«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бір жұтым су

0 21

Диетолог Марият Мухина адам ағзасына пайдалы азықтарды екшеп алып, мидың жұмысын жақсартатын түрлерін атап өткен екен.

Естеріңізде жүрсін:
Көк-шөптің құрамында айырықша микроэлемент – лютеин бар. Ол жетіспесе көздің көруі нашарлап, жасаурап, тез шаршайды. Сол себепті аскөктен бастап ақжелкен, шпинат сияқты өсімдіктерді дастарханнан үзбеген жөн.
Жұмыртқаның сарысында В4 дәрумені бар. Бұл жадымызды жақсартып, есте сақтау қабілетімізді арттырады. Бастысы, мидың нейрондарын қалпына келтіреді, ал нейрондар жүйкенің жұмысын жақсартып, күйзеліске түсуден сақтайды. Миндальдің құрамында Е дәрумені көп. Санаңыздың сергек болғанын қаласаңыз, аптасына миндаль жеуді әдетке айналдырыңыз. Диетологтар омега 3 и омега 6 май қышқылдарының пайдасын жиі айтады. Миды қалпына келтіруде пайдасы мол. Бұл балық өнімдерінде көп кездеседі. Ауызсудың ми жұмысында орны бөлек. Мамандар жарты сағат сайын бір жұтым су ішіп отырыңыз деп кеңес береді. Жұтқан жұтамайды деген.
Ал кардиологтардың еуропалық қоғамы күніне 30 гр. тұздалмаған жаңғақ жеуді ұсынады. Иран ғалымы Нушин Мохаммадифардтың айтуынша, үнемі жаңғақ жеудің арқасында жүрек-тамыр ауруларынан келген ажалды 17 пайызға қысқарады екен. Еуропалық ғалымдар аптасына екі жаңғақ жегендер инфарктен болған қатердің алдын алуға оң әсерін айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды