«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Биікке беттеген «Эверест»

0 156

Білім күніне орай Астана қаласында тағы бір аула клубы ашылды.

Жаңа клуб С.Сейфуллин көшесі мен Күлтөбе тұйық көшесі қиы­лысындағы көпқабатты «Эверест» тұрғын үйінің бірінші қа­батында жұмыс істейтін болады. Үй ауласында футбол және баскетбол, балалардың ойын алаңдары сондай-ақ көпшілікке арналған тренажер жабдықтары бар. Бұл аулаға маңайдағы көпқа­батты үйлер мен жеке секторда тұратын балалар да көп жиналады.
Енді, міне, осындай балалар мен жасөспірімдері көп аумақта «Эверест» атты аулалық клуб жұмыс істемек. Әзірге мұнда футбол және тоғызқұмалақ үйір­мелері болады. Тоғызқұмалақ ойынын Қазақстанның спорт шебері Аида Компаева үйретсе, футбол бөлімін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің түлегі, «Астана» фут­бол клу­бы­ның тәрбиеленушісі Айхан Қожабеков жүргізеді. Ал алдағы уақытта қыздар футболы мен шахмат спорты бойынша да жаттығулар жүргізу жоспарланып отыр.
Аула клубының ашылу рә­сімінде Астана қаласы әкім­дігінің «Астана жастары» мем­лекеттік мекемесінің аула клубтарын дамыту бөлімінің жетекшісі Болат Жұмаділ қатысып, жаңа ұйым­ның бастамасына алғысын біл­діріп, жаттықтырушылар мен балаларға спорттық әрі шы­ғар­машылық табыс тіледі. Сонымен қатар, тұрғын үйдің ПИК төрағасы Болат Әбенов пен ата-аналар атынан сөйлеген Екатерина Герман үй жанынан аула клубының ашылғанына риза­шылықтарын білдірді.
Ашылу салтанатынан кейін жасөспірім футболшылар арасында «Эверест» аула клубының кубогы сарапқа салынып, қуа­нышқа бөленген балалар ойын көрігін қыз­дырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды