Басты ақпарат

ҚАНҚЫЗЫЛ КЕЗЕҢ НЕМЕСЕ КІШКЕНТАЙ «КІСІНІҢ» ҮЛКЕН ТЕРРОРЫ

Кеңес Одағы тарихындағы қанқызыл кезең – қанқұйлы үлкен қызыл террор БКП (б) Орталық Комитетінің 1937 жылдың 23 ақпаны мен 5 наурызына дейінгі аралықта өткен әйгілі пленумынан бастау алды. Онда хатшы Иосиф Сталин «Партия жұмысындағы кемшіліктерді, троцкийшілер мен басқа да екіжүзділерді жою шаралары туралы» деп аталатын, өзінің таптық күрестің күшейе түсетіні туралы белгілі тұжырымын қайталайтын баяндамасын жасады. Мұртты көсем өз сөзінде: «…біз неғұрлым алға қадам басқан сайын, табысқа көбірек жеткен сайын қанаушы таптың қираған қалдықтары ызалана түседі, олар күрестің өткірірек түріне бәрінен бұрын баратын болады, осы арқылы Кеңес мемлекетіне залалдарын көбірек …

Ары қарай оқу

АҚ ҰЛПАЛЫ АСТАНА

Желтоқсанның басынан бері күн райы жылымық болып, қыстың ауылы әлі алыс сияқты көрінген. Ал жексенбіде жұрт ұйқысынан оянғанда, жердің жүзі ақ ұлпаға оранып үлгерді. Сенбінің түнінде толассыз жауған қар тұрғындарды біраз әбігерге түсіруде. 45 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТР ҚАР ШЫҒАРЫЛДЫ Қар жауып, көктайғақ болуына орай қалалық қызметтер де күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Осы орайда «Астана Тазалық» ЖШС бас директоры Боранбай Болатбеков көше тазалау жұмыстары бойынша БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді. – Бүгінгі уақытта қаладағы қар тазалығына 1076 техника бірлігі, 2200-ден аса жұмысшы жұмылдырылды. Көктайғаққа қарсы қала көшелеріне 550 текше метр құм …

Ары қарай оқу

ЕЛОРДА ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ

Ғасырдың ең жас астанасы атанған елорданың Алатау бауырынан Сарыарқа сауырына көш түзеуінің 20 жылдығына арналған шаралар көптеп ұйымдастырылды. Салтанатты шаралардың бірқатарына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты. Айтулы күнге орайластырылған салтанатты жиынның бірінде Қазақстан Президенті жаңа елорданың іргесін қалауға үлес қосқан азаматтар­мен кездесті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ЭКСПО конгресс-орталығы ғимара­тында елорданың Астана қа­ласына көшуінің 20 жылдығына арналған «Президент және Астана» атты фотокөрмені аралап көрді. Жиналған жұрт алдында Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөй­­леп, алғашқы жылдардың естеліктерімен бөлісті. – 1997 жылы өз Жарлығыммен Ақмоланы еліміздің ел­ордасы ретінде жариялаған едім. Мінекей, содан бері 20 жыл болды. …

Ары қарай оқу

АЛҒА, «Астана»!

Қазақ спортында тағы бір тарихи жетістікке қол жетті! Бұл жолы футболда бағымыз жанды. «Астана» командасы Еуропа лигасының топтық турнирінен іріктеліп, көктемгі плей-офф ойындарына жолдама алды. Осы жеңіске орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау хатын жолдады. «Сіздердің табыстарыңыз команданың ойынын зор қызығушылықпен әрі үмітпен бақылап жүрген миллиондаған қазақстандықтарға қуаныш сыйлады. Сіздердің жетістіктеріңіз Қазақстанда футболды және спорт саласын одан әрі дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз. Елордамыз Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы бұл жеңістің ерекше символдық мәні бар» делінген Президент құттықтауында. «Астана» соңғы ойынды Прагада өткізді. Жергілікті «Славия» командасымен сынға түсті. Чехтарға плей-оффқа өту үшін …

Ары қарай оқу

ЖӘНІБЕК КӘРІБЖАНОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: АСТАНАНЫ АУЫСТЫРУ БАТЫЛ ШЕШІМ БОЛДЫ

«Арғымақ атқа міндім деп, артқы топтан адаспа!» деген Асан қайғы бабамыз. Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов – түрлі лауазымды қызмет атқарса да, азаматтығы мен әділдігінен таймаған тұлға. Байыппен жүріп, парасатты іс бітірген. Оны біреу білер, біреу білмес. Мәселе онда емес. Жақсылар жүрген жолды ешқашан арам шөп баспайды. Ел құрметтеген қайраткердің саналы ғұмырында талай белесті бағындыр­ған өз сүрлеуі бар. Оған үңілген жан қызығып қарайды. Біз де бір сәт соған назар аударып, ағамен кең отырып көпке ой салар, жастарға бағыт берер әңгіме өрбіттік. ОТЫЗ КӨШЕНІҢ АТЫ ӨЗГЕРДІ – Сөздің басын елдің төрі – елордадан …

Ары қарай оқу

КӘСІПКЕРЛІК КӨШІН БАСТАП ТҰР

Бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлерді бағалаудың жаңа рейтингінде Астана қаласы жеңіске жетті. Бұл тұрғыда Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова «Елорда тынысы» радиохабарында қонақта болып, елордадағы кәсіпкерліктің дамуы инвестициялық саясат, смарт-қала, цифрландыру тақырыптарын қаузап, бас қаладағы жүзеге асып жатқан және болашақтың еншісіндегі бірқатар жобалар жайлы әңгімеледі. БИЗНЕС ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ Әңгімесінің әлқиссасында қазіргі уақытта елордада 316 мың адамның бизнеспен айналысатынын айтқан Малика Бектұрова Астана кәсіпкерлік саласы бойынша басқа өңірлермен салыстырғанда көш бастап тұрғанын атап өтті. – Астанада Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық бар. Сол орталықта бизнес бастаушылар кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттің қандай бағдарламалардың …

Ары қарай оқу

АСТАНА БАРШАНЫ БАУЫРЫНА БАСТЫ

«Қоғамдық сананы жаңғырту – қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізі» тақырыбында Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы өтті. ҚХА басқарушы органы – сессия жұмысын қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев жүргізіп, атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталып өтті. – 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға арналған кешенді шараларды жүзеге асырдық. Әсіресе, бас қаламыздың тарихи-мәдени ескерткіштерін біріктіретін «Қазақстанның киелі картасы» жобасы қызығушылық танытты. Көп шаралардың ішінен «Бозоқ» ғылыми-мәдени экспедициямызды бөліп айтар едік. Өткен жазда белгілі елордалық ғалымдар мен ассамблея мүшелері бірге көне қаланың орнына барып, атқарылуға тиісті жайттардың жайын анықтаған болатынбыз. Бүгінде осы бір көне …

Ары қарай оқу

Бар қазақтың мақтанышы – Астана

Қазақ астанасының Жетісудың алмалы шаһарынан Сарыарқаның салқар төсіне қоныс аударып, өсіп, өркендеп, гүлдену жолына түскен, әлемге танылып үлгерген жылдар! Бас қалаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Астана деп айдар тағылды, ғаламат, сәулеті мен сәні келіскен құрылыс нысандары бой көтерді, дүние жүзі дүлдүлдерінің бағын сынаған сайыстар өтті, ғаламдық проблемаларды, мәселелерді ортаға салып, талқылаған жиындар ұйымдастырылды, жер шарын желпіндірген жыр, ән, той думандарымыз, кешегі ЭКСПО-2017 көрмеміз… талайды таңдай қақтырды, сүйсіндірді. Бұл айтылғандардың әрқайсысы бір-бір тақырыпқа жүк болары анық. Ал бұл жолы қазақ астанасының кешегісін түгендеп, бүгінгі елорданың тарихын сөз етсек. Орынбор – Ақмешіт …

Ары қарай оқу

ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ҰЛЫ КӨШ

Осыдан дәл 20 жыл бұрын. 1997 жылғы 10 желтоқсан. Бұл – Отанымыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Астана қаласының тарихындағы ерекше күннің бірі. Дәл осы күні қаланың орталық алаңында салтанатты жиын өтті. Салтанат барысында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Бүгіннен бастап Ақмола Қазақстанның жаңа астанасы» деп жариялады. Осылайша, Мемлекет басшысының елдің бас қаласын Астанаға көшіру туралы бастамасы ресми жағдайда жүзеге асты. Осы күннен бастап қала тұрғындары үшін ғана емес, барша қазақстандықтар үшін тарихтың жаңа беті ашылды. Сарыарқаның сары аязы шытынап тұрса да, қаланың орталық алаңына жиналған ел-жұрттың жүзінен қуа­ныштың лебі сезіліп тұрды. Алаң …

Ары қарай оқу

ЖАЗЫЛ, ҚАЗАҚ, ГАЗЕТІҢЕ!

Міне, қыстың алғашқы айы – желтоқсан да есік қақты. Сонау қоңыр күзде бастау алған мерзімді басылымдарға жазылу науқаны осы айдың соңына қарай жемісін жинайды. Барша басылымдар өз оқырмандарын санай бастайды. Көп қалған жоқ осы науқан бітуіне, асыға түс, оқырман, қапы қалма, жазыл газет-журналыңа деп барша басылым қазір үн қатуда. Солардың арасынан отыз жылға жуық тарихы бар – бас қаланың бас басылымы – «Астана ақшамының» да үні естіледі. Біздің газет бетінде басылымнан қол үзбе деп аузы дуалы Өмірбек Байгелді, Мырзатай Жолдасбеков, Оралбай Әбдікәрімов, Сансызбай Есілов, Ержұман Смайыл, Оразкүл Асанғазы, Алдан Смайыл …

Ары қарай оқу