-->

Әлеумет

ЖОЛДА ЖҮРСЕҢ, АБАЙЛА!

5835

Бүгінгі таңда Астанада сегіз бала жол апатына ұшырап, түрлі жарақат алған. Қайғылы оқиғаның алдын алу үшін жаяу жүргіншінің өзі де аса сақ болуы қажет. Сондықтан мектептегі балаларға жол-көлік ережелерін оқыту жергілікті полиция қызметіне жүктелген. №61 мектеп-гимназиясында халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасов атындағы республикалық жол қозғалысы жас инспекторларының слеті аясында «Жас жол инспекторы» атты шара өтті. Оны қалалық Жергілікті полиция қызметі мен білім беру ұйымдарының өкілдері бірігіп ұйымдастырды. Мамандардың айтуынша, слет балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі. Қатысушылар саптық шеру, жол қозғалысы ережесінің білгірлері, велосипедті мәнерлеп жүргізу, жас ... Читать далее »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ ТӘРТІП ҚАДАҒАЛАНАДЫ

6e532819-ee9a-4a98-9a06-786b1e948ffa-3-asli

Татьяна Наношкина есімді қала тұрғыны 7 наурызда №64 бағдардағы автобуста орын алған келеңсіздікке қатысты шағым түсірді. Әлеуметтік желі арқылы қынжылысын білдірген ол дұрыс қызмет көрсетпеген жүргізуші мен кондукторға сөгіс беруді талап етті. Астана әкімдігі жолаушыларға қызмет көрсету сапасына, жүргізушілер мен кондукторлардың тәртібіне баса назар аударады. Жоғарыдағы сауалға жауап берген қала әкімі Әсет Исекешев осындай шағымдардың жиі түсе­тінін айтып, шаһардағы 8 автобус паркінің 7-еуі жеке­меншік екенін, сондықтан алдағы уа­қытта жаңа модельге көшірілетінін мәлімдеді. Қала тұрғыны өтінішінің нәтижесінде «№7 авто­парк» әкімшілігі автобус жылдамдығын асырған, аял­дамаға дер кезінде тоқтамаған жүргізуші М.Мырзахметов пен кондуктор ... Читать далее »

Мәселені бірлесе шешеді

kbb_1758-3-asli

«Право» қоғамдық қоры мен «Уақытша тұру орталығы» ЖҚ бірлесіп, «Әйелдер мен балалардың құқығы» деген тақырыпта көш­пелі әлеуметтік бюро өткізді. Сондай-ақ, «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында №71 мектеп-лицей оқушыларының қаты­суымен флешмоб ұйымдастырылды. Аталған қоғамдық қордың заңгері Ақнұр Исаеваның айтуынша, ұйым балалар мен әйелдерді қылмыстың барлық түрінен қорғауға күш салады. Мәселен, ол жұмыс барысында жыныстық қол сұғушылық жиі кездесетінін алға тартып отыр. – Біздің қоғамдық ұйым кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мен әйелдерге көмек көрсетеді. Бүгінгі шараның мақсаты балалар мен әйелдердің құқығына қол сұғушылықтан қорғау болып отыр. Өйткені қоғамда әлі де болса балалар мен әйелдерге ... Читать далее »

БЮДЖЕТ КІРІСІ КӨБЕЙДІ

finance_221015-asli

Жыл басынан бері мемлекет кірісіне пәтерді жалға берушілерден 18 млн теңгеден астам қаржы түсті. Бүгінде Астанада «Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде пәтерлерді тіркеусіз жалға берумен айналысатын тұлғаларды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Осындай шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері 1000-нан аса жеке кәсіпкер тіркелді және мемле­кеттің кірісі 18 млн теңгеден астам қаржыға көбейді. Қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Ғосман Жакиннің айтуынша, өткен жылы учаскелік полиция инспекторлары мен Мемлекеттік кірістер департаменті қыз­мет­керлерінің бірлескен іс-қимылының нәти­жесінде қала бюд­же­тіне 85,6 млн теңге кіріс түскен. Орынбек  ӨТЕМҰРАТ Читать далее »

АСТАНАЛЫҚ ҒАСЫР-ӘЖЕ

ghasyr-azhe-3-asli

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астана қаласының 102 жастағы тұрғыны, тыл еңбеккері Дана Досполованы Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. – Сіз өз өміріңізде көп жағдайды бастан кешірдіңіз. Басқа да қазақстандықтармен бірге тылда аянбай еңбек етіп, Ұлы Отан соғысындағы жеңісті жақындатуға үлес қостыңыз. Одан кейін елдің еңсесін көтеруге атсалысып, балаларыңыз бен немерелеріңізді бағып-қағып өсірдіңіз. Оларды Отанды сүюге, оны көркейту жолында талмай еңбектенуге үйреттіңіз. Көктемнің осындай тамаша сәтінде сізге шексіз тағзым мен ілтипат білдіруге рұқсат етіңіз. Шын жүректен мықты денсаулық, қажымас қайрат, бақ-береке тілеймін! Жақындарыңыздан тараған қамқорлық пен сүйіспеншілік ... Читать далее »

ТАСҚЫН СУДАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ?

kbb_1736-3-asli

Қыс бітіп, қалың қар ери бастаған кезде су басу қаупі арта түсетіні белгілі. Сол себепті елордада селдің алдын алу жұмыстары басталып кетті. Кеше Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аяқталды. Биыл қалада қар мен жауын-шашынның мөлшері әдеттегіден екі есе көп. Осы орайда, төтенше жағдай қызметкерлерінің басты міндеті – қаланы қардан тазалап, тасқынды болдырмау. Қазіргі таңда қала бойынша тасқын жүруі мүмкін 37 аумақ белгілі. Олардың төртеуі Сарыарқа ауданына қарасты. Күннің күрт жылуынан 300-ге тарта жекеменшік үйі бар Көктал кентін су ша­йып кету қаупі жоғары. Елді ме­кендегі Мүгедектер ... Читать далее »

Қазақтан шыққан Тұңғыш ханымдар

bez-shhd1

Қазақтың басына қауіп төнген сын сағатта атқа мініп, жауға қарсы шапқан апа-аналарымыз көп болған. Тұмар патшайымнан бастап, Бопай ханшайымға дейінгі батыр аналарымыз елдің ертеңі үшін күресті. Ал екінші дүниежүзілік соғыстың оты тұтанған сәтте Мәншүк пен Әлия сынды жүздеген жауынгер қыздар майданға аттанды. Осындай батыр аналарымыздың ізін қазақтан шыққан тұңғыш әйел-генерал Сәуле Айтпаева жалғастырды. Қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш күйші Дина Нұрпейісова болатын. Құрман­ғазыдан сабақ алған ол Түркештің, Соқыр Есжанның, Мүсірәлі мен Әлкейдің, Дәу­­леткерейдің күйлерін нақы­шына келтіре орындайтын болған. Күйші туралы композитор Ахмет Жұбанов: «Дина ұзын да сүйріктей сау­сақтарымен домбыра пер­не­сінде, ... Читать далее »

Сәкен серінің «Рузтайы»

roza-tate-asli

Қазақтың даңғайыр жазушысы Сәкен сері Жүнісовтің туған қарындасы Роза Нұрмаққызы да екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы қазақ жеріндегі неше дүркін саяси-әлеуметтік дүмпуді өз басынан өткеріп, соның бәрін жүрегінде сақтап қалыпты. Ерен зеректік қой бұл. Кез келгенге ол бұйырмаған. Өмір жолын саралай отырып, әулетімен ұлт саулығы жолында қызмет еткен Роза Жүністің мына бір әңгімесі ойлантқандай. Бұл күйді мен де, ол да, барша солтүстіктіктер де бастан кештік емес пе. Соның «жемісін» әлі де көрудеміз. Иә, «Арқа жайлы болса арқар ауып» несі бар… «Сөнбейді жаққан шырағың» атты кітабында Роза Жүніс мына біз айқайлап айта ... Читать далее »

Кәсіпкер келіншек

nazgul-makzhan-asli

Қоғамда белсенді әйелдер көп. Солардың бірі әрі бірегейі – Назгүл Мақжан. Бірегей дейтін себебіміз, энергетика саласында бизнесін бастаған келіншек аз уақыттың ішінде өз ісін дөңгелетіп үлгерді. Биыл Назгүл Сейітқожақызы басқаратын «Astels» ЖШС кәсіпорыны  энергетика саласы бойынша еліміздегі ең үздік 10 компанияның құрамына енді. Назгүл Мақжан – Ақмола өңірі­нің тумасы. Мамандығы – заңгер әрі экономист. Қара­пайым отбасынан шыққан ол еңбек жолын жарнама менеджері қызметінен бастап, «Көкшетау» газетінде журналист, одан кейін ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде арнайы жасақталған бөлімнің жедел уәкілі болып еңбек етті. «Бұл жерде ... Читать далее »

«Жұлдыздың» жетістігі

img_20161202_134605-3-asli

«Сарыарқа» велотрегінде орын тепкен «Жұлдыз» көркем гимнастика мектебі «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ашылған.  Мектеп елордалық жеткін­шектерді көптеп тартып, еліміздегі көркем гим­нас­тиканың дамуына жаңа серпін беріп келеді. Еліміздің ұлттық құра­масының жеткіншектер тобына осы мектептің тү­лектері еніп отырғанын «Жұлдыздың» жетістігі деп айту керек. Селина Жұматаева, Медина Нұрғали, Азалия Бейбітова, Дара Затынбек секілді спортшылар – «Жұлдыздың» мақ­танышы. Жас өрендерді көркем спортқа білікті жаттықтырушылар, хорео­графтар дайындайды. Ерекше ептілігі бар, тал бойында міні жоқ қыздардың арасынан жұлдызы жанып тұрғандарының талантын байқап, шеберлігін шыңдайтын – бапкерлер. Солардың қатарында Айжан және Гүлжан Жолымбетовалар да бар. Егіз ... Читать далее »