-->

Әлеумет

ОТАНДЫ СҮЮ – ОРТАҚ ПАРЫЗ

kok-tu

Астана қалалық мәслихатында Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелерге арналған тұрақты комиссияның отырысы өтті. Жиында қалалық Білім басқар­масының басшысы Қасымхан Сенғазыев елордалық білім орда­ларында жас ұрпақтың бойына пат­риоттық рухты қалыптастырудағы атқарылған шаралар жөнінде баян­дама жасады. «Отансүйгіштік тәрбие халқымыздың сан ғасырлық тарихынан бастау алады» деп сөзін бастаған баяндамашы астаналық мектептерде осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңірек тоқталды. 2016-2018 жылдарға арналған патриоттық тәрбиені дамытуға бағытталған кешенді бағдарлама қа­былданғандығын жеткізді. Барлық балабақшалар мен білім орындарында Мемлекеттік рәміздер ілініп, оларға арналған танымдық, ашық сабақтар жиі өтетіндігін баяндады. Әсіресе, оқушылар арасында әскери-патриоттық клубтардың жұмысы жақсы жолға қойылып, бүгінде ... Читать далее »

МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ МЕКЕН

????????????????????????????????????

Қазанның соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қызметкерлер күні. Мүмкіндігі шектеулілерге мейірімін төгіп, қамкөңіл қарияларға қамқор болып жүрген жандардың еңбегі елене бермейді. Қаншама қажыр-қайратты қажет ететін бұл саланың мамандары Астанадағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді. ОРТАЛЫҚТА 95 ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКУЕР ЕҢБЕК ЕТЕДІ Осынау атаулы күннің қарса­ңын­да қаладағы Әлеуметтік қыз­­мет көрсету орталығына арнайы барып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысып қайттық. Бізді кіреберістен жылыұшырай қарсы алған жандардың жүзінен мейірім есіп тұрды. Орталық ағымдағы жылдың 1 сәуірінде ашылды. Бұрын әр ауданда – Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарында осындай орындар болған. Биыл бәрінің бірігіп, бір жүйеде жұмыс істеуі ... Читать далее »

КӨК ТҮТІННЕН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАМЫЗ?

kok-tutin

Қыс түссе болды, Астананы көк түтін басатын әдеті бар. Өйткені тұрғындар қаланың дәл ортасында тұрса да, әлі күнге дейін көмір жағуға мәжбүр. Әсіресе, қаламыздың Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы мен Көктал-1 және Көктал-2, «Өндіріс» тұрғын алабы тұрғындары кеш түсе далаға шығудан қаламыз деп жиі шағымданып жатады. Алайда қанша жерден тырысқанмен, бас қаланың бас ауруына айналып отырған түтін мәселесін шешудің жолы әзір мүмкін болмай отыр.  КӨМІРСІЗ ӨМІР ЖОҚ Жеке үйлердің пештері және ұйымдар мен қоғамдық орындардың көмір арқылы жылытылатын қазандықтар мұржаларынан шығатын түтін айналаны көк тұманға көміп, тұрғындардың тынысын тарылтып-ақ отыр. Бұл жағдай ... Читать далее »

АСТАНАДА АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

????????????????????????????????????

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қуатты өңір –  қуатты Қазақстан» бағдарламасының аясында қазанның 29-30 жұлдыздарында Астанада Ақмола облысының күндері өтеді. Осы аптаның аяғында елорда тұрғындары мен қонақтары Астанамен іргелес аймақтың ерекшеліктерімен танысып, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып ала алады. Сондай-ақ, облыстан келетін мәдени ошақтардың қойылымдары мен көрмелерін тамашалайды. Алдағы сенбі-жексенбі күндері «Хан шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының алаңында Ақмола облысының 19 ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпорындарының және «Есіл ӘКК» ҰК АҚ-ның қатысуымен жәрмеңке өтеді. Елордаға 60-тан астам өнім атаулары жеткізіледі. Соның ішінде көрші елдерге экспортқа жіберілетін 605,2 тонна ет және шұжық ... Читать далее »

МҮЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУҒА НИЕТТІЛЕР ӘЛІ ДЕ КӨП

1796557_615906585124521_252282870_n

Ағымдағы жылдың 21 қазанындағы жағдай бойынша елорданың жергілікті атқарушы органдарындағы комиссияларға жалпы сомасы 109 млрд теңгені құрайтын барлығы 8 494 өтініш келіп түскен. Арнайы комиссияның шеші­мімен бүгінге дейін түскен өті­ніштердің 3 545-і қанағат­тандырылып, 37,3 млрд тең­ге­нің 7 676 нысаны заңды түрде тіркеуге алынған. Заңдас­ты­рылған мүліктердің 3 973-і – тұрғын үйлер болса, қалғаны – коммерциялық және басқа мақсаттағы нысандар. Сонымен қатар, 5 заңды тұлғаның қатысу үлесі 457,9 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ, мүлікті заңдастыру науқаны бастау алғалы бері қаржыны жария ету бойынша 494,2 млн теңгеге 479 арнайы декларация тапсырылған. Тағы 8 млн ... Читать далее »

СОЛТҮСТІКТІҢ СЫЙЫ

????????????????????????????????????

Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» бағдарламасының аясында Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтті. Өткен демалыстарда «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы алаңында Қызылжар аймағынан елордаға жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы қызу жүргізілді. Саудамен қатар, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, қызылжарлық өнерпаздар салған әсем әндер халықтың құлақ құрышын қандырды. ЖЕРЛЕСТЕРМЕН ҚАУЫШТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ Солтүстік Қазақстан облы­­сының сауда сөрелерін ара­лағанымызда, азық-түліктің қай ауданнан әкелінгенін анық­тайтын баннерлердің өзі көз сүйсінтті. Шал ақын, Мағжан Жұмабаев, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл, Ғабит Мүсірепов атаулары тәуелсіздік жылдары өңірдің біраз қазақыланғанынан хабар берді. Қызылжарлықтар Астанаға 700 тоннадан ... Читать далее »

ҚАНДАЙ СУ ІШІП ЖҮРМІЗ?

erm_9635

Жұртшылық үйдегі краннан ағып тұрған судың сапасына сенбей, дүкеннен су сатып алып немесе сүз­гіш қойып, әуреге түсіп жатады. Шынымен де елордалықтардың тұ­тынып жүрген ауызсудың сапасы қандай? Жалпы Астана тұрғындары тіршілік нәрі – судың қадірін біле ме? Қандай да бір құбыр жарыла қалса, күннің ыстық-суығына қарамай, күні-түні жұмыс істейтін мамандардың қажырлы еңбегін бағалап жүрміз бе? Міне, тұрғындар тіршілігінің негізгі тетігі – судың төңірегінде осындай сан-салалы мәселелер бар. Жақында «Астана су арнасы» мем­лекеттік коммуналдық кәсіпорны ұйымдастырған пресс-тур барысында көкейде жүрген бірталай сауалдарға жауап тапқандай болдық. ЕЛОРДАЛЫҚТАР СУДЫ ҚАЙДАН АЛАДЫ? Қала халқы тұтынып ... Читать далее »

Астанада үш мыңнан астам азамат жеңілдікпен ем алды

c-1

Елордада халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына ерекше назар аударылады. Жыл басынан бері 3373 адамға жеңілдікпен санитарлық-курорттық ем көрсетілді, соның ішінде 1349 зейнеткер, 208 ҰОС ардагері және оларға теңестірілген тұлғалар, 1816 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Қызметтер 2015 жылдың қазанынан бастап көрсетілуде: жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының 35%, ал зейнетақының ең төменгі көлемін алушылар қатарынан жасы бойынша зейнеткерлерге жолдама құнының 25%-ы төленеді. Өткен жылдың сәуірінен бастап Астанада күніне бес реттік тамақтануы бар 540 кереует-орынға есептелген қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған Оңалту орталығы жұмыс істеп келеді. Орталық Щучинск-Бурабай курорттық аймағында экологиялық таза орман ... Читать далее »

Мигранттар – ауру ошағы емес

29-004

Астана қаласында «Еңбек мигранттары арасындағы туберкулез мәселесін бұқа­ралық ақпарат құралдары арқылы көтеру» тақырыбында  семинар-тренинг өтті. Екі күнге созылған шарада еңбек мигранттары арасындағы туберкулез мәселесі және осы мақсатта қолға алынып жатқан жобаларға қолдау білдіріп келе жатқан Жаһандық қор туралы жұртшылықты хабардар етті. Сондай-ақ, осы тақырыпта жазып жүрген журналистердің практикалық дағдыларын жақ­сарту жайы сөз болды. Ресми деректерге сүйенсек, елімізге жылына бір миллионға жуық еңбек мигранты келеді екен. Жұмыс іздеп келушілердің басым бөлігін Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия азаматтары құрайды. Еңбек мигранттары санының артуы өз кезегінде безгек, туберкулез, АИТВ секілді бірқатар аурулардың көбеюіне ... Читать далее »

Алимент төлемеген жазаға тартылады

photo_154142

Елімізде алимент өндіріп алу мәселесі өте өзекті күйінде қалып отыр. Құзырлы органдар тарапынан небір амалдар жасалып жатса да өзгенің тәрбиесінде қалған баласына қарайласпақ түгілі халін сұрамайтындардың саны азаяр емес. Соның салдарынан елімізде 350 мыңнан астам бала заң бойынша төленуі тиіс алиментке қол жеткізе алмай келеді. Ал қашқын әкелердің алимент қарыз көлемі 2 млрд теңгеге жуықтаған. Бір ғана Астана қаласының өзінде 7 мыңнан астам бала өздеріне тиесілі 400 млн теңге көлеміндегі алиментін ала алмай жүр. Бір қуантарлығы, өз баласына ақша төлемес үшін сан түрлі айла-шарғыға барып, жұмыс орындарын жасырып, жалақысын бухгалтерия ... Читать далее »