЫННЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?

Тамыздың соңы мен қыркүйектің басында Мьянманың (бұрынғы Бирма) батыс қапталында үкімет әскерлерінің 400 мұсылманды қырып тастауы әлем жұртшылығын дүр сілкіндірген оқыс оқиғалардың бірі болды. Саяси сарапшылардың айтуларына қарағанда, мұнда үкімет әскерлері мен ислам дініндегі рохинджалар арасындағы шиеленіс бұдан әлденеше ондаған жылдар алдын, өткен ғасырдың 40-жылдарында басталған. Сол тұста өңірге егелік етіп келген Ұлыбритания Бирмаға тәуелсіздік береді. Ағылшын үкіметі тәуелсіздіктің осындағы барлық шеткі ұлттық аймақтарға да тән екенін айрықша атап көрсеткен. Бұл азаттық сондықтан Бирманың Бангладешпен шектесетін Бенгал шығанағындағы ұзынша тілік жағалауды жайлап жатқан қазіргі Аракан немесе Ракхайн атты рохинджалар штатына ... Толығырақ оқу →

ДОС АЛДЫНДАҒЫ ПАРЫЗ

Ойламаған қазаны сол күні ертеңгілік әлеуметтік желіде бір інішектің жазбасынан көрдік. Біреу суық қолмен қолқамызды суырғандай күй кештік. Қазақ салтындағы естіртудің қаншалық қажет екенін сонда аңғардық. Мына жалған өмірде ағаға іні бола білу де сын екен. Жұмабек дос қайтыс болған азалы күндері оны анық аңғардық. Біз Әлимамен көрісіп, курстың және бір жесірі Мақпалға, курстасы Жұмабекпен бірге жақында о дүниелік болған сіңлісін қатар жоқтап отырған Балқияға, курстас құдасынан айырылған Салтанатқа, тосын ажал есеңгіретсе де, досты, құданы ақтық сапарға аттандыру салмағын мойындарына алған Бағдәулет пен Серікке көңіл айтып кетіп, түс ауа қаралы ... Толығырақ оқу →

Қасқырдың кегі

Мен бұл әңгімені ертеректе ақын Асқар Кіребаевтың аузынан бірнеше рет естіген едім. Табиғатынан әңгімешіл Асекең өзі бала кезінде куә болған бұл оқиға туралы әр жолы айтқанында бәрін қазір ғана көріп отыр­ған әсермен қолмен қойғандай етіп баяндап беретін. «Бір жылы жазға салым біз Қарақұмда бір құдықтың басында екі үй отырдық» деп бастаушы еді жарықтық хикаясын. Оның «Қарақұм» деп отырғаны – Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Қызылдың беткейінде жатқан мал жайлайтын алабы. Ал «біз» дегені – сол жылдары совхоздың бір отар қойын баққан әкесі Кіребай, анасы Нәзігүл және солардың ортасындағы жалғыз бала өзі. ... Толығырақ оқу →

Ғылымның қия жолында

«Елу – ердің жасы» дейді қазақ аталарымыз. Демек, елу – еңселене еңбек ететін, бойдағы күш-жігерді аямай қызмет қылатын жас. Бәріміз жақсы білетін азамат, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Серікпаев Нұрлан Амангелдіұлы да осынау елеулі жасқа жетті. Ғылым жолында, ізденіс үстінде жүрген кім-кімге де бұл орта жас болып есептеледі. Әлбетте, әркім әрқалай жетеді. Біздің аяулы ұстазымыз қажырлы еңбегінің арқасында талай биіктерден көрініп, талай асуларды бағындырды. Енді Нұрлан Амангелдіұлының өмірбаян жолдарына ой жүгіртейік. Ол кісі Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданының Черемошенка (қазіргі Үш бұлақ) ауылында 1967 жылдың 1 тамызында дүниеге келді. Әкесі ... Толығырақ оқу →

ТАРИХ – ТАРАЗЫ

Адам әдетте жақсыдан да, жаманнан да ғибрат алады. Кейде кісінің бұл өмірдегі дәм-тұзы таусылған топырақты өлімі де белгілі бір дәрежеде өзгеге өнеге болып жатады. «Тірілер біздің көзімізді жабады, өлілер біздің көзімізді ашады» деген қанатты сөз де осындайда айтылса керек. Германияны 1982-1998 жылдар аралығында тура 16 жыл басқарған елдің бұрынғы канцлері Гельмут Кольдің жақында 87 жасқа толған кезінде орын алған қазасы да солай жұртқа тағылымды сабақ беріп кететіндей сипаттар санатынан болды. Расында да өмірі өзгеше өрнектелген өршіл тұлғаның өлімінің өзінен алуға болатын өнеге аз емес еді. Біз Гельмут Коль туралы бұдан ... Толығырақ оқу →

АСТАНА ОНОМАСТИКАСЫНДАҒЫ АЛАШ МӘСЕЛЕСІ

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан: «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш-Баянды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау» депті. Осы жердегі Қараөткел – Ақмола өңірінің байырғы жер атауы, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның астанасы, бас қаласы. Алаш көсемінің осыдан 100 жыл бұрын айтқан сөзі еліміз егемендігін алған уақытта жүзеге асты. Расында, Астанада түрлі университеттер салынып, зәулім ғимараттар бой көтеріп, қазақтың Әлиханы айтқан Шоқан, Абай, Ахмет, ... Толығырақ оқу →

ӘЗӘЗІЛДІҢ АРБАУЫ

«Арақ «Арақ  ішкен, мас  болған жұрттың бәрі не жақсы, не жаманды айыр­майды» деген екен хакім Абай.  Мас болу – өз еркіңмен жындану екенін бұрынғылар да айтып кеткен. Соған қарамастан елімізде маскүнемдікке салыну азаймай тұр. Кейінгі бес жылда ғана 12 мен 18 жас аралығындағы  араққа үйірлер саны 10 есе, ал 20 мен 40 жастағылар арасында 16 есе өскен. Арақ барша жамандықтың кілті екенін біле тұрып, жылына 648 млн декалитр алкоголь өнімін өндіреді екенбіз Ішкілікке салыну салдарынан естіген адамның төбе шашын тік тұрғызар, сұмдық қылмыстар көбею­де. Мұны соңғы жылдары Астана қаласы Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандық ... Толығырақ оқу →

«ГАМБУРГ ЕСЕБІ» ЕЛГЕ НЕ БЕРЕДІ?

Орыс тілінде жазушы Виктор Шкловский 1928 жылы қолданысқа енгізген «Гамбург есебі» деген қанатты сөз бар. Ол осы аттас жинағында күшті палуандардың жылына бір рет қала трактирлерінің біріне жиналып алып, өзара күш сынасатын дәстүрі жайлы әңгімелейді. Кейін бұл фразеология «бір сәттік табыстар мен ашкөздік мүдделерден ада, азат, шынайы құндылықтар жүйесін» білдіретін ұғымға айналды. Өткен аптадағы дәл осындай алысты болжайтын мақсат ұстанған ашық сипаттағы оңаша кездесу АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің арасында өтті. Ол әлемнің саяси өміріндегі ірі оқиға – Гамбургтегі G20 елдері басшылары бас қосқан екі күндік ... Толығырақ оқу →

КҮРКІРЕП КҮНДЕЙ ӨТТІ ҒОЙ СОҒЫС!

Дәл осылай сыршыл үнді Сырбай ақын жырлап еді. Иә, бүгін екінші дүниежүзілік сұм соғыстың басталған күні. 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4.00 шамасында фашистік герман әскері  Кеңес Одағының батыс шекарасына тұт­қиылдан басып кірді. Сөйтіп, адамзат тарихында қисапсыз қан төгілген сұрапыл соғыс басталды.  Биыл оған жетпіс алты жыл толды. Зымырандай зымыраған уақыт. Бүгінде алапат қырғынға қарсы тұрған Кеңес Одағы да жоқ. Оның құрамында болған елдердің бәрі тәуелсіз мемлекет атанды. Қазірде «Бізге сол соғысты дәріптейтіндей не қажеті бар» деген түрлі пікірлер айтылады. Меніңше, бұл дұрыс сөз емес. Тарихты ешкім қолдан жасамайды. ... Толығырақ оқу →