«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Белсене қатысуы тиіс

0 19

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы «Nur Otan» партиясының орталық аппаратына барып, оның қазіргі жұмысымен танысты және құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының өтуіне байланысты «Nur Otan» партиясы алдағы сайлау науқанына белсенді қатысуға тиіс екенін айтты.
– Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің заңды құқығын пайдаланып, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл сайлау биліктің заңдылығын одан әрі нығайтып, елімізде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажет. Енді бізге партияның съезін өткізіп, ел президенттігіне кандидатура ұсынуымыз керек. Партияның аппараты съезді өткізу үшін қажетті жұмыстардың бәрін жылдам іске асыруға тиіс. Партиямыз­дың атынан кандидатура ұсынғаннан кейін Қоғамдық сайлау штабының жұмысын ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыспен менің бірінші орынбасарым Мәулен Әшімбаев айналысады, – деді «Nur Otan» партиясының төрағасы.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев сайлауды толығымен ел заңнамасына сәйкес және барлық демократиялық нормалар мен рәсімдерді сақтай отырып өткізу қажеттігіне назар аударды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды