«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Болашақ аналарды «бастаңғыға» шақырды

0 28

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен №3 перинаталдық орталық «Бала – өміріміздің гүлі» атты шара өткізді. 300-ге тарта аяғы ауыр келіншектердің қатысуымен өткен акцияның берері мол болды. Дәрігер-мамандар кеңесі тыңдалып, психологтар болашақ аналардың психо-­эмоционалдық көңіл-күйлеріне жағымды ықпал ететін арнайы тренинг өткізді.

– Осымен үшінші рет өткізіліп отырған қазақтың дәстүрімен айтқанда, келіншектердің «бас­таңғысы» әсерлі өтті. Біздің мақсатымыз – жүктілік кезеңінде әйелдер өздерін жақсы сезініп, құрсақтағы баланың жайлы ортада дамуына жан-жақты қолдау көрсету. Ұйымдас­ты­рылған шарадан кейін әйелдердің көңіл-күйлері көтеріліп, болашақ баласы алдындағы жауапкершілігін сезініп, қазіргі жағдайына басқаша көзбен қарайтыны байқалды, – деді «Green Clinic» клиникасының директоры Нұртас Балмұхамедов.
Ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы заманауи жобалардың елордада дәстүрлі өткізілуінің маңызы бар. Тек соңғы он айдың статистикасына сүйенсек, елорда перинаталдық орталықтарында 25 691 нәресте дүние есігін ашқан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды