«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бір пәтер екі мәрте сатылған

Қала әкімі Алтай Көлгінов «Аниса-1»проблемалы деп танылған нысанның үлескерлерімен кездесті. Тұрғындар 2015 жылдан бері өз пәтерлерінде тұрады, алайда әлі күнге дейін үй құжаттарын ала алмай жүр.

0 26

«Бізде 157 үлескер бар. Бес жыл бойы осы үйде тұрамыз. Үй пайдалануға берілмегендіктен, біз үйге тіркеле алмаймыз. Демек, аудандық емханаға барып, қарала алмаймыз. Үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалған, енді мемлекеттік сараптамадан өту керек. Бізде қосарланған сатудың 26 фактісі бар. Яғни, бір пәтер екі рет сатылған.Тұрғын үй кешенінің рентабельділігі үшін, қатар ғимараттың жаңа блоктарын салуға учаскелер бөлінген. Тұрғын үйде электр қуаты, суық су бар. Жылу автономды» дейді тұрғын үй кешенінің тұрғындары.
Үлескерлердің айтуынша, оларды қазір екі негізгі проблема толғандырып отыр. Біріншісі – үйді толық пайдалануға беру, екіншісі – орталық жылу жүйесіне қосу. Жаңа жоба бойынша үйдің бірнеше блоктары, жалпы саны 460 пәтер болады. Қазір бірінші блоктың құрылысы кезінде жіберілген ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімі Алтай Көлгінов тиісті қызметтерге тұрғын үй кешенінің құжаттарын реттеу керектігін тапсырды. Жұмыс әрбір проблемалық нысан санаты бойынша жүргізіледі. Елордада мұндай нысандардың саны – 51. Олардың 12-інде тұрғындар тұрып жатыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды