-->

Әлеумет

Астанада мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленді

zhumys

Астана қаласының әкімдігі жұмыс берушілер үшін мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын анықтауды қаулы етті. Қалалық билік елордалық жұмыс берушілер үшін мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеуді қаулы етті. Бұл туралы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мәлім болды. Отырыс барысында 5 нормативтік құқықтық актінің жобасы қаралды. «Астана қаласындағы жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» жобасы жайлы Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Олжас Омар баяндама жасады. Қаулы жобасымен мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету қарастырылған. Егер ұжым құрамында елу және одан да көп адам есепте болса, онда мүмкіндігі шектеулі жандардың саны ... Читать далее »

АҚМОЛА ШАРУАЛАРЫ АСТАНАДА

zharmengke

Астанада «Хан шатыр» сауда орталығының алдында Ақмола облысының азық түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында өткізіліп жатқан соңғы жәрмеңке. Жәрмеңкені ұйымдастырушылардың айтуынша, Ақмола облысының шаруалары елорда тұрғындарына жалпы құны 404 миллион теңге болатын 968 тоннаға жуық өнім әкеліп отыр. «Жалпы Елордаға 70-ке жуық өнім түрін әкеліп отырмыз. 605,2 тонна ет және шұжық өнімдері, 46 тонна сүт өнімдері, 218 тонна көкөніс, 19 тонна балық пен балық өнімдері, 403 мың дана жұмыртқа, 200 тонна картоп, 45 мың литр өсімдік майы және тағы басқа да тауарлар бар. ... Читать далее »

ОТБАСЫҢА ИЕ БОЛ, ОТБАСЫҢА!

akeler

Кеше Астанаға еліміздің әр өңірінен келген ер азаматтар республикалық «Әкелер форумына» қатысты. Бірінші рет өткізіліп отырған форум Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясындағы «25 пайдалы іс» акциясы аясында ұйымдастырылды. Астана қаласы әкімдігі мен Қа­зақстан Республикасы Прези­денті жанындағы Әйел­дер істері және отбасылық-демографиялық саясат жө­ніндегі ұлттық комиссия «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін дәріптеуді, отбасы институтын күшейтуді мақсат тұтқан. – Халқымызда «Отан, отбасы, отағасы» деген – бір-бірінен ажырамайтын ұғым­дар. Бұл шара Мемлекеттік хатшы, Әйелдер істері жөнін­дегі комиссияның төрағасы Гүл­шара Әбдіхалықованың тап­сырмасымен өтіп отыр. Қазіргі таңда Қазақстандағы отбасы саясатының басты бағы­тының бірі ... Читать далее »

ОТАНДЫ СҮЮ – ОРТАҚ ПАРЫЗ

kok-tu

Астана қалалық мәслихатында Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелерге арналған тұрақты комиссияның отырысы өтті. Жиында қалалық Білім басқар­масының басшысы Қасымхан Сенғазыев елордалық білім орда­ларында жас ұрпақтың бойына пат­риоттық рухты қалыптастырудағы атқарылған шаралар жөнінде баян­дама жасады. «Отансүйгіштік тәрбие халқымыздың сан ғасырлық тарихынан бастау алады» деп сөзін бастаған баяндамашы астаналық мектептерде осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңірек тоқталды. 2016-2018 жылдарға арналған патриоттық тәрбиені дамытуға бағытталған кешенді бағдарлама қа­былданғандығын жеткізді. Барлық балабақшалар мен білім орындарында Мемлекеттік рәміздер ілініп, оларға арналған танымдық, ашық сабақтар жиі өтетіндігін баяндады. Әсіресе, оқушылар арасында әскери-патриоттық клубтардың жұмысы жақсы жолға қойылып, бүгінде ... Читать далее »

МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ МЕКЕН

????????????????????????????????????

Қазанның соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қызметкерлер күні. Мүмкіндігі шектеулілерге мейірімін төгіп, қамкөңіл қарияларға қамқор болып жүрген жандардың еңбегі елене бермейді. Қаншама қажыр-қайратты қажет ететін бұл саланың мамандары Астанадағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді. ОРТАЛЫҚТА 95 ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКУЕР ЕҢБЕК ЕТЕДІ Осынау атаулы күннің қарса­ңын­да қаладағы Әлеуметтік қыз­­мет көрсету орталығына арнайы барып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып қайттық. Бізді кіреберістен жылыұшырай қарсы алған жандардың жүзінен мейірім есіп тұрды. Орталық ағымдағы жылдың 1 сәуірінде ашылды. Бұрын әр ауданда – Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарында осындай орындар болған. Биыл бәрінің бірігіп, бір жүйеде жұмыс істеуі ... Читать далее »

КӨК ТҮТІННЕН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАМЫЗ?

kok-tutin

Қыс түссе болды, Астананы көк түтін басатын әдеті бар. Өйткені тұрғындар қаланың дәл ортасында тұрса да, әлі күнге дейін көмір жағуға мәжбүр. Әсіресе, қаламыздың Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы мен Көктал-1 және Көктал-2, «Өндіріс» тұрғын алабы тұрғындары кеш түсе далаға шығудан қаламыз деп жиі шағымданып жатады. Алайда қанша жерден тырысқанмен, бас қаланың бас ауруына айналып отырған түтін мәселесін шешудің жолы әзір мүмкін болмай отыр.  КӨМІРСІЗ ӨМІР ЖОҚ Жеке үйлердің пештері және ұйымдар мен қоғамдық орындардың көмір арқылы жылытылатын қазандықтар мұржаларынан шығатын түтін айналаны көк тұманға көміп, тұрғындардың тынысын тарылтып-ақ отыр. Бұл жағдай ... Читать далее »

АСТАНАДА АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

????????????????????????????????????

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қуатты өңір –  қуатты Қазақстан» бағдарламасының аясында қазанның 29-30 жұлдыздарында Астанада Ақмола облысының күндері өтеді. Осы аптаның аяғында елорда тұрғындары мен қонақтары Астанамен іргелес аймақтың ерекшеліктерімен танысып, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып ала алады. Сондай-ақ, облыстан келетін мәдени ошақтардың қойылымдары мен көрмелерін тамашалайды. Алдағы сенбі-жексенбі күндері «Хан шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының алаңында Ақмола облысының 19 ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпорындарының және «Есіл ӘКК» ҰК АҚ-ның қатысуымен жәрмеңке өтеді. Елордаға 60-тан астам өнім атаулары жеткізіледі. Соның ішінде көрші елдерге экспортқа жіберілетін 605,2 тонна ет және шұжық ... Читать далее »

МҮЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУҒА НИЕТТІЛЕР ӘЛІ ДЕ КӨП

1796557_615906585124521_252282870_n

Ағымдағы жылдың 21 қазанындағы жағдай бойынша елорданың жергілікті атқарушы органдарындағы комиссияларға жалпы сомасы 109 млрд теңгені құрайтын барлығы 8 494 өтініш келіп түскен. Арнайы комиссияның шеші­мімен бүгінге дейін түскен өті­ніштердің 3 545-і қанағат­тандырылып, 37,3 млрд тең­ге­нің 7 676 нысаны заңды түрде тіркеуге алынған. Заңдас­ты­рылған мүліктердің 3 973-і – тұрғын үйлер болса, қалғаны – коммерциялық және басқа мақсаттағы нысандар. Сонымен қатар, 5 заңды тұлғаның қатысу үлесі 457,9 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ, мүлікті заңдастыру науқаны бастау алғалы бері қаржыны жария ету бойынша 494,2 млн теңгеге 479 арнайы декларация тапсырылған. Тағы 8 млн ... Читать далее »

СОЛТҮСТІКТІҢ СЫЙЫ

????????????????????????????????????

Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» бағдарламасының аясында Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтті. Өткен демалыстарда «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы алаңында Қызылжар аймағынан елордаға жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы қызу жүргізілді. Саудамен қатар, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, қызылжарлық өнерпаздар салған әсем әндер халықтың құлақ құрышын қандырды. ЖЕРЛЕСТЕРМЕН ҚАУЫШТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ Солтүстік Қазақстан облы­­сының сауда сөрелерін ара­лағанымызда, азық-түліктің қай ауданнан әкелінгенін анық­тайтын баннерлердің өзі көз сүйсінтті. Шал ақын, Мағжан Жұмабаев, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл, Ғабит Мүсірепов атаулары тәуелсіздік жылдары өңірдің біраз қазақыланғанынан хабар берді. Қызылжарлықтар Астанаға 700 тоннадан ... Читать далее »

ҚАНДАЙ СУ ІШІП ЖҮРМІЗ?

erm_9635

Жұртшылық үйдегі краннан ағып тұрған судың сапасына сенбей, дүкеннен су сатып алып немесе сүз­гіш қойып, әуреге түсіп жатады. Шынымен де елордалықтардың тұ­тынып жүрген ауызсудың сапасы қандай? Жалпы Астана тұрғындары тіршілік нәрі – судың қадірін біле ме? Қандай да бір құбыр жарыла қалса, күннің ыстық-суығына қарамай, күні-түні жұмыс істейтін мамандардың қажырлы еңбегін бағалап жүрміз бе? Міне, тұрғындар тіршілігінің негізгі тетігі – судың төңірегінде осындай сан-салалы мәселелер бар. Жақында «Астана су арнасы» мем­лекеттік коммуналдық кәсіпорны ұйымдастырған пресс-тур барысында көкейде жүрген бірталай сауалдарға жауап тапқандай болдық. ЕЛОРДАЛЫҚТАР СУДЫ ҚАЙДАН АЛАДЫ? Қала халқы тұтынып ... Читать далее »