«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бірінші кезеңі басталды

0 14

Елордалық тұрғын-үй қоры «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Аз қамтылған отбасыларды тұрғын-үй сатып алу үшін несиелеу» аясында жолдама қабылдау басталғанын хабарлады.

Бұл бағдарламаға көпбалалы отбасы, толық емес отбасы, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы санаттарында кезекте тұрғандар қатыса алады. Бұдан басқа, бағдарламаның шарттары бойынша отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы 42500 теңгеден аспауы тиіс.
Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады. Бұл ретте бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 1 млн теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификаты тек бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алуға арналған. Жолдама алу үшін өтініштер ағымдағы жылдың 17-31 шілдесі аралығында қабылданады (I кезең). Осы бағдарламаға қатысушылар 3 кезеңнен өтуі керек. Бастапқы нарықты таңдасаңыз, онда сізді 1 млн теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификатын алу үшін Достық көшесі, 13 мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жолдайды. Ал егер қайталама нарық болса, онда ТҮҚЖБ шотына тұрғын үй құнының 10 пайызын бастапқы жарнасын салу қажет. Жолдама алғаннан кейін азаматтар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на несие алуға өтінім беруі үшін жолығулары қажет. Толық ақпарат @zhilfond_nursultan инстаграм парақшасында көрсетілген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды