Четверг, 29 Июнь 2017
-->

БОЛАШАҚ – БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Жаздың бірінші күніне дәл келетін Балаларды қорғау күні – дәстүрлі халықаралық мерекелердің бірі, оны әлемде 1950 жылдан бастап атап өтіп келеді.

????????????????????????????????????

Бүгінде бас қаламызда түрлі үлгідегі 262 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Онда 48154 бала тәрбиеленеді. Оған балабақшалардан орын алу кезегінде тұрған 33 мыңнан астам баланы қоссақ, бұл күн­дері Астананың ашық аспаны астында жүз мыңға жуық бала асыр салады деген сөз.

Айта кетерлігі, былтыр кәсіпкерлерді тарту арқылы 44 жекеменшік балабақша ашылды. Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балабақшалар бойынша 1680 орынға шақталған 6 жоба жүзеге асырылуда. Әсіресе, инклюзивті білім беру бағытын ерекше атап өтсек те болады. Ерекше қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік тұрғыдан бейімдеу үшін жағдай жасау мақсатында Астана қаласында мұндай 5 арнайы балабақша қызмет етеді. Онда 662 бала тәрбиеленеді. 12 балабақшада 321 бала үшін арнайы кор­рекциялық мақсатында топтар бар. 13 балабақшада жалпы 210 балаға арналған түзеу кабинеттері қызмет жасайды. Мектепке дейінгі жастағы 1193 бала арнайы коррекциялық білім берумен қамтылған.

????????????????????????????????????

Бұл өмірдің базары да, ажары да – біздің бүлдіршіндеріміз. Сондықтан орны ерек, мәні бөлек мерекені қалай тойласақ та жарасады.

Гүлжан РАХМАН

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*