«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бас қалада жасыл желек егілді

0 28

Нұр-Сұлтан қаласында «Бірге жасыл Қазақстан» шарасы аясында көгалдандыруға арналған сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікке шыққан елордалық тұрғындар арасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Президент Ботаникалық бақта ағаш отырғызып, сенбілікке қатысушылармен сұхбаттасты.
Жаппай ағаш отырғызу шарасына Премьер-министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, депутаттар, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, спортшылар және оқушылар қатысты.
Көгалдандыруға арналған сенбілік барысында Ботаникалық бақта 300 көшет отыр­ғызылды. Ал жалпы елорда көшелері мен саябақтарында 5 мыңға жуық ағаш егілді. Биыл күзде «Экологиялық сағат» шарасының шеңберінде еліміз бойынша қосымша 1 миллионға жуық көшет егілетін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды