«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бір доппен есе жіберді

0 22

УЕФА Чемпиондар лигасы топтық ойындарының бірінші туры ойналып біткеннен кейін бұрнағы күні Еуропа лигасы командаларына да кезек келді. «Астана» клубы Англияда атақты «Манчестер Юнайтедпен» күш сынасты.

Манчестердің «Олд Траффорд» стадионында өткен матчтың 72-минутына дейін есеп ашылмай, таразы басы тең тұрды. Бұған алаң иелерінің бас жаттықтырушысы Уле-Гунар Сульшердың старттық құрамға 4 жас ойыншыны қосқаны себеп болған сияқты.
Алайда ойын манчестерліктердің шабуылымен басталды. Біздің қақпа алдындағы бірінші қауіпті жағдайды 3-минутта Фред жасады.
Ойынның екінші таймында «МЮ» өзінің басымдық көрсетуін жалғастыра түсті. Арасында «Астана» ойыншылары да қарсы шабуылға шығып тұрды. Бірақ тепе-теңдік 73-минутта күрт үзілді. Дәл сол кезде 17 жасар Мэйсон Гринвуд қақпа алдындағы қарбалас сәтте допты торға қарай тура бағыттаудың жолын тауып кетті. Бұдан кейін тартыс қанша қызғанымен, таблодағы есеп өзгерген жоқ. Осылайша «Манчес­тер Юнайтед» 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл күні біздің L тобындағы қалған екі команда – Сербияның «Партизаны» мен Голландияның «АЗ Алкмары» Белградта кездесті. Матч 2:2 есебімен тең аяқталды.

Руслан АЙТҚОЖА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды