«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Басымдықты мойындады

0 32

Екі exit poll-дың қорытындысы жария болғаннан кейін Қ.Тоқаевтың қарсыластары оны жеңісімен құттықтады. Олардың барлығы сайлаудың ашық, әділ өткенін, билік тарапынан ешқандай кедергілер болмағанын мәлімдеді. Президенттің басты қарсыласы болған Әміржан Қосанов жаңа Мемлекет басшысының баламалы пікірге құрметпен қарап, қоғаммен диалог жүргізуге дайын екенін айтты.

«Менің бұл сайлауда 16,2 пайыз дауыс жинағаным – бұл үлкен саяси және психологиялық жеңісім. Бұл – 1,5 млн-ға жуық адам. Осы көрсеткіш Парламентке өтетін партияның деңгейінен екі есеге артық. Сондықтан бұл мүмкіндікті пайдаланамын» деп мәлімдеді ол баспасөз жиынында.
Әміржан Қосанов сондай-ақ өзінің сайлауда жеңіп алған дауыстары үшін заңды жолмен күресетінін жеткізді. «Мен Қасым-Жомарт Тоқаев­тың жеңісін мойындадым. Бұған елдің көзқарасы қандай болатынын сеземін. Неліктен мұндай қадамға бардым? Өйткені Парламент сайлауы өтетін күн жақын. Мен қарапайым халықтың қолдауын 16,2 пайызға де­йін жеткіздім. Бұдан әрі билік менен кейін сайлауға түсетін оппозицияның үміткері немесе партия көрсеткішін 6-9 пайызға дейін төмендете алмайды» деп түсіндірді өз ойын үміткер. Тілшілердің партия құрасыз ба деген сауалына: «Егер жоқ деп айтсам, өтірік болар, бірақ ол мәселе көптеген жағдайларға, соның ішінде биліктің сол партия құрылады деген көзқарасына байланысты болмақ» деп жауап берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды