«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бюджет қаржысын үнемдейтін жобалар

0 36

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында Қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы Аржан Бұғыбаев депутаттарды қаладағы маңызды нысандар құрылысымен, сервистік жобалармен және тиісті жобаларды басқару тәсілдерімен таныстырды.


Оның айтуынша, қазіргі кезде шаһарда 21 нысан салынып жатыр. Атап айтқанда, төрт мектептің, мектептерге жапсарлас сегіз ғимараттың, Есіл өзені арнасының бес учаскесі мен Сарыбұлақ арнасының екі учаскесінің, қаңғыбас иттер мен мысықтар панасының, көру қабілеті нашарлаған балаларға арналған балабақшаның құрылысы жалғасуда.
Жеті мектеп, мектепке жап­сарлас бір ғимарат, Есіл өзені арнасының бір учаскесі, үш өрт сөндіру депосы, дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған үш жатақхана, барлығы он бес жоба жобалану үстінде. Сондай-ақ бір өрт сөндіру депосы құрылысына конкурс жарияланды.
Өткен жылы мемлекеттік-
жекеменшік әріптестік аясында елорда әкімдігіне көлік қызметін көрсету жобасы қолға алынды. Жобаны жүзеге асырудың сегіз айының қорытындысы оң нәтижелерді көрсетті. Бұдан бұрын бұл қызметке жылына 500 млн теңге жұмсалса, биыл оған 300 млн теңгеден кем салу жоспарға енгізілді. Қазіргі кезде үнемдеу 58 пайызды құрады. Бұған қоса, шағын орта бизнес пен астаналық такси қызметі дамып жатыр.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жүзеге асырыла бастаған жобалардың қатарында паралимпиадалық жаттығу орталығы мен «Тарлан» мұз айдыны аренасы да бар. Аталмыш жобаларды іске асыру осы жылдың басынан басталды. Капиталдық шығындардан бас тарту есебінен 1,5 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаржысы үнемделді.
Былтыр «Көктал» тұрғын алабында «Қайсар» спорт клубының құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны – 4,7 млрд теңге. Қазіргі кезде клубты одан әрі күтіп-ұстауға жылына қосымша 300 млн теңге қажет.
Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы бюджет қаржысын үнемдейтін қаланы көгалдандыру жобасын да әзірледі. Бұл ырғай тәрізді көпжылғы бұталарды отырғызу және шағын және орта бизнес өкілдері арасында ашық конкурс өткізу жолымен жүзеге асты. Конкурсты үш жеке кәсіпкер жеңіп алды. Нәтижесінде үнемдеу жылына 185,2 млн теңгені құрайды.
Sen Jasa қосымшасы да бюджет қаржысын үнемдейді. Бұл қосымша арқылы ұсақ жұмыс­тар делдалдарсыз конкурстық негізде тікелей орындаушыға тапсырылады. Сол кезде үнемдеу 50 пайызға дейін жетеді деп жоспарлануда. Аталмыш қосымша Назарбаев Университетінің Astana Business campus инновациялық кластермен бірлестікте әзірленді

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды