-->

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БЕЛЕСТЕРІ

Биыл астаналық білім саласының қызметкерлері үшін мерейлі жыл болды. Елордалық оқушылар 10 жыл қатарынан республикалық олимпиадаларда үздік команда атанды. 

erm_4722

Жалпы, елордадағы білім беру саласында іске асып жатқан көптеген игілікті жұмыстарды ауыз толтырып айтуға болады. Биылғы оқу жылында қалалық 324 оқушы халықаралық олимпиада мен байқауларға, ғылыми жобаларға қатысып, 267 медальмен марапатталды. Өткен жылы елордадағы №3 және №15 мектептерде «смарт-мектеп» жобасы іске асырылды. Алдағы жылы «электрондық күнделік» жобасы жүзеге аспақ.
Астанада Ұлттық бірыңғай тес­тілеуге 3 785 түлек қатысып, бас қала бойынша орташа балл 89,2 пайыз­ды құрады. Ұлттық емтиханның нәтижесінде №72 мектеп-лицейінің түлегі Нұрасыл Ержанов ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Елордалық ұстаздардың еңбегін одан әрі ұштап, жетілдіру мақсатында олардың еңбекақылары 29 пайызға көтеріліп, түрлі байқауларды өткізу қолға алынды. Соның арқасында қалалық білім беру ұйымдары арасында «Жыл ұстазы», «Жыл мектебі», «Үздік қосымша ұйым», «Үздік инновациялық мектеп» секілді аталымдар бойынша озаттар анықталып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бас қала мұғалімі мәртебесіне лайық болу үшін педагогтар халықаралық ғылыми-әдіс­темелік конференцияларға қатысып, өздерінің біліктіліктері мен тәжірибелерін көрсетіп, жоғары жетістікке қол жеткізді.
Мұғалімдердің әлеуметтік жағ­дайын жақсарту бағытында мем­лекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында 2008-2010 жылдары білім саласының қызметкерлеріне 1 783 пәтер бөлінді. Жыл сайын өз ісінің озаты атанған ұстаздардың есімдері Білім басқармасының құрметті кітабына жазылып, тәжірибелері дәріптеледі.

Азамат ҚҰСАЙЫН

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*