Четверг, 22 Июнь 2017
-->

БАСТЫ НАЗАРДА-ӘЛЕУМЕТТІК АХУАЛ

Астана қаласының алтыншы шақырылған мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2016 жылғы наурыздан 2017 жылғы наурызға дейінгі
кезеңдегі жұмысы туралы есепті ұсынып отырмыз. Қарақат Абден, Зұлпықар Гаипов, Сергей  Солодовников, Алтыншаш Табулдина, Рамзия Умербаева сынды депутаттардан тұратын тұрақты комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес білім беру саласы, жастар саясаты, кітапханалардың, мұрағаттар мен мұражайлардың мәдени мұрасын сақтау, саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қамтылған.

222

Астана қаласы мәслихатының басым бағыттарының бірі – қалалық мәслихаттың ашық жиналыстарында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыссыздықты азайту және халықты жұмысқа тиімді орналастырудың жай-күйі үнемі тал қыланып отырады. Жұмыссыздықты азайту бойынша қалада жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, аталған бағдарламада көзделген өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, мүгедек адамдарды мемлекеттік қолдау шаралары, кәсіпкерлік арқылы жұмыс орындарын құру шаралары толық көлемде қолданылмайтыны атап өтілді.

Атқарушы органдарға Астана қаласында кадрларға сұраныс және кадрларды дайындау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру бойынша бірыңғай Саll-орталық құру туралы ұсыныс айтылды. Халықты еңбек нарығы туралы ақпараттандыруды дамыту ісінде қазіргі ақпараттық технологияларды және жарнамаларды қолдану жұмысын жандандыруға мән берілді.

Жат ағымның шырмауына жібермейміз
Тұрақты комиссияның депутаттары Білім басқармасының қызметі туралы, оның ішінде жас ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыру және рухани дамыту, Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жай-күйі және оны дамыту перспективасы, қала мекемелерінде тегін кәсіптік-техникалық білім беруді енгізу туралы ақпаратпен танысты. Депутаттар өзекті мәселелерді анықтап, күрделі түйіндерді шешудің жолдарын көрсетті. Соның бірі теріс ағымдағы діни бірлестіктердің жұмысына тартылған мектеп оқушылары тұрғысында алаңдаушылық білдірді.

Дін істері, Білім, Ішкі саясат, Жастар саясаты мәселе­лері жөніндегі басқармаларға бірлескен жұмыс жоспарын құру және қаланың Ішкі істер департаментінің өкілдерін тарта отырып, рухани дамыту жұ­мысын жандандыру ту­ралы ұсыныс жасалды. Кә­мелетке толмағандарға жә­не олардың ата-аналары­на қатысты жеке профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру ұсынылды. Қоғамдағы жағдайға саналы көзқарасты қалыптас­ты­ру және радикалды діни идеологияға сын тұрғысында қарауды қалыптастыру мақ­сатында қалалық білім ме­кемелерінің білім алушыларын дін туралы қажетті білім көлемімен қамтамасыз ету ұсынылды. Жастардың деструктивті идеологияға тұрақты түрде төзбеуін қалыптастыруға бағыттал­ған шараларды үнемі бір мақсатқа бағыттап жүр­гізу және оларды мораль­дық-имандылық және мәдени құндылықтарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында тәрбие­леу басты назарда болмақ.

Жастармен жұмыс жанданды

Қала халқының 25 пайызын құрайтын елордалық жастардың саны 213,4 мыңға жетіп отыр. Жастарға жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында бюджеттен қаражат бөлінеді. Орта арнаулы және жоғары білім алып жатқан 3 мыңнан аса мұқтаж студенттер қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру билетімен қамтамасыз етілген. Қалалық органдардың қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастығы дамып келеді. Жастарға кәсіптік бағдар беруге бағытталған үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Тұрғылықты жерінде жастардың бос уақытын ұйымдастыру шаралары қабылдануда. Депутаттар осы жұмыстарды үйлестіруде атқарушы органдардың қызметі сапасына лайықты бағасын беріп, қолдау көрсетіп келеді.

Саланың жұмысын сараптай келе, Астана қаласының Білім басқармасына Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, балаларға медициналық қызмет көрсетудің тиімді формаларын қолдану, балабақшалардағы профилактикалық қарап-тексеру сапасын жақсарту, көру функциясы бұзылған балаларға қолдау көрсету және оларды медициналық-әлеу­меттік оңалту мәселелерін ерекше бақылауға алу ұсынылды. Мектепке дейінгі мекемелерде педагогикалық және медициналық персоналдың кәсіби деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету туралы ұсыныс жасалды.

Саламатты  өмір салты
Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығына халықаралық озық тәжірибені және қазіргі технологияларды, саламатты өмір салтын қалыптастырудың жаңа тәсілдері мен әдістерін зерделеу және енгізу қызметін жетілдіру, оның ішінде қоғамдық орындарда денсаулық киоскілерін құру, электрондық денсаулық киос­кілерін құру туралы ұсыныс жасалды.

Саламатты өмір салтын насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рө­л­ін жандандыру қажет, ол үшін Астана тұрғындарын саламатты өмір сүруге ынталандыратын әлеуметтік роликтерді трансляциялау­ға және телебағдарламалар мен радио­бағдарламаларды шығаруға мемлекеттік тап­сырысты көбейту қажет. Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданған. Атқарушы органдардың араласуын қажет ететін өзекті мәселелерді тұрақты комиссия Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарына жолдады. Қаулылардың орындалуы бақылауға алынды.

Қорытындылай келе, Әлеу­меттік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия алдына қойылған міндеттерді шешу үшін тұ­рақты комиссия қадағалайтын қала құрылымдарының қызметін одан әрі жетілдіруге қатысты жұмыс әдістерін қолданып, өзінің белсенді қызметін жалғастыратынын атап өткен жөн.

Мәжит ШАЙДАРОВ, Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*