-->

Әлеумет

Абзал жандар арасында

image0168

Бүгiнгi таңда Елбасы тапсырмасын басшылыққа ала отырып, Астанада медициналық қызмет көрсетудiң қолжетiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында халықаралық стандарттарға сәйкес клиникалық емдеу орталықтары бой көтеруде. Солардың бiрi – 2010 жылы пайдалануға берiлген № 2 көпсалалы клиникалық аурухана. Қазiргi кездiң талаптарына жауап беретiн, медициналық техниканың зама-науи үлгiлерiндегi емдiк және диагностикалық құрылғылармен жабдықталған емдеу орталығының тыныс-тiршiлiгiмен, мұндағы науқастардың жағдайымен жақынырақ танысу мақсатында аталмыш ауруханаға атбасын бұрдық. Бiз барған күн – қаламыздағы жалпы және кеуде қуысы хирургиясы бойынша осы аурухананың жедел жәрдем көрсететiн ургент күнi болып шықты. «Жол болды» деген осы! Iштей жақсылыққа жорыдық. ... Читать далее »

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЕПТIЛIК

Елордада «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын тиiмдi жүзеге асыру еңбек нарығындағы елдiң белсендiлiгiн арттырды. Халықтың әлеуметтiк проблемаларын шешуге бағытталған арнайы бағдарлама бүгiнде алғашқы нәтижесiн көрсетiп отыр. Бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асуда. Алдымен жұмыссыздар мен табысы аз адамдарды оқыту және оларды жұмысқа орналастыру қарас-тырылған. Кәсiптiк бiлiм беру – осының дәлелi. Бұл бойынша белгiлi мамандығы жоқ 150 адам, жаңа кәсiптi меңгеру үшiн қайта даярлау мақсатында – 163, кәсiби бiлiктiлiгiн жетiлдiру үшiн – 170 қатысушы қамтылады деп болжануда. Ақпарат халыққа таралған күннен берi, бұл бағдарламаның игiлiгiн көру ниетiмен 468 адам хабарласқан. Бүгiнде ... Читать далее »

ЖҮЛДЕ АЛҒАН ЖОБАЛАУШЫЛАР

image00813

Ұлық мерекемiз әз-Наурыз биыл жалпыхалықтық көлемде көркейiп өттi. Оған қаладағы құрылымдық мекемелердiң ұлттық салт-дәстүрдi дәрiптеп, асылын айшықтап, көрсете бiлгенi көңiлге қуаныш ұялатты. Мейрамның мазмұны кең, шырайы шарықтағанын «Қазақ елi» алаңынан бастап, қаланың өзге өңiрлерiнде жалпы халыққа арналып өткiзiлiп, кең дастархан жайылғанынан айрықша аңғардық. Соның бiрi әрi бiрегейi «Армысың, Әз-Наурыз!» атты қалалық конкурс болды. Ұлыстың ұлы күнiне арналған мерекенi қалалық Тiлдердi дамыту басқармасы ұйымдастырды. Сайыста көптеген мекемелер мейрамның өзiндiк табиғатын көрсетуде ерекшелiктер танытты. Олар қазақы салт-дәстүрдi көрсетiп, тыңғылықты дайындықтарымен көзге түстi. Қазылар алқасы байқаудың шартына сай мекемелердiң белсендiлiгiн, еңбегiн, шығармашылығын бағалады. ... Читать далее »

Терминал теңгенi «танымайды»

image036

Қазақтың жаңа дизайнмен шыққан теңгелерiн көрiп, бiр марқайып қалдық. Алайда сол теңгелердi кейбiр банкомат пен терминалдардың «танымай» жатқаны, өкiнiштi-ақ. Теңгемiздi «мойындату» үшiн, техниканың тiлiн табу бүгiнгi күннiң басты мәселесiне айналғандай… Астана дүкендерiне және қоғамдық орындарда халыққа қызмет ету үшiн қойылған мультибанктердiң саны бүгiнде жетiп артылады. Банкке барып немесе кезек күтiп шаршаудың қажеттiлiгi азайды. Жолшыбай өтiп бара жатып-ақ, мультибанктiң көмегiмен талай тiрлiгiңдi тындыруға болады. Бұл техниканың көпфункционалдылығы – заман талабының нағыз жемiсi. Алайда жаңадан айналымға шыққан төл теңгемiздi терминалдардың «елемеу» сыры неде? Әлемде ақшаның қорғаныш элементтерi алғаш рет бiздiң теңгемiзде қолданылып ... Читать далее »

Аурудың алдын ал

image0341

Әлемдiк тәжiрибеге сүйенсек, қатерлi iсiктi емдеу негiзгi үш қағидатқа сүйенедi. Олар – ауруды ерте кезеңiнде анықтау, кешендi ем-дом жүргiзу, науқасты медициналық бақылауға алу. Бiздiң медицина мамандары үшiн дәл қазiргi жағдайда осы үшеуiнiң алғашқысы маңызды саналуы тиiс. Неге десеңiз, онкологиялық ауруға шалдыққандар саны жиi кездесетiн еуропаның кей елдерi дамыған диагностикасының арқасында ауруды ерте сатысында анықтап, өлiм-жiтiмнiң санын әжептеуiр азайтуға қол жеткiзiп отыр. Бүгiнде ел аумағы бойынша жалпы саны 144 мыңнан астам науқас тiркеуде тұр. Жыл сайын 30 мыңдай адам қатерлi iсiкке шалдығып, күн сайын аталған ауруға қатысты сегiз жағдай тiркеледi екен. ... Читать далее »

Ардагерлер алғыс айтады

image0321

Елордадағы Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпитальда елiмiздiң әр аймағынан келген науқастар емделуде. Бүгiнде бұл мекемеде астаналық 350-ден астам ардагер тiркеуде тұр. Ең басты айтарымыз, госпиталь ардагер қауымына тегiн медициналық қызмет көрсетедi. Мекеме 2004 жылға дейiн Алматыдағы госпитальдiң бiр бөлiмшесi болып жұмыс iстесе, одан берi жеке клиникалық госпиталь санатында. Госпиталь тек Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне арналған деп аталғанымен, мұнда Ауғанстан соғысының ардагерлерi мен сонда қаза болған жауынгерлердiң отбасы мүшелерi, Чернобыль апатынан, Семей полигонынан зардап шеккендер, саяси қуғын-сүргiн құрбандарына қатысы бар азаматтар, Еңбек ерлерi, Астананың құрметтi азаматтары мен олар-дың ... Читать далее »

Көпшiлiк орындарда қызмет көрсету сапасы көңiлiңiзден шыға ма?

index17

Тоты ӘМIРОВА, ұшқыш: –Айбынын асырып, айшықты шаһар салдық. Астана көркейдi. Ал шаһардың iшкi-жан дүниесiне қаншалықты мән берiп жатырмыз? Менiңше, маңыздысы осы… Астанаға арманын ұштап, қанаттанып келетiндер көп. Қаланың қарбаласты тiршiлiгiне әркiм өзiнше үлес қосып жатыр. Дегенмен қоғамдық орындарда қызмет көрсету сапасы әлi де болса, толықтыруды қажет етедi. Мәселен сауда орындарына барғанда, сатушы алдымен бас-аяғыңызға шолу жасайды. Мұнысы «бiзден бiрдеңе алуға шамасы жете ме?» деп күдiктенгенi. Үстiне жақсысын жапсырып, сықиып киiнген адамға зыр жүгiрiп қызмет көрсетедi. Әлемнiң дамыған елдерiнде қоғамдық қызмет көрсету жүйесi әлдеқайда жетiлген. Табалдырықтан аттағаныңыздан жымия қарсы алады. Қайда ... Читать далее »

Қазақшаны – қаршадайдан

index16

Интернет бетiнен мынадай қызықты мәлiметтi көзiм шалғаны бар. Баланың тiлi ендi ғана шығып келе жатқан кезде оның санасының 3 мың тiлдi қабылдай алатындай мүмкiндiгi болады екен. Келе-келе бұл мүмкiндiктiң деңгейi төмендей бередi де, бала тек өз анасы сөйлейтiн тiлдi ғана жетiк қабылдайтын көрiнедi. Небәрi 2-3 жасар баланың үш мың тiлдi меңгеруге қаншалықты қауқарлы екенiн өз басым нақты айта алмаймын. Бiрақ, баланың жасы неғұрлым кiшi болса, солғұрлым ол екiншi тiлдi де оңай меңгеретiнi анық екен. Мұны мен өз тәжiрибеме сүйенiп айтып отырмын. Өзiм балабақшада тәрбиешi болып жұмыс iстеймiн. Менiң тобым балабақшадағы ... Читать далее »

Ұшу бағасы «ұшып» барады

image00414

«Эйр Астана» iшкi рейстерге сатылатын билеттердiң бағасын қымбаттатады деп хабарлайды Tengrinews.kz тiлшiсi. Аталған компаниядағы баспасөз қызметiнiң айтуынша, iшкi рейстермен қатынау құны орташа есеппен 16 пайызға көтерiледi екен. Өйткенi, 2011 жылы қабылданған «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiру және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» заң бойынша авиациялық керосинге қойылатын бағаны мемлекет тарапынан реттеп отыру iсiн алып тастады. Бұл ұшақ отыны бағасының «ұшып» кетуiне алып келдi. Мәселен, 2010 жылмен салыстырғанда 2012 жылы керосиннiң босату бағасы 200 пайызға шарықтап кеткен. Сөйтiп, Қазақстандағы авиаотын әлемдегi ең қымбат өнiмнiң қатарынан орын алып отыр. «Эйр Астана» басшылары «2011 ... Читать далее »

Қазақ руханиятының қаранары едi

image00413

Күнi кеше қазақ ғылымының қабырғалы қайраткерi, ұлт рухының жаршысы, аяулы азамат, ұлы ұстазым, академик Рахманқұл Бердiбай 85 жасқа қараған шағында өмiрден озды. Бар саналы ғұмырын ұлт игiлiгiне, ғылым мұратына сарп етiп, соңғы сәтiне дейiн ой көрiгiн өшiрген жоқ. Ғылымдағы алғашқы жолын әдебиет теориясы мен тарихынан бастап, халық ауыз әдебиетiнiң бiлгiр, iрi зерттеушiсiне айналды. Ғасырлар бойғы туған халқының iнжу-маржандарын жаңғыртып, жарқыратып елiнiң игiлiгiне жаратуға күш салды. Ұзын саны 60-тан астам түрлi монографиялық зерттеулерi, руханиятқа үн қосқан кiтаптары халықтың баға жетпес қазыналарының қатарын толықтырды. Ұлт үшiн болған қоғамдық жұмыстардың қайнаған ортасында жүрiп, ... Читать далее »