«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Базалық зейнетақы қалай тағайындалады?

0 75

Қазіргі уақытта  зейнет жасына жеткен адамдарға еңбек өтілі мен табысына қарамастан базалық зейнетақы барлығына бірдей төленетіні белгілі.  Ал биыл 1  шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау механизмі өзгереді.

Жаңа механизм – азаматтардың 1998 жылғы 01 қаңтарға дейін жинаған еңбек өтілі және олардың 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңіне байланысты базалық зейнетақыны тағайындауды көздеп отыр.
Сондай-ақ, қатысу өтіліне өзге де әлеуметтік маңызы бар кезеңдер: бала үш жасқанға толғанға дейін оның күтімі, 16 жасқа дейін мүгедек баланы күтімі, дипломаттардың жұбайларының шетелде тұру, әскери қызметшілердің және әлеуетті құрылым қызметкерлерінің жұбайларының жұмысқа тұру мүмкіндігі жоқ жерлерде тұрған кезеңдері қосылады, алайда, жалпы алғанда ол кезең 10 жылдан артық болмауы тиіс және т.б.
Сонымен қатар, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесінде 10 және одан да аз жыл қатысқан кезде немесе ол болмаған кезде ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54 %-ға тең болады, ал 10 жылдан астам әрбір жылға оның мөлшері 2 %-ға арттырылады және 33 жыл және одан да көп еңбек өтілімен, оның мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшеріне тең болады.
Осындай тәсіл әлеуметтік әділдікті орнатады – адам неғұрлым көп жұмыс істесе, оның зейнетақысы жоғары болады. Бұл барлық зейнеткерлеге, яғни қазіргі таңдағы және болашақта зейнеткер болатын азаматтарға да қатысы бар.

 Жаңыл АУКЕРОВА,
 Астана қаласы
«Әлеуметтік төлемдерді
ведомствоаралық
есептеу орталығы» департаменті
Алматы аудандық бөлімшесінің меңгерушісі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды