«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Берекелі баспана» бағдарламасына кімдер қатыса алады?

Керек кеңес

0 21

«Берекелі баспана» жалдамалы тұрғын үй бойынша қалалық бағдарламасы аясында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы құжаттарды қабылдайды.

Бұл бағдарламаға «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар қатыса алады.
Пәтерлер саны: 150.
Тұрғын үй түрі:
жекешелендіруге құқы жоқ.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 4 маусымнан 17 маусымға дейін.
Қойылатын талап: «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұру.

Тұрғын үйге үміткерлер
келесі құжаттарды
тапсыруы керек:

1) өтініш;

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;

4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;

5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алумен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;

6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

7) Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар (2011 жылдың 15 желтоқсаннан бастап кезекте тұрғандар) әлеуметтік қорғау органынан күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 3,1 есе мөлшерін растайтын жиынтық табыстың есебін беретін анықтамасы (Достық көшесі, 13-үй, №11 үстел).
Құжаттарды қабылдау Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де Р.Қошқарбаев даңғылы, 39 (Р.Қошқарбаев-М.Жұмабаев қиылысы, «Барыс» ТК аялдамасы) мекенжайында қабылданады.
Жұмыс уақыты сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды