«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бизнеске қолайлы орта керек

0 30

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жиналысында Мемлекет басшысының шетелдік инвесторлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша тапсырмаларын орындау мақсатында инвестиция тарту ісін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов қолайлы бизнес-ортаны қамтамасыз ету және салықтық және кедендік салада дауларды сотқа дейінгі реттеу механизмін қолдану қажеттілігін айтып, сот практикасына қоғамдық мониторинг жүргізу механизмін әзірлеуді және мониторинг тобын құруды тапсырды. Бұдан бөлек, отандық инвесторлар халықаралық қаржы орталығы юрисдикциясында дауларды шешу құқығына ие болды, осыған байланысты Астана халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықты жандандыру қажеттігі баса көрсетілді.
Бақыт Сұлтанов Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін қалалық басқармаларға келесі басым бағыттар мен міндеттер қойды. Ол – кәсіпкерлердің бизнесті жүргізуді реттейтін жаңа нормалармен кеңінен танысуларын қамтамасыз ету. Қаладағы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі I-Qala-да орналасатын уәкіл институтын, сонымен бірге елордада бизнес жүргізудегі ұлттық көрсеткіштің төмендеуіне жол бермей, бақылау және қадағалау органдары мен іскерлік қоғамдастық арасында i-Qala ашық диалог алаңын құру. Ондай жағдайда заңнамадағы жаңалықтарды, мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау жұмыстарының мемлекеттік басымдықтарын түсіндіріп, кері байланыс қалыптастыруға болатындығын айтып өтті.
Қала басшысы сондай-ақ қалалық экономикадағы шағын және орта бизнес үлесін одан әрі ұлғайту жөнінде бірқатар шаралар қабылдауды тапсырды. Мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік ұйымдарға қарасты сектордың сатып алуларында жергілікті бизнестің үлесін ұлғайту бойынша Жол картасын әзірлеп, олардың сатып алуларға қатысуын ұлғайту бойынша KPI көрсеткіштерін енгізу. Осы ретте елорда әкімі 2025 жылға дейін мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік ұйымдарға қарас­ты сектордың сатып алуларында жергілікті бизнес субъектілерін қамту үлесін ұлғайту бойынша Жол картасының жасалатындығын мәлім етті.
Отандық кәсіпкерлердің сауда желілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуде «Атамекен» ҰКП және салалық қауымдас­тықтармен бірлесе отырып, тауар өндірушілермен олардың өнімдерін тарату желілерінің талаптарына сәйкестігі бойынша жұмыстарды пысықтау, инфрақұрылым, энергетика, өнеркəсіп жəне агроөнеркəсіптік кешен секілді мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту бойынша жұмысты жандандыру да осы саланың көрігін қыздыратынын айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды