«АСТАНА» «НИЖНИЙ НОВГОРОДҚА» ЕСЕ ЖІБЕРДІ

 

Өз ойынын әлі таппаған «Астана» баскетбол клубы тағы да жеңіліске ұшырады. ВТБ бірыңғай лигасының аясында өз жерінде Ресейден келген «Нижний Новгород» командасын қабылдап, 85:73 есебімен есе жіберді.

 Жыл басындағы алғашқы матчтың алғашқы он минуты «Астананың» аздаған басымдығымен аяқталды. Бірақ екінші кезеңде қонақтар 4 ұпай алға ұзады. Одан кейінгі кезеңдерде алаң иелері қанша алға ұмтылғанымен, сәттілік жетіспей, ұшырған доптарын себетке қондыра алмады.

«Астана» сапынан ең нәтижелі болғандар – Джастин Картер – 20, Леонидас Каселакис – 14, Энтони Клеммонс – 12, Малькольм Грант – 8, Ларри Гордон – 5 ұпай.

«Астананың» келесі ойыны елордада 15 қаңтар күні Риганың «ВЭФ» командасына қарсы өтеді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Сонымен қатар

АПТАП ЫСТЫҚТАҒЫ АВТО АЛАМАН

Әлемнің ең экстремалды автокөлік жарысы – «Дакар-2018» Перу астанасы Лима қаласынан бастау алды. Қазақстандық «Астана» …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған