«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бас қаланы дамыту міндеттері талқыланды

0 47

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында халық қалаулылары қала тұрғындарының өзекті мәселелері мен қалалық инфрақұрылымды дамытудың жүйелі мәселелері туралы айтып, оларды шешу бойынша ұсыныстар айтты.

Әкім қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандарының жұмысы көп мәселе туғызып отыр, сондай-ақ үлескерлермен, қаланың шет аумақтарын абаттандыру жағдайы және т. б. шешілмеген сұрақтар бар екенін жеткізді. «Елбасы мен ел Президенті елорданы дамыту жөнінде алдымызға үлкен міндеттер қойды. Қала тұрғындары бізге сенім білдіру үшін оларды бірлесіп күш-жігермен шешу керек» деп атап өтті қала басшысы. Депутаттар жаңа аудандарды салу кезінде олардың инфрақұрылымын әзірлеуге мұқият қарау талап етілетінін, бұл ретте құрылысқа жауапты барлық мекеменiң өзара іс-қимылының нақты тетігі бiр жолға қойылуға тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ олардың пікірінше, бюджетті жоспарлау кезінде халықтың ұсыныстары, қажеттіліктері мен мүдделері ескерілуі тиіс. Көптеген сұрақ саяжай алқаптары мен шеттерін абаттандыру бойынша туындаған. Кейбір тұрғын алаптарда тротуарлар, балалар алаңдары, жолдар, жылы аялдамалар, су бұру жүйелері жоқ. Сонымен қатар депутаттар халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету, көшелердегi кептелiстердi жою, тұрғын үйлерді салу кезінде энергия үнемдейтін технологияларды қолдану мәселелерін қозғады. Әкім барлық айтылған мәселелер кезең-кезеңмен шешілетіндігін атап өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды