БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Білім мен сана серпілісі

546543653

Елбасының мақалада ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы толғамдары халықтың ел болып заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірге қадам басуға жетелейді. Қазіргі дамып келе жатқан қоғамның өмір сүру қағидасының жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. Елбасымыз бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өткен: Бәсекелік қабілет, прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық  дамуы, Сананың ашықтығы. Сонымен қатар таяу  жылдардағы міндеттерімізге де тоқталған. Біз бұл  мәселелерге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, орындалуын міндетті санап, бір жеңнен қол шығарып білек сыбана іске кірісуге тиіспіз

Жандарбек Мәлібеков,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Елтаңбасының авторы

Рухани жаңғыруға бастайды 

45645645

Елбасымыздың жаңғыруы өскелең ұрпақтың болашақта дамуына аса зор мүмкіндік береді. Сондықтан заман талаптарына сай өмір сүріп жүрген жастардың түйсігіне сіңдіру мақсатында Елбасының аталған мақаласының іс жүзінде жүзеге асырылуына қолдау көрсетіп, күш-жігер салуға ықпал ету үшін насихаттау міндетті.  Жаңғырудың маңыздылығы мемлекет пен ұлттың саналы түрде жаһандық үрдістерге бейімделуіне септігін тигізетіндігіне сенім білдіреміз. Елбасымыздың рухани жаңғыруының әрбір тармақтарының өзектілігіне мән бере отырып, алға басатын қадамымызды үш ойлап, бір басуымыз­ды ұмытпайық.

Марат Башимов,
Еуропалық құқық және адам құқығы
эксперттік институтының директоры

Елбасы мақаласы – өркениет  жолы

4353434

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа мақаласын оқып, болашаққа бағдарланған соны өзгерістермен таныстым. Мақалада баяндалған біраз жайттар «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа  саяси бағыты» жолдауында көрсетілген болатын. Оның ішінде халықтың өзінің ұлттық сана-сезімі мен қалыптасқан кодын сақтай отырып, жаңғыруы бүгінгі заман талабы. Жаһандану мен неолиберализм үрдістері, өркениеттер тайталасы шарықтаған заманда халықтың  халық болып қалуы, мемлекет іргесінің беріктігі осындай кешенді қадамға байланысты болмақ.  Мақалада көтерілген латын әліпбиі туралы кесек ой да елді жаңа өзгеріс­тер белесіне бастары анық. Дүйім жұрт жаңа әліпби арқылы әлемдік өзгерістер көшіне еркін араласа алады. Бұл бағытта арнайы бағдарлама, әдістеме, әліпбидің өзіндік стандарты әзірленетін болады.  Қазақстанды өркениет көшінің алдына бастайтын жаңа бастамалар қашанда көпшіліктің қолдауына ие.

Баян Ахметжанова,
«Ардагер» қоғамдық
бірлестігінің төрайымы

Сонымен қатар

ЖАНҒА ШИПАЛЫ «ШАРАПАТ»

Астана қаласы әкімдігінің шешімімен 2016 жылдың 9 қарашасында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» болып өзгертілген …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған