-->

Әлеумет

Тұрғындар неге «алаң көңіл»?

ZAH_4298

Жақында белгілі бір психологтан астаналық менталитет туралы сұрадым. Жоғары санатты маман қазіргі күнде біздің қаланың тұрғындарына «алаң көңіл» тән екенін айтты. Осы пайымның астарында еліміздің әр аумағынан көшіп келіп, астаналық атанғандардың өздерін «бөтен» сезінуі, осы жерге алаңсыз тамырлай алмай жатқанын айтты. Мұндай психологиялық кедергі қала үшін қиянат екенін айтқан маман мына мысалды келтірді. Күнделікті ауланы тазалап, жолдың тас кірпіштерін қалап жатқандардың жұмысын бақы­лаңыз. Немесе ауладағы тал-теректердің өскен бұтақтарын қырқып жүрген немесе көк шал­ғынды күзеп жүргендерге көз салыңызшы. Егер жұмыскер осы ауланың тұрғыны болса ерекше ұқыптылықпен, балаларым мен немерелерім қызығын көрсін ... Читать далее »

Шрекке қарап қалдық па?

Меніңше, барша бала біткеннің бір арманы бар. Ол – Астанаға келіп, «Бәйтеректі» көріп, «Хан Шатырда» жүріп, Есілдің бойын кемемен жүзіп аралау. Өткен демалыста ауылдан келген жиендерімді қарсы алып, қаланы көрсеттім. Осы екі күнде елорданың ішкі туризмдегі жетістіктерін бағалауға мол мүмкіндік болды. Алғашқы күндері Есілдің жағалауы мен Орталық бақта сейілдесе, мұражайларды да аралап танымын көтерді. Кешкісін кинотеатрға барып, шетелдің мульт­филь­мін тамашаладық. Бір қызығы, фильм басталмас бұрын, он минуттай басқа елдің кино туындыларының жарнамасын берді. Өзіміздің кино өндірісіміздің артта қалғаны осындайда білінеді. Жат сананы қаймағы бұзылмаған ауылдың баласының санасына сіңдіріп, өзгеше ойлауға ... Читать далее »

Сағындырған сары қымыз

00000

Төрт түлік малдың асылы – жыл­қының еті мен сүтінің дәру екені ертеден белгілі.  Бүгінде бие байлап, қымыз баптап, шаруа жайын білгендер азайып барады. Берекелі сусынды сағынғанда базарға барамыз. Өкінішке орай, нағыз қымыздың ширегіне де келмейтін сусынды ішуге мәжбүрміз. Бір жылдары базардан сатып алған ащы қымызды іше-іше асқазанымды ауыртқаным бар. Емдік сусынның кеселге айналуына не себеп болды? Алдымен, алыс ауылдардан қымызды қалаға жеткізуде кінәрат бар. Күннің ыстығында ашыған қымызды ашуын басып, тұшытатын технологияны қолдануды сатушылар қаперіне ілмейді. Оларға қымыздың тез сатылып кеткені керек. Пайдасына қызыққандар қымызға су құйып та қулығын асырғысы ... Читать далее »

«Нұр Отан» партиясы Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған көшпелі семинар-тренинг өткізді

water

Шара «Кедергісіз келешек» бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылды. Бүгін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы Орталық саябақта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған көшпелі семинар-тренинг ұйымдастырды. Балалардың көңілін аулаған шара «Кедергісіз келешек» бағдарламасының шеңберінде өткізілді. Сауықтыру жаттығуына Астана қаласы Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінен 20 бала қатысты. – Қамкөңіл балалар қоғамның ұдайы назарында болуы керек. Сол үшін біз осындай шараларды жиі ұйымдастырамыз. Тек балалар ғана емес, жалпы мүгедек жандарға үнемі қолдау көрсету – парызымыз. Олар қоғамның толыққанды мүшесі болғандықтан, ел қатарлы білім алып, мақсаттарға ұмтылуы керек. Біз мүмкіндіктерге жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Бүгінгідей ... Читать далее »

ҚАТЫГЕЗ БАЛА ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

0000

Бас қаладағы қылмыстың жолын қалай кесуге болады? Астана қаласының Есiл аудандық прокуратурасында дәл осы тақырыпта арнайы жиын болып өтті. Бірнеше мекеме мамандарының қатысуымен өткен кездесуде сонымен қатар, қаладағы қылмыстық ахуал, онымен күрес және алдын алу жайы сөз болды.  Кездесу барысында прокурорлар Астанада қылмыс азаймай тұрғанын айтып жатты. Жыл басынан бері 3705 қылмыстық іс тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 26,9 пайызға көп. Осы аралықта барлығы 499 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұлардың 11-і – кәмелетке толмағандар. Есiл ауданының прокуроры Талғат Әлiбаев, әсіресе, кәмелетке толмаған балалар арасындағы қылмыстың өте өзекті болып отырғанын ... Читать далее »

ЖАНАШЫРЛЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

04

Кеше Астанадағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны мен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Байқа жолда, балақай!» атты театрландырылған көрініс қойды.    Қойылым барысында қаһармандардың басынан өткен қызықты хикаялар жеткіншектерге жол ережесі туралы пайдалы мағлұматтар берді. Арасында ән мен биге де уақыт табылып, кішкентайлар бір серпіліп қалды. Аталмыш орталықтың директоры Бекпай Хайрулиннің айтуынша, мұндай танымдық ойын-сауық науқас балалардың көңілін көтеріп, артық уайым-мұңнан арылтады әрі психологиялық тұрғыдан да тиімді екен. – Ауруханада онкологиялық сырқатқа шалдыққан 100-ге жуық сәби емделуде. Олардың тезірек ... Читать далее »

ЖҰМЫС БЕРУ – ҮЛКЕН КӨМЕК

????????????????????????????????????

Жұртшылыққа жұмыс тауып беру жағынан елорда алда тұр. «Екі қолға бір күрек» іздеп, Жұмыспен қамту орталығына жүгінгендердің 77 пайызы жұмыспен қамтылған. Биылғы жарты жылдықты қорытындылаған Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы осындай қорытындыға келіп отыр. Осы жылдың басынан бері Жұмыспен қамту орталығына 6 990 адам келген. Олардың 3 710-ы жұмысқа орналастырылған. Нақтылап айтқанда, 101 адам қоғамдық жұмыс орындарына, 284 адам жастар практикасына жіберілген. Жалпы қоғамдық жұмыстарға тартылғандар саны – 1079. Ал бүгінде 540 адам кәсіптік даярлау мен қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарын оқып жатыр. Елімізде еңбек және халықты жұмыспен ... Читать далее »

ТАҒДЫР ТОҒЫСТЫРҒАНДАР

DSC_6995

Бұл өмірде тағдырдың жазғанына таңдануға болмайды, әсте. Таяуда жетпістің желкеніне шыққалы отырған Орынтай Жақайұлы осыдан алпыс бес жыл бұрын жазатайым жарақаттанып, бірінші топтағы мүгедек болып, арбаға таңылып қалған еді. Ал бүгінде елу жасқа таянған Әлия Жиенғалиқызы болса дәрігердің қателігінен мүгедек болып қалған-ды. Енді осы жағдайды ширататын болсақ Орынтай бес жасында аттан құлап, бел омыртқасына зақым келеді. Соны емдетемін деп Қарағандының белді ауруханасына тәжірибелі, атақты хирург дәрігеріне ота жасатқызады. Содан дәрігердің қателігінен екі аяғы да жансызданып қалады. Осындай жағдай Әлияның да басынан өтеді. Дәрігердің дұрыс диаг­ноз қоймай, қате емдеуінің салдарынан бала ... Читать далее »

ЖАЛДАМАЛЫ ЖҰМЫС ЖАРЫЛҚАЙ МА?

991-1

Бүгінде Астанаға  жан-жақтан жұмыс іздеп ағылған жастар көп.  Әрине, олардың қатарында жасы егде тартып қалған кісілер де кездеседі. Барлығы да  күн көрістің қамымен бас қалаға атбасын тірейді.  Таяуда ауылдан сыныптас досым келді. Жыл сайын жаз басталысымен қара күзге дейін елордаға келіп жұмыс істейді. Сөйтіп, жаз бойы тапқан нәпақасын жинап ауылға апарады. Оған шөп шабады, отын алады. Қалғанын қыс бойы азық қылады. Жылда осы әдет қайталанады. Әйтеуір, досым қатардан қалмай күн көріп келе жатқанына шүкіршілік етеді. Мұндай мысалдарды жүздеп келтіруге болады. Әрине, елордаға жұмыс іздеп келген­дердің барлығына ешкім бірден сыйлы табақ ... Читать далее »

ЖҰРТҚА ЖӘРДЕМДЕСІП, АЛҒЫС АЛДЫ

Астана қаласы әкімдігінің Жұ­мыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №4 бөлімше қызметіне алғыс айтушылар аз емес. Бөлім­ше І және ІІ топтағы мүгедектерге, егде жастағы қарияларға әлеу­мет­тік көмек көрсетумен айналысады. Бүгінде мұнда 8 қызметкер 63 адамға күтім жасайды. Жәрдемдесудің бұл түрі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сай жүргізіледі. Тамақ жасап, ыдыс жуып, үй жинау секілді тұрмыстық шаруаларды денсаулығы көтермейтіндіктен, әлеуметтік қызмет түрін пайдаланушы қартаң тартқан ата-әжелер бұл игі істі қуана қабылдайды. Осы салада бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Гүлбаршын Шуханова жақында Ольга Дмухайлоның үй шаруасына қолғабыс етті. ... Читать далее »