Среда, 28 Июнь 2017
-->

Әлеумет

ҚАРТТАРҒА – ҚҰРМЕТ, ЖАСТАРҒА – ІЗЕТ

Астаналық этно-мәдени орталық­тарының сан-салалы жұмысының бір бағытты қарттарға құрмет болып табылады. Саналы өмірін еліміздің экономикасын дамытуға атсалысқан азаматтар қоғам өмірінен тыс қалып жүрген жоқ. Олар бүгінде жастарға жол көрсетер өнегесімен де сыйлы болып жүр. Осындай игі істер «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығында іске асып жатыр. Татар ағайындардың салт-дәстүрі сөз болғанда, жыл сайын өткізілетін ұлттық мерекесі «Сабантойды» атап өтпей бол­мас. Бұл мереке қаламыздағы әр түрлі ұлт пен дін өкілдерінің басын қосуға да себеп болып жүр. Бұл күні ақсақал­дардың даналығына, жас­тардың күшіне құрмет көрсетіледі. Шара барысында меймандар түрлі байқаулар мен халықтық ойын­дарға қатысады, ... Читать далее »

ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРАДЫ

Сәуірдің 18-і мен 22-сі аралығында Астанадағы «Азия» бизнес ор­талығында жастарға арналған жұмысқа орналастыру бойынша тегін тренинг өткізіледі.  Оған 18-29 жастағы кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі семинарлар барысында ең бірінші саты – жұмыс іздеуден бастап, мансаптық баспалдақпен көтерілу ережелерімен және жолдарымен таныстырады. Жо­баның негізгі міндеттері – жастардың ұйымдастырушылық, шығармашылық және басқа да қабілеттіліктерін дамыту, сондай-ақ, басқару дағдыларын, өз позициясын құру және оны қорғау шеберлігін үйрету. Шараны Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» орталығы ұйымдастырады. Тренингтер сағат 18:00-21:00 ара­лығында өтеді. Барлық қатысушыларға семинар соңында сертификаттар беріледі. Анықтама телефондары: ... Читать далее »

ӘР АСТАНАЛЫҚ АРДАГЕРГЕ – МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

Ұлы Отан соғысында ерлік пен өрліктің үлгісін көрсеткен майдангерлерді құрметтеу – бүгінгі ұрпақтың бұлжымас парызы. Жыл өткен сайын сол бір сұрапыл күндердің куәгерлерінің қатары сиреп барады. Сондықтан да қазыналы қарияларымызды көзінің тірісінде ардақтаған абзал. Осыны ескерген Астана қаласының әкімдігі Ұлы Отан соғысына қатысқан елордалық ардагерлердің әрқайсысына биыл да 1 миллион теңгеден бөлінетін болды. Бұл жөнінде қалалық мәслихаттың екінші сессиясында Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов мәлімдеді. Алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин, қалалық мәслихаттың хатшысы Жанат Нұрпейісовпен бірге Алматы, ... Читать далее »

ЖАСТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ — БАСТЫ МАҚСАТ

Күні кеше VI шақырылымдағы Астана қалалық мәс­­лихатының депутаты болып сайланған Асхат Ора­лов жастар мәселесін көбірек көтеруге ниетті.  Ол  ең  алдымен  еліміздің болашағы жас  азаматтардың бел­сен­ділігін арттыруға кіріспекші. Әңгімеміз осы жөнінде. – Асхат, білуімізше сіз «Нұр Отан» партиясы «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасарысыз. Одан бөлек, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 2-курс доктаранты екенсіз. Өзіңізді бұған дейін үнемі қаладағы қоғамдық-саяси ша­ра­лардың басы-қасында жиі кездестіретінбіз. Сайлаудағы жеңісіңізден кейін қала өмі­ріне қосар үлесіңіздің басты бағыты не болмақ? – Қалалық мәслихаттың депутаты болғанымды жеңіс, жетістік деп қабыл­даған­нан бұрын бұл орынға үлкен жа­уапкершілікпен қа­раймын. Алғашқы мақсатым – жас­­тардың ... Читать далее »

ӘЙЕЛ – ОТБАСЫ ШАМШЫРАҒЫ

Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқар­масы мен қала әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығы «Әйел – отбасы шамшырағы» атты шара өткізді. Әйел­дердің қоғамдағы рөлі, отбасы құн­дылығы мен болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық дәс­түріміздің құнды­лықтарымен ұштастыру өнегесін тал­даған тақырыпта өткен жиынға қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатының ұс­таздары Ақбөпе Тілегенова және басқа да қа­лалық басқармалардың өкілдері қатысты. Қазіргі кездегі тас­танды сәбилер мен әлеуметтік жетім балалардың көбеюі, өскелең ұрпақтың бұралаң жолға бейім тұруының аста­рын­да, әрине, отба­сы­лық институт құн­дылықтарының әлсі­ре­уі­нен екені белгілі. Баян­дама жасағандар әлеу­мет­тік мәсе­ле­лерді топтас­тыра келіп адамдардың ру­хани дүниесінің жан­дануына ... Читать далее »

ЕҢБЕК МИГРАНТЫ ЕЛ ЗАҢЫНА БАҒЫНУЫ КЕРЕК

Астанада еңбек миграциясы жəне адам саудасына қарсы  мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өзара əрекеті тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Онда осы мәселелерге қатысты мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өзара əрекетін дамытуға бағытталған шараларды жария етті. Көршілес мемлекеттерден екі қолға бір күрек деп, елімізді бетке алып жолға шыққан еңбек мигранттарының легі толастар емес. Ал, Еура­зиялық экономикалық одақ аясында жұмыс күшінің еркін айналымы бұл үдеріске жаңа серпін берді десе болғандай. Ендігі жерде одаққа мүше елдердің азаматтары рұқсат қағазына жүгінбей-ақ, жұмысқа орналаса алады. Десе де, ресми тіркеуден айналып өтіп, өзге елден қонақ болып ... Читать далее »

ТУРИСТІК МАРШРУТТАР ҚАТЫНАЙДЫ

Кеше Ресей Федерациясы Пенза облысы делегациясының Астанаға ресми сапары барысында елордалық Инвестициялар және даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Исабеков пен Пенза облысының Мәдениет және мұрағат басқармасының басшысы Татьяна Курдова туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құнды құжатта аймақтар арасындағы туризм саласын дамыту мақсатында тәжірибе алмасып, жаңа туристік маршруттар ашу көрсетілген. Шараға «Астана ЭКСПО–2017» ҰК» АҚ, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС және қалалық туристік фир­малардың өкілдері қатысты. – Бұл екі жақты келісім ынтымақтастығымызды нығайта түседі. Пенза облысында 100-ден аса белгілі адам дүниеге келген. Біздің аймақта көруге тұрарлық мәдени ошақтар жеткілікті. ... Читать далее »

Астана әлемдік флешмобқа қатысады

2 сәуір – Бүкіл­әлемдік аутизм жай­лы ақпарат тарату күніне орай жыл сайын әлемнің әр түкпірінде «Light It Up Blue» флешмобы ұйымдастырылады. Аталған шараға Ас­тана биыл алғаш рет қосылмақ.  Бұл күні елордадағы бас­ты көрікті жерлер – «Бәй­терек» монументі мен «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының сыртқы жа­рық­тандырылуы көк түске боялады. Сонымен қатар, аутизмге шалдыққан бала­лардың, спорттық және шы­ғар­машылық ұжым­дар­дың қатысуымен акция өтеді. Бұл шараларды өткізу туралы бастаманы «Сенім» психологиялық-педа­го­ги­калық түзеу орталығы кө­теріп отыр. Сондай-ақ, ак­цияға Астана қаласының әкім­дігі, аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналары мен еріктілер қолдау көрсетуде. – Біздің басты мақса­ты­мыз – қоғам назарын ... Читать далее »

ДАҒДАРЫС БАСПАНАСЫ ҚОРЛЫҚТАН ҚҰТҚАРА МА?

«Астана қаласы әкімдігінің зорлық-зомбылықтың немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арнал­ған дағдарыс орталығы-бас­панасы» өз үйінде қор­лық көретін әйелдер мен бала­лардың уақытша болса да жан жұбатар жері болып отыр. Орта­лықтың ашылғанына үш жылға жуық өтті. Астана әкімдігінің қаулысымен 2013 жылы мамырда ашылып, осы жылдың соңы­нан жұмы­сын бастаған еді. Бұл бөлек салынған ғимарат, бірнеше жатын бөлмелері, әлеу­меттік, ме­дициналық, психо­логия­лық қызмет көр­сетілетін арнайы орындары тағы бар. Мұнда ашылғалы бері жүзге тарта әйелге, екі жүзге таман балаға қызмет көрсетілген. Жыл басынан бері 41 балалы әйел уақытша тұрып жатыр. Әйел құқықтарын қорғау, ... Читать далее »

Хош иісті кәсіп

Бортсерік, «Су перісі», суретші… Өзім сұхбаттасқан ең романтикалық мамандық иелерінің қатарына енді флорист де қосылды. Адамдарға арқа-жарқа көңіл-күй сыйлап, нәзік жандылардың жүрегін дір еткізуге құдіреті жетерлік іс өз-өзінен романтикаға сұранып тұрған жоқ па?! Елордалық гүл дүкендерінің бірінде өткізген күнім барысында осыған көз жеткіздім. Әр гүлге бөлек бап керек Әсемгүл Омарова есімді флориспен алдын ала келіскенімдей, дүкенге таңғы сағат сегіздер шамасында жеттім. Бір ғана тәулік бұрын Голландиядан гүлдердің жаңа топтамасы әкелініпті. Оларды ыстық суға салып, күлтелерінің қабын шешуге кірістім. Флористің кө­мекшісі болған тіптен қызық екен. Барлық жұмысты шынайы ыждаһаттылықпен істейсің. Құдды ... Читать далее »