«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Басы қатты ВТБ

0 25

«Астана» баскетбол клубы ВТБ бірыңғай лигасының бірінші турында Мәскеудің ЦСКА командасын қабылдады.

Алаң иелері ә дегеннен басымдық танытып, алғашқы кезеңде алға шыққан еді. Бірақ ойынның қалған бөліктерінде түгелдей қонақтар билеп-төстеді. Жалпы есеп – 61:86.
«Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» дегендей, маусым басы болғандықтан «Астана» келе-келе көшке ілесіп кетер деп үміттенеміз. Елордалықтардың аталмыш турнирдің тарихындағы үздік көрсеткіші сегізінші орын еді. Ал қарсылас мәскеуліктер – лиганың 9 дүркін чемпионы.
«Астана» енді Ұлттық лига аясында бүгін сағат 19:30-да «Сарыарқа» велотрегінде «Атырау Барыстары» командасын қабылдайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды