«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бораннан келген шығын есептелуде

0 26

«Кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев төтенше жағдай жариялаған болатын. Жарияланған төтенше жағдай  бүгін тоқтатылды. Ақ түтек боранда қала бойынша 26 тұрғын үй кешені зақымданғаны белгілі болып отыр. Атап айтқанда, Алматы ауданында – 4, Сарыарқа ауданында – 8 және Есіл ауданында – 14 тұрғын үйдің қасбеттері ұшып, терезелері сынған» деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметінен. 

 

Күні бой соққан қар аралас қатты желден 4 мектеп пен 3 балабақшаға айтарлықтай зақым келген. Сонымен қатар С.Сейфулин атындағы Қазақ агроттехникалық университетінің шатыры жартылай ұшып кетіп, оқу орынына үлкен шығын келтіріп отыр.

  «Қазіргі осы шығындарды орнына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мұнан бөлек 16 аялдама бүлініп, 131 бағдаршам орнынан қозғалып кеткен.

Осыған байланысты пәтер иелері кооперативтерімен және тұрғындармен аудан әкімдері тығыз жұмыс жұмыс жүргізіп, келтірілген шығындар есептелуде» делінген  мәліметте.

Сондай-ақ,  2 күннің ішінде 82 мың текше метр қар қала сыртына шығарылды. Қар тазалау жұмыстарына 4 мыңға жуық жұмысшы, 2600 арнайы техника жұмылдырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды