-->

Әлеумет

СОҒЫМ СОЙЫП АЛДЫҢЫЗ БА?

001

Жұрт арасында «қасқырдан кейін етті көп жейтін – қазақтар» дейтін әзіл-шыны аралас сөз бар. Расында да, Сарыарқаның сарышұнақ аязында қазақтың өмірін қызылсыз елестету қиынның қиыны. Сол себепті болса керек, Жаңа жыл жақындаған кезде, екі қазақтың бірінің әңгімесі соғым жайлы болады. Оның үстіне қазіргі таңда елімізде соғымға арналған қос бірдей сайт жұмыс жасап отыр. Ұзын сөздің қысқасы, астаналықтар қыстық соғымды қайдан және қандай бағада алып жатыр? Қанша жерден өз-өзімізді «қасқырдан кейін етті көп жейтін халықпыз» деп мақтағанымызбен, шын мәнісінде, жағдай басқаша болып отыр. Британ басылымы жазған ақпаратқа сенсек, әлемдегі етті ең ... Читать далее »

Жұмыспен қамту орталығы оқушылар арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізуде

c-2

Астана қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері №2 Ғафу Қайырбеков атындағы мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді. Кездесудің мақсаты – ең қажетті мамандықтар жайлы айтып беру және оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмек көрсету. Дәл осы күні оқушылар пилоттық режимде кәсіптік бағдарлау тестін өтті. «Болашақта жұмыссыздар қатарында болып қалмас үшін қазірден бастап болашақ мамандықты таңдауда барлық жауапкершілікпен және асығыстық танытпай мұқиат кірісу керек. Бүгінгі күнде бізде Астана қаласында жоғары технология саласындағы, инженериядағы, мамандар, әлеуметік салада. Атап айтқанда денсаулық сақтау, білім беру сияқты салаларда және де қызмет көрсету ... Читать далее »

«Астана – мейірімді қала» акциясы шеңберінде 3000-нан аса адамға көмек көрсетілді

c-1

Елордада «Астана – мейірімді қала» қайырымдылық акциясы шеңберінде көмек көрсету жалғасуда.  «Есіл» ауданы әкімінің аппараты 1 желтоқсаннан бері 800 адамды қамтыған, бұл – асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар. Олар үшін азық-түлік жинақтары дайындалды. Келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне орай себетке бірінші қажеттілік тауарларынан басқа, мандарин, банан, ірімшік, шұжық және шайға тәтті-дәмді салынды. Акция өтетін уақытта аз қамтылған, көп балалы отбасылар қатарынан тағы 30 адамға аудандағы ұйымдар қайырымдылық көмек көрсетті. «Алматы» ауданы әкімдігінің мәліметінше, «Астана – мейірімді қала» акциясы шеңберінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына көмек көрсетілді, барлығы 1000-ға жуық адам қамтылды. Шараға ... Читать далее »

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 5 мың елордалық жұмысқа орналастырылды

c

Қалалық мәслихатта қоғамдық тыңдау өтіп, онда «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде елордада жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жұмыстың нәтижелері қаралды. Үстіміздегі жылы бағдарламаны іске асыру қорытындыларын қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндеттерін атқарушы Артем Әбілдинов баяндады.  Оның айтуынша, 2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы екі бағыт бойынша іске асырылуда: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамту» және «Оқыту арқылы жұмысқа орналасуға көмектесу және жұмыс берушінің қажеттіліктері шеңберінде көшіру». «Бағдарламаны қаржыландыру көлемі 3 млрд. 559,1 млн теңгені құрайды. Соның ішінде, ... Читать далее »

Ғаламды жаулаған ғаламтор

10

Фейсбук, Твиттер, Инстаграм тағы басқа әлеуметтік желілердің сан түрін білеміз. Кейде қызығына түсіп, желі аралап кетсек, алтын уақытымыздың қалай зыр етіп өте шыққанын білмей қаламыз. Жалғыз сіз бен біз емес, әлемде 1,8 млрд пайдаланушының әдеті сол екен. Қазіргі күні психологтар «Интернетке тәуелділік» деген терминді тауыпты. Мұны мамандар ауру деп санайды. Бұл сырқаттың жылдам таралып келе жатқаны соншалық, шылым шегу мен араққұмарлықтан бетер өршіп келеді. Виртуалды өмірге адамның еті де тез үйреніп кетеді екен. Ең қорқыныштысы, интернетке бір кірген адам оның иірімдеріне малтығып, шынайы өмір мен виртуалды өмірдің арасын ажыратудан қалады. ... Читать далее »

ҚАНДАЙ МУЛЬТФИЛЬМ КӨРІП ЖҮРМІЗ?

spanch-bob_1

Психологтар балалардың қалыптасуына кері әсері бар мультфильмдердің тізімін жасапты. Олардың пікірінше, ресейлік арналарды жаулап алған «Маша мен аю» мультсериалы балалар үшін ең қауіпті болып саналады екен. Екінші орында – американың «Монстр Хай», үшінші орында «Губка Боб» мультсериалы тұр. Балалар үшін зиянды деп танылған мультфильмдерді тоқтатуға қауқарымыз шамалы. Оның ащы ішектей созылған сериялары толас­сыз беріліп жатады. Са­ғат­тап көрсетілетін фильм­дер­ді көрген сайын оның ке­йіп­керлерін де құдды отба­сы­мыздың бір мүшесіндей се­зінетініміз де рас. Содан да болар, теледидардың ішіне түсіп кететіндей телміріп қараған балаға да «қой» де­мейміз. Ал балаларымыз өзгеге еліктеп, өз болмысынан ажырап ... Читать далее »

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ         

zharmengke

Астанадағы «Хан шатыр»  ойын-сауық орталығы маңында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде. Күздің қара суығы үдеп тұрса да, қала тұрғындары жәрмеңкеден әсіресе, азық-түлік өнімдерін көптеп сатып алуда. Күрең күз басталғаннан бері елордада Тәуелсіздіктің ширек ғасыр тойына арналған  «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты ауқымды шара барысында барлық облыстардың күндері өтіп, соның аясында ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған еді. Ал бүгінгі жәрмеңке де елордамен шектесіп жатқан өңірлер мен іргедегі ауылдардың жеке кәсіпкерлері өндірген  өнімдері саудаланды. Олардың бағасы да соншалықты қымбат емес. Мәселен, жылқы еті – 1 300 теңгеден, ірі қараның еті –1200 теңгеден, ... Читать далее »

АКЦИЗДІК ШАРЫҚТАУ АРАҚ ПЕН ШЫЛЫМНАН АЛЫСТАТА АЛА МА?

obrazets

Тарих қойнауына кетіп бара жатқан биылғы жылдың айтарлықтай жаңалығы арақ-шарап пен темекі өнімдері бағасының қымбаттауы болып отыр. Жақында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев келесі жылдан бастап 2019 жылға дейін кезең-кезеңімен көтеру жоспарланып отырғанын мәлім етті. Яғни, келесі жылдан бастап ең арзан арақтың құны – 2000, ал темекі өнімдерінің құны 300 теңгеге дейін жетуі мүмкін деген сөз. Министрдің айтуынша, 2017 жылы 1 литр алкоголь өнімінің акциз құны 1380-ден 2000 теңгеге өседі. «2018 жылы – 2275 теңгеге, 2019 жылы 2550 теңгеге дейін жетеді. Темекінің 1000 данасына салынатын акциз салығы 2017 жылы 5000-нан ... Читать далее »

АҚМОЛА ШАРУАЛАРЫ ЖАРЫЛҚАДЫ

????????????????????????????????????

Астана қаласында Ақмола облысының күндерi болып өтті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» айлығы аясында өткен бұл ауқымды шарада ақмолалық шаруалар жәрмеңке өткізіп, астаналықтарды арзан әрі сапалы азық-түлікпен жарылқап тастады. Аймақтың мәдени күндері аясында өткен екі күндік шараға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин қатысып, аймақтың жетістіктерімен танысты. «Хан Ша­тырдың» алдына жиналған жұртты «Көкшетау» мəде­ниет сарайының өнер­паздары мен облыстың 19 ауданынан сайдың тасындай іріктеліп алынған кіл жүйріктер мере­келік театрлан­дырылған қо­йылым қойып, жырдан ша­шу шашып қарсы алды. Сонымен қатар, тоғызқұмалақ, асық ату, кір ... Читать далее »

ҚАҢҒЫБАС БАЛА ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

????????????????????????????????????

Бүгінде қаңғыбас балалардың санының артуы өте өзекті мәселеге айналып отыр. Бейресми деректерге сенсек, елімізде ата-анасы бола тұра, көше кезіп, қаңғыбастыққа салынып жүрген балалардың саны жыл сайын 100 мыңнан асады екен. Қоғамдық тәртіпке жауапты органдар мен әртүрлі ұйым өкілдері еліміздің әр қаласындағы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарынан келіп түскен деректермен ғана шектеліп отыр. Кейбір сарапшы мамандар тәртіп сақшыларының қолына түспей жүрген, бейімдеу орталықтарына келмей жүрген қаңғыбас балалардың нақты статистикасын анықтау еш мүмкін еместігін айтады. 18 ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ Қазір ел аумағында кәмелетке толмағандарды бейімдейтін 18 орталық жұмыс істеп жатыр. Мұндай орталықтарға жы­лына ... Читать далее »