-->

Алқоңыр

ЖОЛДА ЖҮРСЕҢ, АБАЙЛА!

5835

Бүгінгі таңда Астанада сегіз бала жол апатына ұшырап, түрлі жарақат алған. Қайғылы оқиғаның алдын алу үшін жаяу жүргіншінің өзі де аса сақ болуы қажет. Сондықтан мектептегі балаларға жол-көлік ережелерін оқыту жергілікті полиция қызметіне жүктелген. №61 мектеп-гимназиясында халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасов атындағы республикалық жол қозғалысы жас инспекторларының слеті аясында «Жас жол инспекторы» атты шара өтті. Оны қалалық Жергілікті полиция қызметі мен білім беру ұйымдарының өкілдері бірігіп ұйымдастырды. Мамандардың айтуынша, слет балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі. Қатысушылар саптық шеру, жол қозғалысы ережесінің білгірлері, велосипедті мәнерлеп жүргізу, жас ... Читать далее »

ОСЫ ЖҰРТ ХАЛИОЛЛАНЫ БІЛЕ МЕ ЕКЕН?

Sunset-on-Hill

Абайдың «Атадан – алтау, Анадан – төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ» деген өлең жолдарын білмейтін қазақ жоқ. Бірақ, тарихи жазбаларда атадан жетеу екеніне аса мән берілмей келеді. Құнанбай төрт әйел алған. Үлкен әйелі – қыздай алған Күңкеден Құдайберді туады. Екінші әйелі – Ұлжаннан туған балалары: Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі – Айғыздан Халиолла, Ысмағұл деген балалары болған. Төртінші әйелі – Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Құнанбай екі баласына үлкен үміт артқан. Халиолланы жастайы-нан орыс оқуына берсе, Абайды мұсылманша оқытады. Балаларын өз атына жаздырғанмен, Халиолла мен немересі Әбдірахманды әкесі Өскенбайдың атына ... Читать далее »

БАС ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

89f83d0327ddd3aae8ff4fe0aa614533

Қалыптасқан дәстүрге сай қыстың алғашқы күні елордада бас шыршаның шамдары жағылды. Шыршаны жағу салтанатына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, барша жұртты келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. – Жаңа жыл – барлығымыз, әсіресе, өскелең ұрпақ асыға күтетін айрықша мереке. Баршамыз да Жаңа жылдан үлкен үміт күтіп, түрлі жоспар құрамыз.  Сол тілегіміздің барлығы орындалсын деп тілейміз. Біздің Қазақстанымыздың мақсаты – Мәңгілік ел атанып, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Біз елімізді дамытып, оның халықаралық аренадағы беделін көтеруге ұмтылуымыз керек. Аға буын нақ сол үшін және Қазақстан жастарының игілігі үшін жұмыла еңбек етуде. ... Читать далее »

АСТАНАДАҒЫ “АБАЙТАНУ” ОРТАЛЫҒЫ

1391428303_abaytanu

                           Елордадағы «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы «Қазақстан-Ресей» университетінің  жанынан ел тәуелсіздігінің 20 жылдық торқалы тойы қарсаңында ашылды. Ұлы бабамыздың ақындық әлемі, оның ортасы, шығармашылық қуаты және артында қалған мұраларын ұлттық этнографиямен байланыстыра өрген орталықтың жұмысы да ауқымды болды.  Оның аясында «Абайтану курсы», «Ұлылар мекеніне саяхат», «Абай биігі – ұлт биігі», «Әнді сүйсең, менше сүй» бағдарламалары қолға алынды. Екі бөлмелі экспозициялық залға үш мыңға жуық тарихи жәдігерлер мен деректі фильмдер жинақталды. Сондай-ақ, төрт жыл ішінде «Ұлылар мекеніне саяхат» атты жоба ... Читать далее »

ТАУСЫЛМАЙТЫН ТҰҢҒИЫҚ

6

Ұлы Абайдың шәкірттерінің бірі – ертегіші Баймағамбеттің шөбересі Ләйлә Баймағамбетова жуырда редакциямызда қонақта болды. Ол өткен аптада 170 жылдық мерейтойы кір жуып, кіндігін кескен жері – Шыңғыстау даласында дүркіреп тойланған теңдессіз тұлғамыздың тіршілігі мен мінез-машықтарынан сыр шертетін естеліктерді ала келді. Ләйлә апайдың өзі Құнанбай әулетіне бөтен емес, Ақылбайдың немересі Қауаштың туған қызы. Қоржынында Абай тұлғасын аша түсетін, ұлы ойшылдың көзін көрген адамдар жеткізген деректер бар екен. Солардың бір парасын оқырмандарымыздың назарына ұсынамыз. БАЙМАҒАМБЕТТІ СӨЗ ӨНЕРІНЕ БАУЛУ Абайдың немере інісі Әрхам Ысқақов өткен ғасырдың 1939-1940 жылдары Семейде ашылған Абай музейінің тұңғыш ... Читать далее »

ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ERA_2764

Бейсенбі күні М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласы Білім басқармасына қарасты Гума­ни­тарлық колледждің 70 жыл­дық мерейтойына арналған «Кәсіби кадр­ларды даярлау стратегиясы: мәселелер мен перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Астана қаласы Білім басқармасы басшысы Эльмира Суханбердиева, Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаментінің директоры Сабыржан Мадеев, Ресей Білім беру академиясының Педагогикалық және ересектерге білім беру институтының директоры Ирина Соколова қатысты. Сонымен бірге, конференцияның жоғары деңгейде өтуі үшін Екатеринбург қаласы Урал мемлекеттік педагогикалық университеті мен Челябі мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдері және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім  академиясы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ... Читать далее »

СӘКЕННІҢ САРА ЖОЛЫН САЙРАТТЫ

ERA_2432

ҚР Ұлттық мұрағатының директоры, ғалым Марат Әбсеметов мынадай дерек келтіреді: «1924 жылы үлкен жиын болады. Онда астананы ауыстыру мәселесі талқыланғанда Тұрар Рысқұлов – Шымкентті, Сұлтанбек Қожанов – Ташкентті, Ораз Исаев – Қызылорданы, Сейітқали Меңдешов – Ақтөбені, ал Сәкен Сейфуллин Ақмоланы ұсынады». Ендеше, Сәкен арманы орындалды деп толық сеніммен айтуға болады. Қазақтың бас қаласы Астана да қайраткер ұлының 120 жылдығын өз дәрежесінде атап өтті. Одан, әрине, Сәкен Сейфуллин мұражайы да қалыс қалмай, нақты мерейтойы күні «Сәкен оқулары» байқауы мен «Сыр сандықты ашып қара» атты әдеби-сазды кешті ұйымдастырды. Сәкен – сегіз қырлы, ... Читать далее »

АЛТАЙДЫҢ АЛТЫН ТАМЫРЫ

ERA_39591

Еуразия ұлттық университетінің жанындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі «алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер» деп, өнегелі жүздесулер өткізіп келеді. Солардың қатарына өлең-сөздің хас шебері, ардақты ақын Ұлықбек Есдәулеттің 60 жылдық мерейтойына арналған «Алтайдың алтын тамыры» атты әдеби-сазды кеш қосылды. Ұлағамен кездесіп, жыр әлеміне еніп, ғибратты әңгіме тыңдауға құштар жастардың ыстық жалыны ерекше сезілді. Алтайдың өр үні естілген бұл кешке жасы да, жасамысы да жиналды. Жаңа толқын, жас буын ақын ағаларына деген құрметін «Қазақия», «Қазақ тілі», «Бұрышқа тұр!», «Хат», «Нұрғисаның аққулары», «Менің фамилиям», «Қолыңнан не келеді?» өлеңдерін мәнерлеп оқумен жеткізіп қана қоймай, ... Читать далее »

ШАҺАРДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ҮЙ

Колололололол2

…Настя әжейдің үйі өзі секілді кәріліктен қаусап, жер болып тұр. Әбден тозығы жеткен шатырына жақын келіп, қолыңды артып, сүйеніп тұруға болады. Уақыттың салмағынан мейілінше шөгіп кеткен осынау саман кірпіштен салынған баспана Астананың көкке бой түзеген көп қабатты ғимараттарының ортасында бейне алып кемелердің арасында қысылып-қымтырылып, теңізге шыға алмай қалған қайықтай жападан жалғыз ербиеді… Әжейдің жертөлесін қала басшылары мен құрылыс компаниясы маңына биік дуалдар тұрғызылып, заңғар нысандар салына бастағанда-ақ құнын төлеп, сырып тастамақшы болған. Сексеннен әлдеқашан асып кеткен жалғыз басты кейуана оған көнбеген. – Мен осы босағадан күйеуім Ваняны соғысқа шығарып салғам. ... Читать далее »

АЛТЫНСАРИН ҒИБРАТЫ АСЫЛ ҚАЛПЫНДА

9xYK-FF9ydQ

Жалпы тарих, оның ішінде қазақ тарихы адам сапасын жетілдірудің ғасырлар бойы шыңдалған ғибраттарының маржандарын қалыптастыратын салт-сана, әдет-ғұрып дәстүрлердің мәдени рухани өремізді айшықтаудағы маңызының ерекше екендігін мойындатады. Рухани өзегіміздің басында әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни, Хорезми, Туси, Омар Хаям, Хафиз, Рудаки, Фирдоуси, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи, Низами, Науаи, Насими, Шоқан, Абай сынды ұлы тұлғалардың тұрғандығы тағы белгілі. Олардың өз рухани мектебі, талапты ізбасарлары болғандығы – дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Тұлғалар еңбегінің жемісі бүгінде ұлт даналығының қайнар бұлағы екендігі баршаға аян. Адамзат қоғамына тән барлық әдептік қасиеттерді – ар, ұят, намыс, қайрат, ... Читать далее »