«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Білімге қатысты сауал көп

0 39

Кеше М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында елордалық Білім басқармасының өкілдері қоғамдық қабылдау күнін өткізді.


Іс-шараға келген қала тұрғындары білім саласына қатысты сұрақтарын аталмыш басқарма басшысы Әнуар Жанғозин мен бөлім жетекшілеріне қоюға мүмкіндік алды. Жиында жиі көтерілген мәселелер қатарында әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыдан шыққан және мүмкіндігі шектеулі балалар жайы болды.
Өзін Нәзипа Ахметжанова деп таныстырған әжей немерелерімен бірге жақында Астанаға көшіп келгенін айтып, аз қамтылған отбасы балалары үшін мектеп тарапынан қандай көмек көрсетілетінін сұрады. Қосымша білім беру және кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру бөлімі маманының айтуынша, мұндай санатқа жататын оқушылар үшін мектептен қысқы және маусымдық сыртқы киім, аяқ киім, кеңсе тауарлары, жол жүру билеті, жазғы сауықтыру лагеріне жолдама, сондай-ақ 1-4 сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі екен.
Бұдан бөлек, тұрғындар тарапынан балаларды үйде жеке оқыту, көп балалы отбасы балаларын балабақшаға орналастыру, ұлттық бірыңғай тестілеу және олимпиадаға қатысуға қатысты сұрақтар көп қойылып, оларға тиісті жауаптар берілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды