«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бірегей көрмені аралады

0 69

Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдерінің басшыларымен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығын таныстыру рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуына арналған цифрландыру көрмесін аралап көрді.
Қазақстан Президенті ин­новациялық қаржы технологияларын дамытуды көздейтін тиімді ортаны қалыптастыру «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің бірден-бір маңызды бағыты екенін айтты.
– «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына қатысушылар үшін Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің капиталы қолжетімді болады. Қаржы орталығында посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ, бұрын-соңды болмаған жағдайлар жасалды. Кеше ғана біз салтанатты жағдайда заманауи жоғары технологиялы инфрақұрылымы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының жұмысын бастадық. Бүгінде оның қызметіне америкалық НАСДАК биржасы және Шанхай қор биржасы қатысып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Орталық Азия елдерінің басшыларына қаржы орталығы қызметінің негізгі қағидаттары және өңірдің қаржы жүйелері үшін жол ашатын мүмкіндіктер жөнінде әңгімелеп, Жібек жолының бойында орналасқан елдердің кәсіпкерлерін қаржы орталығының қызметіне бел­сенді атсалысуға шақырды.
Сондай-ақ, таныстырылым рәсімінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы Лорд Гарри Кеннет Вульф және қаржы орталығының басқарушы директоры, үздіксіз кәсіби даму бюросының кураторы Ернұр Рысмағамбетов сөз сөйледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды