«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бұрыштамадан бұйырған бақ

0 106

«Астана» футбол клубы Премьер-лиганың 20-турында «Атырауды» өз алаңында 2:0 есебімен жеңді. Елордалықтардың бағын жандырған қос голдың екеуі де бұрыштамадан шыққан нәтиже.

Алда Чемпиондар лигасы аясында Данияға сапар күтіп тұрған «Астана» бұл ойында бірен-саран ойыншысын демалдырғанымен, негізінен, басты ойыншыларын алаңға шығарды.
Елордалықтар ә дегеннен әлеуетін байқатып, жылдам гол соқты. Екінші минутта Серікжан Мужиковтің бұрыштамадан көтерген добын Юрий Логвиненко баспен торға топ еткізді. Бұдан кейін де «Астананың» есепті еселей түсетін мүмкіндіктері көп болды. Алайда өрбіген шабуылдан бәрібір гол шықпады.
Есеп 62-минутта өзгерді. Бұл гол да тура алдыңғы голдың сценарийімен соғылды. Бұрыштамадан допты шығарған да сол Серікжан. Бірақ осы жолы нүктесін Сергей Малый қойды. Ойын осы есеппен аяқталды. Және шешуші голды салған Малыйды жанкүйерлер матчтың үздігі деп таныды.
Ал турдың қалған ойындарына келсек, мынадай есептер тіркелді: «Қайсар» – «Қызылжар» – 2:1, «Ақжайық» – «Ақтөбе» – 1:1, «Қайрат» – «Тобыл» – 1:0, «Ертіс» – «Шахтер» – 1:1, «Ордабасы» – «Жетісу» – 1:2.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды