«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Болашақтың бағыт-бағдары

0 89

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы он негізгі міндетті қамтып, алға қойылған мақсатымен ерекшеленеді. Осы міндеттердің басым бөлігі елдің технология, экономика және әлеуметтік салаға бейімделуіне қатысты.

Жолдауда көрсетілген өзге салалармен қатар, «Тиімді мемлекеттік басқару» бағытын мінсіз дәрежеге көтеру көзделген. «Тиімді мемлекеттік басқару» шеңберінде «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдеріс­терін цифрландыруды қамтамасыз ету қажет» деген міндетті алға қо­йып, «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік беретіндігі» айтылды. Бұл бағытты арттыру үшін жаңа технологияларды қолданудың мүмкіндігі мол. Осы тұрғыда, бизнестің дамуына ерекше мән беріліп, кедергі туғызатын мәселелерді барынша шешіп, оларға қосымша мүмкіндік беру ескерілген. Яғни бизнес процестерін жеңілдетіп, берілген мүмкіндікті тиімді пайдалануымыз қажет. Ол дегеніміз – сапалы қызмет алу үшін мемлекеттік органдар өздерінің қызметтерін тоқтаусыз жетілдіруге, қызметтерді автоматтандыруға және оңтайландыруға барлық қолайлы жағдайды жасау­ға міндетті.
Елбасымыз жаңа технология­ларды тек мемлекеттік басқаруда ғана емес, сонымен қатар білім беру мен денсаулық сақтау саласына, ауыл шаруашылығында, көліктік-логистикалық кешенде­ріне және т.б. салаларына енгізу қажеттілігін атап өткен.
Сонымен қатар, «Тиімді мемлекеттік басқару» мәселесінде мемлекеттік органдарға бағынышты ұйымдардың санын қысқартып, босаған қаражатты мемлекеттік қызметкерлердің факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесін енгізу қажет екендігі айтылды. Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, 2018 жылы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда осы жүйені енгізудің пилоттық жобаларын іске асыру тапсырылған. Бұл ретте, аталған жүйені жүзеге асыру үшін біздің Департамент те осы пилоттық жобаға алғашқылардың бірі боп қатысады.
Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне қатысты ерекше назар аударды.
Бүгінде еліміздің күрделі мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресу. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті
шегінде күрес жүргізу, яғни жем­қорлықпен күресу – жалпыға ортақ міндет. Қазіргі таңда мемлекет
тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Жолдауында ең маңызды деген салаларына назар аудара отырып, ел дамуының өзекті де жаңа бағыттарын айқындап берді. Биылғы Жолдаудың аясында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан барлық шаралар халықтың әл-ауқатын жақсартуға, еліміздің экономикасын, әлеуметтік саласын дамытуға бағытталған. Алдымыз­да әлі талай үлкен міндеттер тұр, сол міндеттерді бірігіп атқаруымыз қажет.
Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының мәні – әрбір қазақстандық үшін болашақтың бағыт-бағдары.

Мұрат АБИЛОВ,
Астана қаласы Әділет
департаментінің басшысы,
Қазақстан Республикасы
Заңгерлер одағы астаналық филиалының төрағасы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды