-->

Әлеумет

МҮГЕДЕКТЕРГЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК

551a312620b3b1427779878

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтті. Мүгедектерді жұмыспен қамтудың белсенді шарасында әдеттегі дәстүр бойынша, әлеуметтік қорғау мәселелері,  сонымен қатар еңбек нары­ғындағы ахуал туралы ақпараттар берілді. «Біз осымен үшінші жыл қатарынан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізудеміз. Бір қуанарлығы, бұл игі іске ме­кеме мен кәсіпорындардың қы­зығушылығы күннен-күнге артып келеді. Мәселен, мына шараға 30 жұмыс беруші қатысуда», – деді Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар. Оның айтуынша, мұндай жәрмеңкелер мүмкіншілігі шек­теулі адамдарға бір мезетте бір­неше жұмыс беруші ұйыммен байланысуға мүмкіндік береді. Ал ... Читать далее »

«ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!»

34_2014-2

«Астана-өнім» акционерлік қоғамы – «Әркімнің дауысы маңызды!» атты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған акцияны алғашқылардың бірі болып қолдады. «Акцияға қатысу – әрқай­сы­мыздың азаматтық міндетіміз. Бұл шараны қолдау арқылы біз елдің дамуына өз үлесімізді қосамыз. Барлық отандастарымызды, өзіміз сияқты кәсіпкерлерді еліміздің өміріндегі ең маңызды шараға белсенді қатысуға шақырамын» деді «Астана-өнім» компаниясының бас директоры Ғалымжан Әбдіхалықов. 1998 жылы құрылған «Астана өнім» брендімен  сүт өнімдерін өнді­ретін аттас компания – қаладағы белді шаруашылықтардың бірі. Кәсіпорын қымыз, шұбат, айран, құрт, май, ірімшік, қаймақ тәрізді ағарғанның 20-дан астам түрін шы­ғарады. Оның өнімдерін қаланың 150-ден астам мекемелері  ... Читать далее »

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ – АБЫРОЙЛЫ ІС

ERA_5968

Кеше Астана қаласы әкімдігінде Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен «Тұрғындардың әлеуметтік әлеуеті – Астана бренді» тақырыбында кеңес өтті. Жиынға елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және республикалық ұйымдардың, қалалық басқармалардың, жоғары оқу орындарының, медициналық мекемелердің басшылары қатысты. Жұмыссыздыққа жол берілмейді Жиынды ашқан Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков кеңестің жұмысы барысында елорда әкімдігі мен салалық министрліктер арасында денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау,  білім саласы мен мәдениет пен спортты дамыту бойынша 2015-2017 жылдарға арналған меморандумдарға ... Читать далее »

ҚАРИЯЛАР ҚУАНЫП ҚАЛДЫ

ZAH_8825

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастамасымен Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің ұжымы Наурыз мерекесін атап өтті. Салтанатты шарада мекеме директоры Кенжеболат Бапишев сөз сөйлеп, қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туған халқын бүгінде өрлеу мен өркендеуге бастады. Оның сарабдал саясаты бізді әлемге танытып, дамыған мемлекеттермен тереземізді тең етті. Ал «Мәңгілік ел» идеясы әлі Қазақстанды алпауыт отыз елдің қатарына қосатынына сеніміміз зор. Президент қарияларды да назарынан тыс қалдырған емес. Үнемі қолдау көрсетіп, қошеметтеп жүретініне өзіміз куәміз. Біздің арамызда Ұлы Отан соғысының ... Читать далее »

БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕНІ БЕЙНЕЛЕДІ

ERA_4162

Биылғы келіп жеткен Ұлыстың ұлы күнін – Наурыз мейрамын Еуразия гуманитарлық институтында ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Мерекелік шараның түпқазығы болып Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы таңдалыпты. Сондай-ақ, айтулы мәдени-рухани салтанат ұйымдастырушылардың төл мерейтойы Еуразия гуманитарлық институтының құрылғанына 20 жыл толуымен тұспа-тұс өтті. Гуманитарлық саланың сан-саласына мамандар даярлап келе жатқан институт ұжымы жаңа жыл басын бірлік пен берекеге, ынтымақ пен ырысқа, достық пен татулыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке үндейтін шара өткізуден бастағанды жөн көріпті. Өте ұтымды, әрі өте өнегелі ұй­ғарым болғанына осы мерекелік шараға қатысу барысында көзіміз әбден жетті. Оқу орнының әр ... Читать далее »

ҰРПАҚТАР ҰЛАҒАТЫ

ERA_2885

Ұлы Отан соғысы майдангерлеріне құрмет көрсету, ерлікке тағзым ету халқымыздың берік дәстүріне айналған. Бүгінгі таңда еліміздің барлық елді мекендерінде, оқу орындары мен мекемелерінде ардагерлерге арналған шаралар ұйымдастырылып жатыр. Сондай игі шараның бірін Астана қаласы Есіл аудандық Ардагерлер кеңесі ұйымдастырды. Қаладағы №65 мектеп-гимназияда «Майдангер ұрпақтар кездесуі» атты тағылымды шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қадан Бекенов, Леонид Картаузов, тыл еңбеккерлері Барлыбай Әбелдинов, Роза Бисенова, сонымен қатар, Ауғанстан соғысына қатысқан жауынгер-интернационалистер Амангелді Хасенов, Болат Ермұханов және Ғалым Нұртаев құрметті қонақ ретінде шақырылды. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысқан басқосуда Отан үшін айқасқа түскен майдангерлер ... Читать далее »

«АСАР» ӘЛЕУМЕТТІК АКЦИЯСЫ

ebb432585ffb9575278a7822f4d

Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының қалалық хатшылығының бастамасымен Білім басқармасы мен елорда әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі бірлесе отырып, балалар үйін қолдап, қаржылық демеуге бағытталған «Асар» әлеуметтік акциясын өткізді. Аталған игі шара жетім ба­ла­ларға қайырымдылық көмек көрсету,  Қазақстандағы  қараусыз қалған балалардың тағдырына қоғам назарын аудару мақсатын көздейді. Акция аясында Астана қаласының «Алеф» еврей мә­дени орталығы, «Лад» славян қоз­ға­лысы секілді этномәдени бірлес­тіктер мен түрік және түр­кімен мәдени орталықтары, құқық қорғау органдары және Ұлт­тық қауіпсіздік қызметі мен білім саласының өкілдері Балалар үйінің тәрбиленушілерімен кездесті. Қонақтар балалардың шығар­машылық шеберханаларында болып, олардың өнерін тамашалады. Келген ... Читать далее »

БАЛАЛАРДЫ ШАТТЫҚҚА БӨЛЕДІ

DSC_0625

Қазақстан кәсіподағының 110 жылдығы аясында Астана қалалық Балалар үйінде «Жүректен – жүрекке» атты қайырымдылық акциясы өтті. Бүгінде аталған мекемеде 162 бала тәрбиеленуде. Акция кезінде  тәрбие­ленушілердің спортпен шұ­ғылданып, уақыттарын тиімді өткі­зулері үшін велосипед пен өзге де спорттық саймандар, сонымен бірге планшеттер сыйға тартылды. Н.Алтай, Қ.Қырықбаева, Р.Сатаев сынды әншілер мен І.Рахманқұлов, И.Ов­­сейчик сияқты сиқыр­шылар және Олег, Артем, Магомед есімді бишілер өз өнер­лерімен қайырымдылық ак­ция­сына үлкен қолдау көрсетті. Мәдени шараның екінші бөлімі «Ақ бота» қуыршақ театрының қойылымымен жалғасын тапты. Мұнда 10 жасқа дейінгі бүлдіршіндер «Өті­­рікші» және «Дымбілмес» ер­тегі­лерін тамашалап, танымал мульт кейіпкерлерінің қызықты ... Читать далее »

МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ

094c7fcb88421ed59f00ed39d3752e4b_big

Өткен сенбі күні Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің отырысы болды. Кеңес жұмысына Парламент депутаттары, республикалық этно-мәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Отырыс барысында Кеңес мүше­лері бір ауыздан Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы азаматтардың ҚХА-ға жасаған ұсынысын қолдайтынын жеткізді. Кеңес мүшелері атап өткендей, әлемдік эконо­ми­калық дағдарыс кезінде біздің елімізде мерзімінен бұрын сайлау өткізу «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдар­ламасын тиімді жүзеге асыруға, «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген елімізді дамытуға бағытталған  бағдарламаларды дамы­туға мүмкіндік береді. Отырыс қорытындысы бойынша ... Читать далее »

ҚАРИЯЛАР КӨҢІЛІ БІР СЕРПІЛДІ

IMG_0972

Ақпанның он тоғызы – Дүниежүзілік әділдік пен теңдік күні. Осыған орай «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясының ұйымдастыруымен Астанадағы Қарттар үйінде қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған концерт болды. Концертте  «Еркеназ» триосы, саксофоншы Наталья Бейсенова, Еркебұлан Атығожин, Ернұр Балапанов сынды әншілер өнер көрсетіп, көрермендер қошеметіне бөленді. Ал, Бақытжан Ауылбеков «Шарманка» әніне салғанда, қария­лар тіптен көңілденіп, ортаға шығып билей жөнелді. Азда­ған техникалық ақаудың кесірінен «Сарыарқа» тобы ән орындаған кезде ара-арасында микрофон істемей қалды. Ата-әжелер сол мезетте шапалақ ұрып, әншілерге демеу болуға тырысты. «Сарыарқа» тобы­ның жігіттері де тосылып қалмай, еш сүйемел­деусіз акапелла түрінде Шәмшінің  ... Читать далее »